Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет15/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
32  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
ІІ. ЭКОТОКСИКОЛОГИЯНЫҢ БАСҚА ҒЫЛЫМДАРМЕН 
БАЙЛАНЫСЫ 
 
 
 
1. Өндірістік факторлар, кәсіптік зияндылықтар және 
адамның денсаулығы. 
 
Еңбек  жағдайлары.  Адам  еңбек  ету  барысында  әр  түрлі 
факторлардың  әсеріне  ұшырайды.  Мұдай  факторлар  өзіндік 
патологияға –  кәсіптік ауруларға әкеп соқтырады. Еңбектің адам 
организміне  теріс  әсер  етуі,  олардың  алдын  алудың  ғылыми 
негіздері  мен  практикалық  шараларын  көр-сету  мәселелерімен 
еңбек  гигиенасы  айналысады.  Ол  өндірістік  орта  мен  еңбек 
үрдісінің  факторларын,  олардың  адам  ағзасына  әсерін  зерттеп, 
алынған  ғылыми  деректер  негізінде  халықтың  денсаулығын 
сақтау, кәсіптік аурулардың алдын алу шараларын көрсетеді. 
  Адам  организміне  өндірістік  орта  факторлары,  табиғи 
климаттық  факторлар  әсер  етеді.  Бұларға  қоса  биологиялық, 
химиялық,  физикалық  факторлар  және  әсер  етеді.  Биологиялық 
факторларға 
өндірістік 
үй-жайлар 
ауасындағы 
тірі 
микроағзаларды,  химиялық  факторларға  –  заттардың    буы  мен 
газдарын,  физика-лық  факторларға  –  өндіріс  орындарындағы 
агрегаттардан бөлінетін артық жылу секілді әсерлерді жатқызуға 
болады.  Физикалық  факторларға  өндірістегі  шу,  ультрадыбыс, 
діріл,  иондаушы  сәулелер,  барометрлік  қысым,  ауаның 
температурасы,  ылғалды-лығы,  козғалу  жылдамдығы,  жылу 
радиациясы, жарық деңгейі және т.с.с. қосылады. 
  Кез  -келген  аймақтағы  өндіріс  орнында  табиғи-климаттық 
факторлар  сол  ортаның  міндетті  құрам  бөліктеріне  жатады. 
Айталық, 
өндірістерде 
(металлургия, 
машина 
жасау 
зауыттарының  цехтары  және  т.с.с.)  ауа  температурасының 
жоғары  болатыны  баршаға  мәлім.  Ал,  кеме  жасау,  сыра  қайнату 
зауытта-рында,  тоңазытқыш  жасау  орындарында,  керісінше,  ауа 
температурасы  қыста  ғана  емес,  жазда  да  кейде  нөлден  төмен 
түсуі мүмкін. 
  Өндірістік  орта  мен  еңбек  үрдісі  факторларын  бір  сөзбен 
өндірістік  факторлар  немесе  еңбек  жағдайлары  деп  атайды. 


 
 
 
33
 
Өндірістік факторларды зиянды және қауіпті факторларға бөлуге 
болады.  Жұмысшылардың  денсаулығына  қолайсыз  әсер  ету 
олардың  еңбек  ету  қабілетінің  төмендеуінен,  кәсіптік  аурулар 
мен  уланулардың  дамуынан,  жай  патологиялардың  дамуы  мен 
күшеюінің  жиіленуінен,  ағзаның  қарсы  тұру  қабілетінің 
төмендеуінен,  ұрпақтар  денсаулығының  бұзылуынан  білінетін 
факторларды  зиянды  факторлар  деп  атайды.  Денсаулықтың 
шұғыл бұзылуын, тіпті, адамды өлімге душар етуі мүмкін зиянды 
фак-торларды қауіпті факторлар деп атайды. 
  Барлық  зиянды  факторларды  басқаша  сөзбен  кәсіптік 
зияндылықтар  деп  атайды.  Олардың  адам  ағзасына  тек  сол 
факторлардың  әсерінен  немесе  олардың  басым  әсер  етуі 
нәтижесінде  пайда  болатын  ауруларды  кәсіптік  аурулар  деп 
атайды.  Мұндай  аурулардың  екі  тобын  ажыратады.  Олардың 
бірінші тобына -сол ауруларға тән белгілердің дамуындағы басты 
немесе жетекші рөл бір ғана өндірістік факторға тиесілі болатын 
аурулар  жатады.  Мұндай  кәсіптік  ауруларға,  мысалы,  діріл 
ауруын, силикозды, сынаптан улануды жатқызуға болады. Екінші 
топқа  әр  түрлі  факторлардың  әсерінен  пайда  болатын,  бірақ 
нақты жағдайларда аурудың дамуында өндірістік ортаның белгілі 
бір  факторымен  себептік  байланысы  дәлелденген  аурулар 
жатады. 
Оларға 
мақта 
шаңымен 
байланысы 
болған 
жұмысшыларда 
дамыған 
кәсіптік 
бронх 
демікпесін, 
туберкулезбен  ауыратын  жануарлармен  жұмыс  істеген  мал 
дәрігерлерінің  кәсіптік  туберкулезін  және  басқа  ауруларды 
жатқызуға болады. 
  Барлық  кәсіптік  ауруларды  этиологиялық  белгілері  бойынша 
мынадай топтарға бөледі: 
  1.  Химиялық  факторлардың  әсерінен  туындайтын  аурулар: 
жедел  және  созылмалы  уланулар,  қатерлі  ісіктер,  аллергоздар, 
тері зақымданулары, 
  2.  Физикалық  факторлардың  әсерінен  туындайтын  аурулар: 
шу және діріл аурулары, жедел және созылмалы сәуле аурулары, 
катаракта, дененің қызуы мен қатты салқындауы және т.с.с. 


 
 
34  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
  3. 
Өнеркәсіптік  аэрозольдардың  әсерінен  туындайтын 
аурулар:  шаң  бронхиттері,  пневмокониоздар,  жоғарғы  тыныс 
жолдарының аурулары және т.с.с. 
  4. Еңбек үрдісі факторларының әсерінен туындайтын аурулар: 
үйлесімі  бұзылатын  невроздар,  моно  және  полинейропатиялар, 
құяң,  бурсит,  аяқ    көктамырларының  варикозды  кеңеюлері, 
күшейе беретін алыстан көрмеушілік, ларингит және т.с.с. 
  5.  Биологиялық  факторлардың  әсерінен  туындайтын  аурулар: 
әр 
түрлі 
инфекциялар 
мен 
паразиттік 
инвазиялар, 
саңырауқұлақтар тудыратын зақымданулар және т.с.с. 
  Өндірістік  факторлардың  өте  үлкен  концентрацияларында 
немесе  деңгейлерінде  бір  рет  әсер  еткеннен  кейін  немесе  бір 
ауысым  ішінде  бірнеше  мәрте  әсер  еткеннен  кейін  дамитын 
аурулар  жедел  кәсіптік  аурулар  деп  аталады.  Оларға,  мысалы, 
белгілі бір өнеркәсіптік удан улану жатады. 
  Өндірістік  факторлар  кәсіптік  ауруларға  ғана  емес,  сондай-ақ 
кең таралған гипертония, жүректің ишемия ауруына, невроздарға, 
баспа,  мойыниық  және  бел-сегізкөз  құяңы  сияқты  кәсіптік 
аурулардың  дамуына  себепші  болуы  мүмкін.  Мәселен,  қорғасын 
өндірісінде  жұмыс  істейтіндерде  артериялық  гипертензия, 
атеросклероздық өзгерістер жиі кездеседі. 
  Қолайсыз  өндірістік  факторлар  созылмалы  аурулардың 
ағымын  ауырлатуы  мүмкін.  Мысалы,  поллинозбен  ауыратын 
адамда  мақта  шаңымен,  басқа  да  өсімдік  тектес  аллергендермен, 
тітіргендіргіш  заттармен  байланыста  жұмыс  істегенде  аурудың 
маусымдық қозуы жиілейді және ұзарады, бронх демікпесіне жиі 
ауысатын құбылыстар қосылады. 
  Зиянды  факторлардың  әсеріне  бала  жаста  және  жастық 
кезеңде,  сонымен  қатар,  әйел  адамдарда,  әсіресе  жүктілік  және 
бала  емізу  кезеңдерінде  сезімталдық  жоғары  болады.  Кәсіптік 
зияндылықтар,  әдетте,  адамның  өзі  қолдан  жасаған  факторлар 
болып  табылады  және олардың  көбіне  ағзада  қорғанудың  тиімді 
бейімделу тетіктері жеткілікті қалыптаспаған. 
  Адамның денсаулығын сақтау, кәсіптік аурулардың алдын алу 
үшін  қауіпсіз  еңбек  жағдайларын  жасау  қажет.  Олар 
жұмысшыларға зиянды және қауіпті өдірістік факторлардың әсері 


 
 
 
35
 
болмайтын  жағдайда  немесе  олардың  деңгейі  гигиеналық 
нормативтерден  аспайтын  реттерде  қауіпсіз  болып  табылады. 
Аптасы-на  40  сағаттан  аспайтын  жұмыс  уақыты  (демалыс 
күндерінен  басқа  күндері)  еңбек  жағдайының  гигиеналық 
нормативтері  деп  аталады.  ХХ  ғасырдың  90-жылдарының 
басында еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар негізінде жаңа пән 
–  еңбек  медицинасы  пайда  болды.  Ол  медицинаның  аурулардың 
алдын  алу  және  емдеу  жөніндегі  бір  саласы  болып  табылады. 
Бүкіл  дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымының  жанындағы 
халықаралық  еңбек  ұйымының  анықтамасы  бойынша  еңбек 
медицинасының  мақсаты  жұмысшылардың  дене,  ішкі  сезімі, 
әлеуметтік  саулығын  сақтау;  еңбекке  байланысты  ауытқулардың 
алдын алу; жұмыс барысындағы қауіп-қатерлерден қорғау; әрбір 
жұмысшыны өзінің жұмысына бейімдеу болып табылады. 
  Еуропалық  елдер  қауымдастығында  еңбек  медицинасы 
қызметіне  кәсіптік  патология  жөніндегі  дәрігер  психолог, 
психотерапевт, 
еңбек 
гигиенасы 
маманы, 
өнеркәсіп 
эпидемиологі,  токсикология,  микробиология,  химия  мамандары, 
еңбек қауіпсіздігі жөніндегі инженер, еңбек медицинасы, еңбекті 
ұйымдастыру,  аурудың  алдын  алу  және  денсаулық  сақтау 
салаларындағы  ғылыми  зерттеулер  жөніндегі  мамандар  және 
басқалар кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет