Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


Х. ЭКОТОКСИКАНТТАР, ОЛАРДЫҢ ТОПТАРЫ



Pdf көрінісі
бет77/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   122
Х. ЭКОТОКСИКАНТТАР, ОЛАРДЫҢ ТОПТАРЫ, 
УЫТТЫЛЫҒЫ,  ҚОРШАҒАН ОРТА МЕН ТІРІ 
ОРГАНИЗМДЕРГЕ ТИГІЗЕТІН  ӘСЕРІ 
 
Ауыр металдар және қоршаған ортаның сапасы 
 
     1.  Ауыр  металдар  ұғымы,  олардың  қасиеттері  мен 
жіктелуі.  Адамзат  қоғамының  көптеген  шаруашылық  әрекетінің 
зиянды  салдарының  қатарында  ауыр  металдардың  қоршаған 
ортаны  ластауы  айрықша  орын  алады.  Бұлардың  қатарына 
жататын элементтер санын әр түрлі авторлар түрліше түсіндіреді. 
Қазір ауыр металдар тобына Д.И.Менделеев кестесіндегі атомдық 
бірлігі  50-ден  жоғары  40-тан  астам  химиялық  элементтер 
енгізілген.  Ғалым  Н.Реймерстің  жіктеуі  бойынша  тығыздығы  8 
г/см
3
-ден асатын металдарды ауыр металдар деп есептеу керек. 
     Ауыр  металдар,  әдетте,  аса  уытты,  мутагендік  және 
канцерогенді  әсері  бар,  биоаккумуляциялауға  қабілетті  болып 
келеді. 
     Олардың  негізгі  сипаттамаларына  мыналарды  жатқызуға 
болады: 
     −  организмге немесе қоршаған ортаға өтетін мөлшері; 
     −  әр түрлі формаларының қозғалғыштығы; 
     −  тірі организмдерде жинақталып, ұзақ сақталуға бейімділігі; 
     −  әр түрлі организмдер үшін түрлі уыттылығы. 
     Құрамында  металдар  кездесетін  заттар  көптеген  жолдармен 
таралады.  Мұндай  таралу  олардың  оксидтерінің  ұсақталып, 
топырақ  бетіне  қонуынан  басталып,  одан  әрі  биосферадан 
толығы-мен  жойылып  кетуіне  дейін  жанасатын  ортаға  көшуіне 
жалғасады.  Заттардың  биосферада  тасымалдануы,  ең  алдымен, 
ауа  және  су  деп  аталатын  «көлік  құралдарымен»  жүзеге 
асырылады. 
     Қандай  ортада  әрекеттесуіне  қарай  металл  –  организм 
қатынасының  мынадай  ортақ  механизмдері  бар:  гидролиз, 
фотолиз,  тотығу,  тотықсыздану,  басқа  формалар  түзу, 
микроорганизмдердің  әсерімен  ыдырау  және  т.с.с.  Ауыр 
металдардын  топырақтан  ортаға  тура  және  кері  көшуі  әр  түрлі 


 
 
 
155
 
ортаның  шекарасында  өтетін  процестерге  байланысты  өтеді. 
Олардың терең қабатқа өтуі жер асты суын ластап, айналаға қауіп 
төндіреді. 
     Көптеген 
ластауыш  заттардан  ауыр  металдардың  бір 
айырмашылығы 
– 
бұларға 
«өздігінен 
тазару» 
ұғымы 
қолданылмайды.  Сөйтіп,  барлық  процестер  нәтижесінде 
металдардың  судағы,  топырақ,  ауа,  азық-түлік  өнімдеріндегі 
концентрациясы  қайтымсыз  артып,  табиғи  орта  мен  биота 
ластанады. 
     Кез 
келген  тірі  организм  ауыр  металдар  иондары 
концентрациясының  артуын  бірден  сезеді,  әсіресе  тағамдарға 
қатысты ерекше айту керек. Мәселен, қорғасын секілді химиялық 
қауіпті  токсикант  организмдегі  қанға  еківалентті  Рh
+2
    түрінде 
өтеді. Ол негізінен эритроциттерге өтеді. 
     Қоршаған  ортадағы  ауыр  металдар  мөлшерінің  мынадай  екі  – 
экотоксикологиялық 
және 
биохимиялық 
(физиологиялық) 
аспектілері  бар.  Олардың  жоғары  концентрациясы  қоршаған 
ортаны  ластайды,  экожүйелерге  зиянды  әсер  етеді,  төменгі 
концентра-циясы  –  алмасу  процестерінде  маңызды  рөл 
атқаратындықтан,  микроэлементтер  ретінде  организмдер  үшін 
өмірлік қажеттілікке айналады. 
     Ауыр  металдардың  екіжақты  қасиеті  болатыны  туралы  да 
тоқталған  жөн  болар.  Мысалы,  ванадий  элементінің  барлық 
қосылыстары  уыттылығымен  белгілі.  Алайда  таяуда  оның 
қосылыстарының  тағы  бір  қасиеті  –  терапевтік  әсер  ететіні 
анықталады.  Бұл  металдың  ең  қарапайым  тұздарының  бірі  – 
ванадил сульфаты VOSO
4
  диабетке шалдыққан көптеген науқас-
тарға  үміт  сәулесін  сездірді.  Құрамында  ванадий,  селен,  хром 
және  С  витамині  бар  жаңа  бейорганикалық  қоспа  диабеттің 
асқынуын ішінара немесе толығымен қайтаратын болып шықты. 
     Хромның  «іздері»  инсулиннің  қызметіне  қатысатын  қабілетін 
көрсеткен – қандағы глюкозаның деңгейін реттейді, организмдегі 
майды «жағушы», яғни сарқа пайдаланушы ретінде әрекет  етеді. 
Хромның жеткіліксіздігі (ең аз дозасы тәулігіне 50 мкг) диабеттің 
тууына себепші болуы мүмкін. Алайда кез келген ауыр металдар 
секілді хромның – у болып саналатынын естен шығармау керек. 


 
 
156  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
    Таяудағы  ғылыми  зерттеулердің  бірі  −  мырыштың  протеиннің 
синтезделуі 
және 
жарақаттың 
жазылуы 
үшін 
қажетті 
антиоксидант  ретінде  әрекет  ететінін  көрсетті.  Ол  30-дан  астам 
энзимдердің  –  ферменттердің  әрекетімен  байланысқан,  көбею 
мүшелерінің  дамуы  үшін  өте  қажетті  элемент.  Ол  организмді 
қабынуға  душар  ететін,  сөйтіп  оны  көбею  қабілетінен  айыра 
алатын риновирустармен байланысқа түседі. 
     Соңғы  уақытта  өздігінен  пайда  болатын  онкопатологияны 
рационда микро және макроэлементтердің тапшылығымен байла-
ныстыруда.  Осыған  қатысты,  селен  және  басқа  микроэлемент-
тердің  организмнің  жалпы  қарсы  тұра  алу  қабілетін  ғана  емес, 
оның  радиацияның  жоғары  дозасынан  туатын  ауруларға 
төзімділігін  арттыратыны,  әр  түрлі  ісіктер  санын  азайтып, 
олардың  дамуын  баяулататыны,  сөйтіп  орташа  өмір  сүру  жасын 
ұзартатыны дәлелденген. Тағамның құрамына селенді, ламинария 
ұнтағын,  хлорелла  штамдарын  қосу  сәулеге  ұшырау  қаупін 
кемітеді. 
     Ауыр  металдар  организмге  тікелей  және  жанамалай  уытты 
әсер  етеді.  Бірінші  жағдайда  ферменттер  қатысатын  реакциялар 
тежеледі  де,  олардың  катализдік  әсері  кемиді  немесе  тоқталады. 
Жанама  әсер  етуде  қоректік  заттар  қабылдай  алмайтын  күйге 
көшіп, «ашыққан» орта пайда болады. 
     Ауыр  металдардың  барлығы  бірдей  биотаға  қауіпті  бола 
бермейді.  Уыттылығы,  таралғыштығы,  қоректік  тізбектерде 
жиналғыштығы  жөнінен  10  элементтен  сәл  астам  ғана  металдар 
ерекше  бақылауға  алынатын  биосфераны  басым  ластауыштарға 
жатады.  Олардың  қатарынан  сынап,  қорғасын,  кадмий,  күшән, 
мыс,  ванадий,  қалайы,  сурьма,  молибден,  кобальт,  никельді 
атауға  болады.  Бұлар  қауіптілік  дәрежесіне  қарай  үш  класқа 
бөлінеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет