4-сурет.Талшықтардың салыстырмалы беріктігі (11-сынып.Химия.2007 ж.)
Қазақстанда Қостанай жасанды талшық зауытында штапель
талшығы өндіріледі.
Желімдер, мастиктер және герметиктер. Біз алдыңғы полимер
материалдарынан түрлі пішінге келтіріп, әр түрлі бұйымдар алуға
болатынын білгенбіз. Полимер материалдарын алдын ала пішінге
келтірмей-ақ дайын заттың бетіне жұқа қабатпен жағып
әрлендіруге, сондай-ақ бос қуыс, тесіктерді, бұдыр бет-терді
нығыздап толтыруға да қолданады. Олардың қатарына
полимерлер
негізінде
жасалатын
желімдер,
мастиктер,
герметиктер жатады. Бұл заттар сұйық немесе аэрозоль түрінде
шығарылады. Оларды қажетті қорғалатын бетке жұқа қабатпен
жағады немесе шашырата әрлейді. Ол кепкен соң берік әрі қатты
болады.
Желімдер. Желімдер табиғи және жасанды болып екіге
бөлінеді. Табиғи желімдер өте ерте уақыттан белгілі. Адамзат
27
оларды өсімдіктер мен жануарлар майынан дайындаған.
Желімдеуге крахмал, каучук, целлюлоза, казеин, коллагенді
ертеден-ақ пайдалана білген. Ал жасанды желімдер көбіне
полимерлер не-гізінде алынады.
Табиғи желімдерді үш топқа бөледі: жануар текті, өсімдік
текті және минералдық желім. Олардың кемшілігі – ылғалға
төзімсіз, тез шіриді және жабыстырғыш қасиетін ұзақ уақыт
сақтай алмайды. Осындай себептерге байланысты майы алынған
сүтті іріту арқылы алынатын казеин желіміне оның сапасын
жақсарту үшін сілті немесе натрий тұзын қосады. Әкті-сілтілі
казеин желімінің құрамы шамамен мынадай: 100 г казеин, 20 – 30
г Са(ОН)
2
, 8 – 10 г NaOH, 300 – 400 г су. Оны дайындау үшін
құрауыштарды белгілі ретпен араластыру қажет: суда ісіген
казеинді алдымен сілтімен, одан соң сөндірілген әкпен біртекті
қоймалжың масса түзілгенше араластырады. Оларды сұйық
немесе ұнтақ түрінде шығарады. Жануар текті желімдер қатарына
казеин желімінен басқа глютин (тері құйқасынан әзірленеді),
альбумин (жануар қанынан әзірленеді) желімдері жатады.
Бұларды жекелей қолданғаннан гөрі аралас қоспасын пайдалану
тиімді. Сонда ағаш материалдарды жабыстыру сапасы артады.
Өсімдік текті желімдерге канадалық бальзам, крахмал,
декстрин, табиғи каучук, гуттаперча, ал минералдық желімдерге
– асфальт, битумдық негіздер жатады.
Желімдерді жасалу тегіне қарай негізінен үш түрге бөлуге
болады:
1. Органикалық текті желімдер: сүйектен (балық сүйегі, ұнтақ
сүйек),
сүйек
майынан,
казеиннен,
өсімдіктерден
(ұн,крахмал,декстрин), табиғи каучуктан (латекс) алынады.
2. Бейорганикалық текті желімдер силикат желімдер немесе
сұйық шыны деп те аталады.
3.
Синтездік
желімдер:
термореактивті
және
термопластикалық шайырлар мен эластомерлер (каучук)
негізінде жасалады.
Алғаш желім ретінде қолданыла бастаған полимер заттардың
қатарына карбинол мен бутвар-формальдегидтік (БФ) желімдерді
28 ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ
атауға болады. Қазірде олардың саны көбейді, жыл сайын жаңа
түрлері шығарылуда.
Тұрмыста
қолданылатын полимерлік байланыстырғыш
ерітінділердің органикалық еріткіштермен қоспасын әмбебап
желім деп атайды. Олардың негізгі қасиеттері: 1) әр түрлі
заттардың (қағаз, фарфор, шыны, тері, пластмасса, ағаш, металл,
әйнек сияқты және т.с.с.) бетіне жақсы жабысқақтығы; 2) тез
кебетіндігі; 3) әр түрлі созылғыш заттарды бір-бірімен біріктіруі;
4) суға беріктігі; 5) желімделген заттарға зиянсыздығы; 6)
организмге әсер ететін иісінің әлсіз болуы.
Желім күнделікті тұрмыста, медицинада, жеңіл және ауыр
өнеркәсіп
салаларында
кеңінен
қолданылады.
Мысалы,
нитрожелімдер аяқ киім фабрикаларында теріні теріге, матаны,
резеңкені, қатырма қағазды, киізді, керамика бұйымдары секілді
заттарды бір-біріне жабыстыру үшін қолданылады, бірақ
металдарды нашар жабыстырады. Қағаздарды жапсыру үшін
перхлорвинилдік, каучук негізіндегі желімдер; фанера мен
ағашқа жапсыру үшін поливинилацетаттық; шыныға – казеиндік,
фенолфор-мальдегидтік,
поливинилацетаттық
желімдер
пайдаланылады.
Бүгінде желімдеу әдісі қолданылмайтын шаруашылық саласы
жоқ. Мысалы, хирургияда сынған сүйектерді біріктіру үшін
эпоксидті
және
полиуретанды
шайырлар
қолданылады.
Сондықтан заттарды және әр түрлі бөлшектерді бір-біріне
желімдеу үшін барлығына ортақ мынадай ережелерді сақтау
керек: 1) бірімен-бірі желімделетін заттардың бетінен май
дақтарын, кір, тат, бұрынғы желім қалдықтарын тазалау; 2) ағаш,
металл, тастан жасалған бұйымдар бетін алдын ала зімпарамен
ысқылап таза-лау; 3) кәрлен, әйнек және резеңкеден жасалған
заттарды жылы сумен жуып, кептіріп, соңынан бензинмен жуу
қажет.
Желімделетін жер көзге оғаш көрінбеуі үшін желімге 8-10
пайыз мөлшерінде пигмент қосқан жөн. Желімді неғұрлым жұқа
жақса, заттар бір-біріне соғұрлым жақсы жабысады. Соңынан
желімделген заттарды бір-бірімен қатты қысып, ауыр салмақпен
бастырады, бұл жабыстыру сапасын жақсартады.
29
Мастиктер. Мастиктер деп заттың бетіне жағылатын
қорғағыш әрі әрлендіргіш рең беретін полимерлік негіздегі
заттарды айтады. Мастиктерді үлкен үш топқа бөледі: 1)
органикалық еріткіште дайындалған балауызды мастиктер; 2)
сулы мастиктер; 3) сулы-эмульсиялы мастиктер. Бұл үш
топтағылар қатты, паста және сұйық күйінде өндіріледі.
Органикалық еріткіш негізінде дайындалатын балауызды
мастиктер паркет едендерді өңдеп тазалау үшін қолданылады. Ол
негізінен бензин, скипидар, уайтспирит сияқты органикалық
еріткіште дайындалады. Оларды линолеум, пластиктерге қолда-
нуға болмайды, өйткені ерітіп жібереді. Бұлар жақсы жағылады
және жылтырайды, кемшілігі – жағымсыз иісі бар. Сулы
мастиктер концентрат түрінде шығарылады және басты
артықшылығы – негізділігі, пайдалану алдында суда ерітіледі.
Құрамында су кездесетіндіктен, оларды керісінше ағаш негізді
зат-тарға емес, линолеум мен пластиктерге қолданады.
Сулыэмульсиялы
мастиктердің құрамында органикалық
еріткіштің мөлшері шамалы болады. Сондықтан олар кез келген
бетті тазалауға жарайды. Олардың кейбіреулерінің құрамында
бактерицидті заттар болатындықтан, санитариялық-гигиеналық
пайдасы бар, бөлменің ауасын тазартады.
Құрылыста химиялық-технологиялық құралдарды нығыздау,
беріктігін арттыру үшін желімдегіш мастиктер қлданылады.
Мастиктердің барлық түрлері тұрмыстық заттарды, еденді,
жиһазды тазартып әрі жылтыратып, қорғаушы қабат түзеді.
Қазіргі кезде жиһаз бетіне шаң-тозаң жиналмауы үшін мастиктің
арнайы антистатик заттар қосылған жаңа түрлері, сондай-ақ
антикоррозиялық мастиктер және басқа түрлері шығарылуда.
Герметиктер – заттардың бетіндегі қуысты, тесікті, бос
орындарды бекітіп, нығыздау үшін полимер негізінде жасалған
заттар. Олар бұрыннан пайдаланылып жүрген қағаз, резеңке,
тығын, нығыздатқыштар орнына қолданылады. Мысалы,
автомобиль бөлшектерін нығыздау үшін, кейбір қуыстарын,
тесілген жерлерін бекіту үшін силиконды каучуктар негізінде
жасалған паста тәріздес герметиктер қолданылады.
30 ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ
Достарыңызбен бөлісу: |