182 ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ
физикалық-химиялық процестерді өзгертеді: судың беткі
қабатының температурасы көтеріледі, газ алмасуы нашарлайды,
балықтар ауып кетеді немесе қырылады.
Негізгі ластау көздері. Қазіргі Каспий теңізі – көптеген
антропогендік компоненттер келіп түсетін ақырғы бассейн.
Солтүстік Каспийде мұнай тасымалы, өнеркәсіп қалдықтары,
мұнай өңдеу өнеркәсібі және сарқындылары басты ластауыш
және экотоксикологиялық компоненттер болуда. Мұнда негізгі
ластауыш заттар теңізге өзен суымен келіп қосылады. Жыл сайын
Еділ өзенінің бассейніне құйылатын 2,5 м
3
тазаланбаған және
шартты түрде тазаланған 7 км
3
сарқынды суында мұнай
өнімдерінің шекті концентрациясы қалыпты жағдайдан 8 – 60 есе
артық болатыны тіркелген. Соңғы жылдары Шешенстанның
бұзылған инфрақұрылымының мұнайы мен қалдықтары түсетін
Терек өзенінен басқа Каспийге құйылатын өзендер суының
ластануы күшейе түскені байқалады.
Теңіз жолы арқылы мұнай тасымалдау да Каспий теңізі
айдынының ластануына себепші болуда, құрамында мұнай мен
мұнай өнімдері бар отын және тазартатын су теңізге түсіп,
ондағы тірі организмдерге қолайсыз әсер етеді.
Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану әсері. Қазақстан,
Ресей, Әзірбайжан, Түркменстанда мұнай кәсіпшілігінің
жүргізілуі Каспий теңізі айдынының ластануына «үлес» қосуда.
Достарыңызбен бөлісу: