Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


  Қоршаған  ортаның  ластануы  ұғымы,  оны  ластаушы



Pdf көрінісі
бет40/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   122
     4.  Қоршаған  ортаның  ластануы  ұғымы,  оны  ластаушы 
заттардың  сипаттамасы.    Соңғы  20  –  30  жылдың  көлемінде 
қоршаған  табиғат  ортасының  ластануы,  әсіресе  химиялық 
элементтермен  ластануы  күрт  өсіп  кеткенін  арнаулы  зерттеулер 
дәлелдеп отыр. 
     Белгілі  бір  ортаға  жаңа,  оған  жат  физикалық,  химиялық  және 
биологиялық  агенттерді  енгізу  немесе  ортадағы  бұл  агенттердің 
көпжылдық  орташа  табиғи  мөлшері  деңгейінің  артуы  қоршаған 
ортаның  ластануы  болып  есептеледі.  «Табиғат  қорғау  жөніндегі 
түсіндірме сөздікте» (1995) «табиғат үшін оның тепе-теңдік күйін 
бұзатын және әдетте байқалатын нормадан тыс әдеттегі орнынан 
басқаша  жерде,  басқаша  уақытта  және  басқаша  мөлшерде 
кездесетін  нәрселердің  бәрі  ластануды  білдіреді»  деп  көрсетіл-
ген.  Басқаша  айтқанда,  ластану  табиғи  себептердің  салдарынан, 
сондай-ақ 
адамның 
шаруашылық 
әрекетінің 
әсерінен 
(антропогендік) де туындауы мүмкін. 
     Экология  тұрғысынан  қарағанда  ластану  дегеніміз  қоршаған 
ортаға  жат  компоненттердің  жай  енуі  ғана  емес.  Кез  келген 
жағдайда  бөгде  заттардың  енуі  экологиялық  факторлардың 
эволюциялық  қалыптасқан  режимдерін  өзгертеді,  ал  бұл  алмасу 
және  өнімдердің  түзілуі  процестерінің  бұзылуына  себепші 
болады.  Ластану  процесі  экологиялық  жүйелердің  азып-тозуына 
әкеп соқтырады. 
     Бүгінде  ластану  дегеніміз  тұтасымен  немесе  ішінара  адамның 
шаруашылық  әрекетінің  нәтижесі  болып  табылатын  қоршаған 
ортаның  қолайсыз  өзгеруі,  ол  жер  бетіне  келетін  энергияны 
жанама  немесе  тікелей  өзгертетін  фактор.  Мұндай  өзгерістер 
адам  организміне  тікелей  немесе  жанама  түрде,  ауылшаруа-
шылық  ресурстары,  су,  ауа  және  басқа  биологиялық  заттар 
арқылы  әсер  етуі  мүмкін.  Олар  сондай-ақ  адамның  өз 


 
 
 
87
 
меншігіндегі  бұйымдарын  табиғаттағы  демалу  жағдайларын 
нашарлату  арқылы  да  адамға  теріс  ықпалын  тигізе  алады. 
Ластанудың  қайсыбір  түрлері  экологиялық  уландыруға  әкеп 
соқтыруы мүмкін. 
     Осындай  келеңсіз  деректерді  беретін  және  қоршаған  ортаның 
улануға  дейінгі  жағдайын  туғызатын  экологиялық  қауіпті 
түрлерге мынадай өндірістер мен нысандарды жатқызуға болады: 
     −  атом  өнеркәсібі  (байытылған  ядролық  отын  өндіретін, 
радиоактивті  қалдықтарды  өңдейтін  және  сыртқа  шығаратын 
қондырғылар); 
     −  энергетика  (атом,  гидравликалық  және  жылу  электр 
стансалары, отынды жағатын ірі қондырғылар); 
     − қара және түсті металлургия (домна және мартен өндірісінің 
қондырғылары,  қара  және  түсті  металлургия  кәсіпорындары, 
машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындары); 
     −  химия  өнеркәсібі  (химия  комбинаттары,  асбест,  шыны 
минералдық тыңайтқыштар, пестицидтер өндірісі және т.с.с.); 
     − пайдалы қазбалар өндіру (мұнай мен газды қоса алғанда); 
     − мұнай мен газды, олардың өңделген өнімдерін тасымалдау; 
     − целлюлоза, картон, қағаз өндірісі; 
     − улы қалдықтарды тасымалдау, сақтау, көму; 
     − оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және зымыран отындарын 
өндіру; 
     −  мұнай,  мұнай-химия, химия  өнімдерінің, пестицидтердің ірі 
қоймалары; 
     − жол, теміржол құрылысы, әуежайлар; 
     −  ауылшаруашылық  (мал  шаруашылығы  кешендері,  құс 
фабрикалары, суару жүйелері); 
     − ірі су көздері, су қоймалары; 
     −  жеңіл  өнеркәсіп  (фабрикалар,  былғары  зауыттары,  бояу 
фабрикалары). 
     Ал  ірі  қалаларда  бұл  аталған  тұрақты  қауіп  көздерімен  қатар, 
автомобильдер  қоршаған  ортаны  ластайтын  заттардың  мөлшерін 
жыл санап ұлғайта түсуде. 
     Алматы  экологиясын  автокөліктер  ластауда.  Алматының  әуе 
бассейніне  жылына  237  мың  тонна  улы  заттар  бөлінеді. 


 
 
88  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
Мегаполис  атмосферасын  бәрінен  көп  автокөліктер  ластайды. 
Көліктерден  ғана  жылына  ауаға  189  мың  тонна  улы  заттар 
тарайды  екен.  Мамандар  қала  экологиясын  жақсарту  үшін 
автокөліктерді экологиялық таза отын түрі – сығымдалған табиғи 
газга ауыстыру керек дейді.  
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет