116 ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ
Ксенобиотиктердің метаболизмі (заттар алмасуы), әдетте,
олардың белсенділігін төмендетеді – дезактивациялайды, оны
уытты заттардың жағдайында детоксикация деп атайды. Алайда
ксенобиотиктер метаболиттері кейбір жағдайларда, керісінше,
едәуір белсенділік көрсетіп, уыттылығы біршама күшейе түседі.
Организм клеткаларында, әсіресе бауыр клеткаларында
көптеген ксенобиотиктер (жартылай ароматты көмірсутектер,
канцерогендер, нитротуындылар, антибиотиктер) глутатионтран
сферазалармен
қосылады.
Мұндай
ксенобиотиктердің
белсенділігі аз болатындықтан, олар біртіндеп босайды да,
метаболизмге ұшырап, одан соң сыртқа шығарылады.
Тасымалдаушы АТФ-аза болып табылатын Р-гликопротеиннің
қызмет етуі – ксено-биотиктерді клеткадан шығарудың өте
маңызды жолы.
Организмге ксенобиотиктердің шамалы мөлшері енгенде
олардың детоксикациялануы әдеттегі жолмен – ферменттік және
ферментсіз өзгерудің көмегімен өтеді.
Ксенобиотиктердің
биологиялық
өзгеруі
барысында
супероксидті аниондар, сутектің асқын оксиді, органикалық
асқын оксидтер түзіледі, олар ксенобиотиктердің жанама әсерін
(мембраналардың
өткізгіштігі
бұзылуынан
клеткалардың
қырылуына дейін) туғызады. Мұндай әсер етуді антиоксиданттар
қолдану арқылы жояды, олар уыттылықты 10 есе төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: