40 ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ
көтеріледі, оның орнына төменгі жағына сырттан суық ауа енеді,
бұл ауаның қозғаласын күшейтіп, қыста өтпе желдердің түзілуіне
себепші болады.
Кейбір өндірістер (суық цехтар) арнайы қалыптастырылған
төменгі ауа температурасында жұмыс істейді (тоңазытқыштар,
кеме жасау өнеркәсібі, сыра қайнату зауыттарының ашыту
бөлімі, тез бұзылатын тағамдар сақталатын қоймалар және т.б.)
Мұндай цехтардағы ауа температурасы 0
0
С-ге жақын болуы
мүмкін.
Өндірістің сипатына қарай олардың кейбіреулерінде ауа
температурасының өзгерістері басым болса, басқаларында –
ауаның ылғалдылығы, үшіншілерінде барлық факторлар
кешенінде едәуір өзгерістер болуы мүмкін.
Микроклимат жағдайларының адам ағзасына әсер етуіне
қарай оларды қолайлы, рұқсат етілген, зиянды және қауіпті
микроклимат жағдайларына бөледі. Қолайлы жағдайлар жалпы
және жергілікті қолайсыз сезімдер болмайтын, жылу реттелу
механизмдерінің
зорығуы
аз
болатын
микроклимат
көрсеткіштерімен анықталады, ол бүкіл жұмыс ауысымы
бойында адам ағзасында қолайлы жылы жағдай сақталуын
қамтамасыз етеді. Рұқсат етілген жағдайлар денсаулықты
бұзбастан, жылы жағдайды салыс-тырмалы түрде тұрақты сақтап,
жылу реттейтін механизмдердің орташа дәрежеде жұмыс істеуін,
болар-болмас қолайсыз жылуды сезінуін, еңбек қабілетінің біраз
төмендеуін туғызады. Зиянды жағдайлар қолайсыз жылуды
сезінуімен, жылу реттеу механизмдерінің едәуір зорығуымен,
еңбек қабілетінің төмендеуімен, ағза жылуының тұрақтылығы
мен адам денсаулығының бұзылуымен сипатталады. Қауіпті
жағдайлар аз уақыт ішінде жылы жағдайдың күрт бұзылуына,
денсаулықтың нашарлап, ағзаның өлімге душар болуына әкеп
соқтырады.
Достарыңызбен бөлісу: