Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет89/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

     4.  Мутагендік  факторлар.  Мутацияның  пайда  болуы 
мутагенез,  ал  оның  нәтижесінде  пайда  болған  ағза  мутант  деп 
аталады.  Табиғи  жағдайда  мутацияның  өздігінен  пайда  болуы 
спонтанды  мутагенез,  ал  мутацияның  тәжірибелік  жолмен 
алынуы  жасанды  мутагенез  деп  аталады.  Мутация  түрлерінің 
пайда болуына әкелетін факторларды мутагендер деп атаймыз. 
     Физикалық  мутагендерге  радиациялық  мутагендер  жатады. 
Бұл  класс  негізінен  иондаушы  және  ультракүлгін  сәулелерді 
қамтиды.  Иондаушы  радиация  деңгейінің  көтерілуінен  басым 
мутация  саны  және  кемістігі  бар  нәрестелердің  туылу  жиілігі 
артады.  Мутагенді  иондаушы  сәулелер  қатарына  атом 
бомбасының  жарылуынан  түсетін  радиоактивті  шөгінділерді 
жатқызады. 
Жапонияның 
Хиросима 
және 
Нагасаки 
қалаларындағы  атомдық  жарылысқа  ұшыраған  атомдарда  әр 
түрлі  мутация  жиілеген,  оларда  лейкемия,  өкпенің,  сүт  және 
қалқанша  бездің,  ас  қорыту  жүйесінің  рак  аурулары  пайда 
болған.  1986  жылғы  Чернобыль  атом  электр  стансасындағы 
апаттан  кейін  қоршаған  ортаға  радиоактивті  заттардың  едәуір 
мөлшері бөлінген. Мұндай аймақтарда қатерлі ісік аурулары жиі 
байқалған. 
     Ультракүлгін сәулелер микроорганизмдер үшін күшті мутаген 
болып  есептеледі.  Мұндай  сәулелер  тері  клеткасында  сомалық 
мутацияның  түзілуіне  себепші  болады,  терісі  ақшыл  түсті 
адамдарда рак ауруын қоздыруы мүмкін. 
     Химиялық  мутагендер  табиғатта  кең  таралған.  Олар  адам 
организміне  тамақ,  су,  ауа,  дәрі-дәрмектер  арқылы  енеді. 
Қоршаған  ортаның  ластануына  қарай  мутагендердің  ауадағы, 
судағы және топырақтағы мөлшері жыл сайын артатыны белгілі. 
     Ауыл 
шаруашылығында  қолданылатын  пестицидтердің 
барлық  түрлерінің  (гербицидтер,  фунгицидтер,  инсектицидтер) 
және  нитраттардың  мутагендік  әсері  болатыны  дәлелденді. 
Өсімдіктерде және суда жинақталатын пестицидтер организмдегі 
му-тация  деңгейін  көтереді.  Минералдық  тыңайтқыштар 
нитраттардың шығу көзі болып саналады. 


 
 
180  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
     Көптеген  дәрілік  препараттардың,  әсіресе  олардың  жоғары 
концентрациясының  мутагендік  әсері  болатыны  анықталды. 
Мутагендік 
белсенділігі 
тексерілмеген 
жаңа 
дәрілік 
препараттардың қауіптілігін гикантон мысалы көрсетті. 
     Мутагенез  процесін  төмендететін  заттар  антимутагендер  деп 
аталады.  Оларға  200-дей  табиғи  және  жасанды  қосылыстар 
жатады. 
    Бірқатар  елдерде  кең  таралған  химиялық  заттармен  қатар, 
жаңадан  синтезделген  химиялық  қосылыстар  генетикалық 
тексеруден  өтеді.  Экперименттік  мутагенездің  жетістіктеріне 
сүйенген  осындай  зерттеулер  нәтижесінде  генетика  мен 
токсикологияның жаңа бағыты – токсикогенетика өмірге келді. 
    Биологиялық мутагендер. Вирустар, бактериялар, гельминттер, 
актиномиценттер,  өсімдік  сығындылары  клеткаға  еніп,  ДНҚ-ны 
өзгерте  алады.  Вирустардың  мутагендік  әсіресе  эпидемия  және 
пандемия  тұсында  күшейеді.  Сондықтан  мұндай  агенттердің 
организм үшін генетикалық қауіптілігін ескеру керек. 
     Агрономия  саласына  эксперименттік  мутагенез  негізінде 
бидайдың,  мақтаның  және  басқа  өсімдіктердің  жоғары  өнімді 
жаңа  сорттары  енгізілді.  Өсімдіктер  селекциясында  жасанды 
мутагенез  бастапқы  материалды  алу  үшін  жиі  қолданылады. 
Алынған мутанттар өсімдіктің жаңа сортын шығару үшін немесе 
будандастыру үшін пайдаланылады. 
     Эксперименттік  мутагенез  зиянкес  жәндіктермен  күрес 
жүргізудің  генетикалық  әдісін  жетілдіру  үшін  практикалық 
қолдану табуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет