Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет92/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   122
     7.  Мұнай  шығару  өнеркәсібі  –  мұнай  және  сонымен  бірге 
алынатын газды өндіруді, мұнайды және мұнай өнімдерін құбыр 
арқылы  немесе  басқа    да  жолмен  тасымалдауды  қамтиды. 
Қазақстан  мұнай  мен  табиғи  газға  бай  елдердің  бірі.  Атырау 
өңірінде  мұнайдың  бірінші  фонтаны  1899  жылы  Қарашұңқыр 
барлау алаңында атқыланды, кейін 1911 жылы Доссор, 1915 жы-
лы Мақат,  1934 жылы  Ескене,  1935 жылы  Байшонас,  Қосшағыл, 
1938 жылы Сағыз, 1939 жылы Құлсары сияқты мұнай көздері іске 
қосылды.  1965  жылға  дейін  бізде  мұнай  тек  қана  Ембі 
бассейнінен  алынған.  1965  жылдан  бастап  Маңғыстау  кен  орны 
елі-мізді  мұнаймен  қамтамасыз  етіп  отырды.  Кейін  елімізде 
көптеген  мұнай  мен  газға  бай  кен  орындары  ашылды.  Қазір 
мұнай-газы  бар  ірі  кен  орындары  –  Теңіз,  Қарашығанақ,  Өзен. 
Каспий  ойпатындағы  кен  орындары  мен  Каспий  теңізінің 
қайраңындағы    мұнайдың  қоры  7  млрд  т  шамасында.  Тек 
Қарашығанақтың  (1979  жылы  ашылған,  450  км
2
  жер  көлемін 
алып  жатыр)  өзінде  21,3  триллион  м
3
    табиғи  газ,  644  млн  т  газ 
конденсаты, 189 млн т мұнай бар. 
     Арал  төңірегінде  де  мұнай  мен  газдың  үлкен  қоры  бар  екені 
анықталды. Оның бірі Торғай ойысының оңтүстігінде, Жезқазған 
қаласынан  оңтүстік-батысқа  қарай  230  км  қашықтықта 
орналасқан  Құмкөл  кен  орны.  Қызылорда  да  осы  кен  орнын 


 
 
184  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
игеруге  «Харрикейн  Құмкөлмұнай»  мемлекеттік  АҚ  және 
«Құмкөл-Лукойл»  қоғамы  құрылды.  Болжам  бойынша,  бұл 
жердегі  мұнайдың  қоры  350  млн  т  болса,  газдың  қоры  100  млрд  
м
3
. Мұнай мен газ қоры айтарлықтай, болашағы бар деп есептеуге 
болатын  кен  орындарына  Торғай,  Шу-Сарысу,  Зайсан-Алакөл 
аймақтары  да  жатады.  Мамандардың  бағалауына  қарағанда 
Каспий аймағы ХХІ ғ. мұнай мен газ беретін дүние жүзіндегі ең 
ірі  қамсыздандырушылардың  бірі  болатыны  анық.  Пайдасымен 
бірге мұнай өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері де 
аз  емес.  Қоршаған  ортаның  ластануы  іздеу-барлау  және  мұнай, 
газ  өндіретін  ұңғымалар  құрылысынан  басталады.  Бұл  кездегі 
ластауыш  көздерге  бұрғылау  қондырғыларында  орнатылған 
қозғалтқыштардан (дизель) шығатын түтіндер, азот пен көмір-тек 
оксидтері,  шаң,  бұрғылау  ерітінділері  және  т.б.  жатады.  Бұрғы 
мұнарасынан 800 м қашықтыққа дейінгі топырақ және өсімдіктер 
бұрғылау  сұйықтығымен  (құрамында  шамамен  20  хи-миялық 
реагент  болады)  ластанып,  зиян  шегетіні  ғылыми  түрде 
дәлелденген.  Мұнайды  алғанда  оның  табиғатқа  тигізетін 
зардаптары  мынадай:    1)  апатты  жағдайлардың  болуын  азайту 
мақсатында  көптеген  шаралар  қолданылуы  тиіс.  Мысалы, 
коррозиямен  күресудің  нәтижелі  жолдарын  іздестіру  және 
тасымалдау  құбырларын  жиі  тексеру,  жөндеу  жұмыстарын 
уақытылы  ұйымдастыру;    2)  мұнайды  жер  бетіне  шығару  үшін 
біраз  жер  ресурстарының  әр  түрлі  құрылыс  объектілерін  салуға 
айналымнан  шеттетілуі,  жердің  бұзылуы,  ластануы;    3)  
атмосфераның,  жер  бетіндегі  және  жер  астындағы  сулардың, 
топырақтың  ластауыш  заттармен  ластануы;    4)    мұнаймен  бірге 
жер  бетіне  жоғары  минералдық  судың  шығуы;   5)    бұрғылаудан 
шыққан қалдықтарды көму;  6)  мұнайдың төгілуі. 
    Негізінде мұнай шығаратын кәсіпорындар атмосфералық ауаға 
кері  әсерін  тигізеді.  Осы  өндірістен  шығатын  ластауыш  құрам 
бөліктерге  көмірсутектер  (48  %),  көміртек  оксиді  (33  %),  қатты 
заттар  (20  %)  жатады.  Осы  салада  мұнаймен  бірге  шығатын 
газдар әлі толығымен қолданылмайтын болғандықтан, жыл сайын 
оның  көлемінің  20  %-ы  пайдасыз  алауда  жағылады.  Сондықтан  
қоршаған  ортаны  ластаумен  қатар,  табиғи  ресурстар  ысырапта-


 
 
 
185
 
лады.  Осыған  байланысты  бұл  газдарды  пайдалану  жолдарын 
іздестіру  қажет.  Бұрғылайтын  қондырғылар  мен  магистральдық 
газ-мұнай  тасымалдайтын  құбырлар  кездейсоқ  апатты  жағдайға 
үшыратуы  мүмкін.  Осы  кезде  қоршаған  ортаның,  әсіресе  жер 
бетіндегі  сулардың  ластануы  орын  алады.  Апаттық  жағдай 
тууының  негізгі  себебі  −  тасымалдау  құбырларының  коррозия 
процесіне  ұшырап,  жарылуы  (90,5  %),  сонымен  қатар  құрылыс 
техникасының  осы  құбырларды  басып  езіп  кетуіне  немесе 
технологиялық  және  құрылыстық  ақаудың  болуына  да 
байланысты.  Мұнай  шығаратын  өндірістерде  басқа  өндіріс 
салаларына қарағанда су көп пайдаланылатындықтан, олардың су 
қоймаларына шығаратын ластанған сарқынды суларының көлемі 
де жеткілікті. 
 
Бақылау сұрақтары 
 
1.  Мұнай дегеніміз не? Оның физикалық қасиеттері қандай? 
2.  Мұнайдың құрамына қандай заттар кіреді? 
3.  Мұнайды айдау дегеніміз не? Ол қалай жүргізіледі? 
4.  Крекинг деген не? Оның қандай түрлері бар? 
5.  Мұнай өнімдерін  қалай тазартады? 
6.  Мұнай өнімдерінің қандай түрлері бар? 
7.  Мұнаймен ластанудың түрлері қандай? 
8.  Қазақстанның болашақта мұнай өндіру деңгейі қандай? 
9.  Мұнаймен ластанудың қандай қолайсыз әсері бар? 
10.  Мутагендік факторлар дегеніміз не? 
11.  Каспий теңізі өңірінің экотоксикологиялық күйі қандай? 
Оны қандай жақсарту жолдары бар? 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
186  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет