2. Мұнай өнімдерінің қолданылуы. Мұнай – табиғи сұйық
отынның бірден-бір көзі. Одан авиация, автомобиль, дизель,
жылыту жүйесі отындарын бөліп алады. Мұнайды құрамындағы
көмірсутектердің қайнау температурасына қарай айдау арқылы
мынадай фракцияларға бөледі.
1. Бензин – 40 – 230
0
С-де айдалатын, құрамында С4-С12
көмір-тек атомдары бар көмірсутектер қоспасы.
2. Керосин – қайнау температурасы 180 – 300
0
С, құрамында
С
9
– С
16
көміртек атомдары бар көмірсутектер қоспасы. Бұлардан
ашық түсті мұнай өнімдері алынады.
Бензин авиациялық, автомобиль және басқа бензин түрлеріне
бөлінеді.
Керосин – жарықтандырушы, тракторлық, реактивтік түрлерге
бөлінеді және оның газойльмен қоспасы дизель отыны (С
13
– С
16
)
деп аталады.
Мұнайды айдаудың соңғы өнімі – мазут болады. Мазут – қара
түсті, тұтқыр, қоймалжың масса. Оны қайта өңдеу жолымен
әртүрлі жағармай (вазелин), соляр майы, машина майлары,
парафин алынады. Ең соңғы қалдығы – гудрон битум және
асфальт жол жасауға қолданылады.
Бензин ұшақтар мен автомобильдерге жанармай ретінде
пайдаланылады. Керосин тұрмыста, реактивті ұшақтарда, трактор
двигательдерінде, лигроин – дизель отыны ретінде және бензин
алуға қолданылады. Соляр майы – мотор жанармайы ретінде,
вазелин – медицина мен парфюмерияда, парафин – карбон
қышқылдарын, балауызшам жасауда пайдаланылады.
Мұнайдың фракциялары отын ретінде ғана емес, сонымен
бірге мұнай химия өнеркәсібінің шикізаты ретінде де
қолданылады. Олардан пластмассалар, бояулар, еріткіштер,
резеңке, жуғыш және дәрілік заттар алынады.