158 ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ
өтуін атап көрсетеді. Ғалымдар құрлықтағы жоғары сатылы
өсімдіктерден атмосфераға жылына 300 ∙ 10
3
т мырыш
бөлінетінін есептеп шығарды. Жапырақты орманның 1 гектары
тропосфераға жылына 0,5 ∙ 10
9
т ұшқыш органикалық
қосылыстарды бөліп шығарады екен.
Атмосферадағы шығу тегі биологиялық ауыр металдардың
мөлшері көбіне қоршаған ортаның антропогендік жолмен
ластануына
байланысты
болады,
өйткені
өсімдіктердің
ұлпаларына ауыр металдар неғұрлым көп өтсе, олардың
буландыратын суы мен тіршілік әрекетінің өнімдері соғұрлым
көп ластанады.
Техногендік көздер барынша алуан түрлі болып келеді.
Олардың аса маңыздылары: қара және түсті металлургия
кәсіпорындары, көмір мен мұнай жағатын электр стансалары,
автокөліктер, мал шаруашылығы кешендерінің қалдықтары,
сарқынды су тұнбалары, минералдық және органикалық
тыңайтқыштар, тау-кен, химия өнеркәсібі және т.с.с.
Ауыр металдар техногендік көздерден қоршаған ортаға алуан
түрлі қосылыстар түрінде өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: