150 ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ
6.Органикалық және минералдық тыңайтқыштардың
мөлшерін есептеу. Минералдық тыңайтқыштарды шашу
мерзімдері мен әдістері. Тыңайтқышты тиімді пайдалану үшін
мынадай шарттар керек:
1) егістікке жүргізілген агрохимиялық тексеру нәтижесіне
сүйеніп, қандай тыңайтқыш және оның қанша мөлшерде
қажеттігін анықтау;
2) тыңайтқыш енгізудің (шашудың) тиімді әдістерін, қолайлы
мерзімін белгілеу;
3) тыңайтқышты басқа агротехникалық шаралармен дұрыс
ұштастыра енгізу;
4) тыңайтқышты қолданғанда мол түсім беретін дақылдар егу.
Дәнді дақылдар егістігінің әр гектарына азотты 30 – 100 кг,
фосфорды – 30 – 60 кг, калийді – 45 – 90 кг есебінен, ал
техникалық дақылдар егістігіне бұдан да көп минералдық
тыңайтқыштар қолданылады. Тыңайтқыш мөлшері топырақтың
түріне, дақылдың биологиялық ерекшелігіне, тағы басқа
жағдайларға қарай әр түрлі болады.
Тыңайтқыштар жерді жырту, культивациялау, тырмалау
кезінде топыраққа араластырылып, біркелкі және қатарларға,
өсімдік түбіне ұялай шашылады. Ұялай шашқанда тыңайтқыш
көп үнемделеді.
Бір гектарға енгізілетін тыңайтқыштың мөлшерін (әсерлі
затына байланысты) былай есептейді. Бір гектар жерге әсер етуші
заты бойынша 60 кг азот беру қажет болды делік, ал
шаруашылықта тек аммиак селитрасы ғана бар. Оның құрамында
азот 34 %. Сонда бір гектар жерге қанша аммиак селитрасын
қолдану қажет болар еді? Ол үшін 60-ты 100-ге көбейтіп, одан
шыққан санды 34-ке бөледі.
60 · 100 = 176,5 кг/га
34
151
Міне, бір гектарға әсерлі заты бойынша 60 кг азот беру үшін
176,5
кг
аммиак
селитрасын
сіңіру
қажет.
Басқа
тыңайтқыштардың да жұмсалу нормасын осылай есептеп
шығарады.
Тыңайтқыштар негізінен үш кезеңде қолданылады. Бірінші
кезеңі күзде сүдігер жырту кезінде, екінші кезең – көктемде
топырақ өңдеу немесе тұқым себумен бірге, ал берілмей қалған
тыңайтқыштар мөлшерін қалай да оларға өсіп-өну кезеңдерінде
үстеп қоректендіру арқылы қолданады. Бұл әдіс отамалы
дақылдар үшін біршама жақсы әсер етеді.
Тыңайтқыштарды қолдану барынша тиімді болуы үшін
мәдени дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін ғана ескеріп
қоймай, сонымен бірге тыңайтқыштардың қасиетін, олардың
түрлері мен әдістерін де есепке алады.
Фосфор тыңайтқыштары топырақта таралмай, бір жерде
жатып қалатынын ескеріп енгізілген кезде, оларды ылғалды
қабатқа, өсімдіктің тамыр жүйесі жайылатын араға түсуін
қадағалайды.
Азот тыңайтқышының тиімділігі көбінесе оны қолдану
мерзіміне байланысты болады. Қыстыгүні қар суы шайып кетпеуі
үшін азотты тыңайтқыштарды негізінен өсімдіктің өсіп-даму
кезеңінде сіңіреді.
Калий тыңайтқыштары да топыраққа тез таралмайды,
сондықтан оларды топырақты күзде өңдегенде, сонымен қатар,
өсімдіктің өсіп-даму кезеңінде қолданады.
Фосфор және калий тыңайтқыштарының жылдық мөлшерінің
көпшілік бөлігі күзде енгізіледі. Егер шаруашылықта азот
тыңайтқыштарының аммиак түрлері болса, онда жылдық
мөлшерінің шамамен 30 % жуығын өңделген топыраққа енгізеді.
Сүдігерге өңделген топыраққа минералдық тыңайтқыштармен
бірге органикалық тыңайтқыштардың да барлық мөлшері
енгізіледі.
Тұқым себер алдында тыңайтқыштар тұқыммен бірге қатар
аралықтарға және ұяларға сіңіріледі.
152 ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ
Тыңайтқыштармен үстеп қоректендіру өсімдіктердің өсіп-
даму
кезеңінде
жүргізіледі,
отамалы
дақылдар
суару
бороздаларын тартқан кезде бір мезгілде үстеп қоректендіріледі.
Үстеп қоректендіруге тыңайтқыштар қолдану мөлшері және
оны енгізу мерзімі әрбір дақылдың қоректену ерекшелігіне
сәйкес болады.
Үстеп
қоректендіруді әр түрлі дақылдарды өсірудің
агротехникасына сәйкес түрліше жүргізуге болады: біреулеріне
тыңайтқыштарды ерітінді күйінде қолданса, енді біреулеріне
өсімдік қатарларының арасындағы топырақты өңдеу кезінде
құрғақ тыңайтқыш түрінде енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |