110 ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ
төзімсіз шыны тәрізді кесекке айналдырады. Шымкенттің
қорғасын зауытынан қалдық ретінде шығатын кальций арсенаты
өндірістің өз аймағындағы темірбетон шұңқырларда сақталады.
Қатты және өте қауіпті сұйық қалдықтарды зиянсыздандыру
үшін назар аударатын әдістердің бірі – биологиялық технология.
Оны адамдар ежелден қолданып келеді. Бұл әдіс адамға пайдалы
өнімдер алуға және қоршаған ортаны тазартуға тірі организмдер
мен биологиялық процестерді пайдалануға негізделген. Бүкіл
ауылшаруашылық өндірістері осы технологияны пайдаланады,
өйткені оның зор мүмкіншілігі бар. Микроорганизмдердің
көптеген түрлері кейбір органикалық заттарды сіңірумен қатар,
оларды зиянсыз түрге немесе пайдалы өнімдерге айналдыра
алады. Оның бір кемшілігі бұл әдістің қолданалуы ұзақ уақытты
қажет ететіндіктен, біршама шектелуде.
Бақылау сұрақтары
1. Биосфераның ластануын бағалау өлшемдері – критерийлері
қандай?
2. Биосфераның ластануын бағалайтын қандай мониторингтер
белгілі?
3. Экологиялық жағдайға гигиенаның қандай әсері болады?
4. Ауру туғызатын қандай факторларды білесіңдер?
5. Қаланың адам денсаулығына әсер етуінде қандай
айырмашылықтар бар?
6. Гигиеналық болжау дегеніміз не?
7. Ластаушы заттардың жуық мөлшері қалай анықталады?
8. Қалдықты және қалдықсыз технология нені білдіреді?
Достарыңызбен бөлісу: