Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


  Өндірістік  факторлардың  қолайсыз  әсерінің  алдын  алу



Pdf көрінісі
бет16/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

 2.  Өндірістік  факторлардың  қолайсыз  әсерінің  алдын  алу. 
Жұмысшылардың 
денсаулығын 
сақтау, 
кәсіптік 
зияндылықиардың  алдын  алу  үшін  бағыты  ұқсас,  бірақ  өндіріс 
түрлеріне  қарай  өзіндік  ерекшеліктері  бар  сауықтыру 
шараларының тұтас кешені жүргізіледі. Алдын алу шараларының 
кешеніне 
мыналар 
кіреді: 
заңнамалық, 
технологиялық, 
техникалық  және  санитарлық-техникалық,  ұйымдастыру,  емдеу 
алдын алу кешендері. 
  Заңнамалық  шараларға  өндірістік  факторларды  гигиеналық 
нормалау,  стандарттарды,  еңбек  жағдайын  сауықтыру  жөніндегі 
санитарлық 
ережелер 
мен 
ұсыныстарды 
дайындау, 
жұмысшылардың құқықпен бекітілген еңбегін қорғау жатады. 
  Технологиялық  шаралар  –  барлық  сауықтыру  шараларының 
ішіндегі  ең  тиімдісі.  Оларға  құрғақ  бұрғылауды,  шаңдануды 


 
 
36  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
едәуір 
азайтатын 
ылғалды 
бұрғылаумен 
алмастыру; 
пневмобалғалармен 
шегелеуді 
нүктелік 
дәнекерлеумен 
алмастыру  шу  дең-гейін  төмендетуге  мүмкіндік  береді; 
қалдықтарды қайталап пайдалану; қауіпті және зиянды химиялық 
қосылыстарды қауіптілігі аз қосылыстармен ауыстыру және т.с.с. 
жатады. 
  Техникалық 
және 
санитарлық 
шараларға 
өндіріс 
технологиясын  өзгертпей,  өндірістік  ортаның  зиянды  әсерін 
азайтуға  мүмкіндік  беретін  шаралар  жатады.  Оларға  өндірістік 
үрдістерді  механикаландыру  және  автоматтандыру,  улы  немесе 
шаңдататын  материалдарды  өңдейтін  жабдықтарды  саңылаусыз 
етіп  бекіту,  дыбыс  өткізбейтін  қаптамаларды  қолдану,  шулы 
бөлмелерде  акустикалық  экрандар  қолдану,  желдету  түрлерін 
пайдалану және т.с.с. жатады. 
  Алдын  алу  шараларының  ішінде  жеке  басты  қорғайтын 
құралдарды  қолдану  міндетті  болып  табылады.  Оларға  теріні, 
тыныс алу мүшелерін, көзді және т.б. қорғауға арналған әр түрлі 
құралдар кіреді. 
  Ұйымдастыру  шаралары  еңбекті  тиімді  ұйымдастыруға, 
жұмысшылардың  жұмыс  орнын,  дене  қалпын,  қимыл  - 
қозғалыстарын,  еңбек  және  демалу  тәртібін  оңтайландыруға, 
зиянды  факторлармен  жанасу  уақытының  ұзақтығын  шектеуге 
және  т.с.с.  бағытталған.  Мысалы,  тыйым  салынған  шектен 
аспайтын  діріл  деңгейінде  жұмыс  істеу  кезінде  жұмысшының 
дірілмен  байланыста  болу  уақыты  жұмыс  ауысымы  уақытының 
2/3  бөлігінен  артық  болмауы  тиіс.  Бұған  демалу  үшін  қосымша 
берілген  үзілістерді  енгізу,  өзара  алмасып  жұмыс  істей  алатын 
мамандары  бар  кешенді  бригадалар  құру  секілді  ұйымдастыру 
шаралары арқылы қол жетеді. 
  Емдеу-алдын  алу  шараларын  цех  дәрігері  және  өнеркәсіп 
жұмысшыларына  қызмет  көрсететін  медицина  мекемелерінің 
басқа 
да 
мамандары 
атқарады. 
Мұндай 
мекемелерге 
медициналық-санитарлық бөлімдер, дәрігерлік және фельдшерлік 
пункттер  секілді  денсаулық  сақтау  мекемелері  және  елді 
мекеннің  медицина  мекемелері,  емханалар,  ауруханалар, 
диспансерлер жатады. 


 
 
 
37
 
  Емдеу-алдын  алу  шараларына  мыналар  жатады:  науқастарды 
емханада  емдеу,  оларға  мамандардың  кеңес  беруі,  емдеу 
түрлеріне  жолдама  беру;  цехта  кенеттен  ауырған, жарақаттанған 
және  кәсіптік  улану  жағдайында  алғашқы  медициналық  жәрдем 
көрсету;  шипажайларда  емдеуді,  тамақтануды,  басқа  жұмысқа 
орналастыруды  қажет  ететін  науқастарды  анықтау;  кәсіптік 
ауруға  шалдыққандарды  еңбек  жағдайы  қолайлы  жұмысқа 
ауыстыру;  жалпы  және  кәсіптік  науқастарды  есепке  алу  және 
оларды талдау және т.с.с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет