Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


ЭКОТОКСИКОЛОГИЯЛЫҚ ТЕРМИНДЕР СӨЗДІГІ



Pdf көрінісі
бет114/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

ЭКОТОКСИКОЛОГИЯЛЫҚ ТЕРМИНДЕР СӨЗДІГІ 
 
     Абиотикалық  факторлар  –  өлі  табиғаттың  тір  организмдерге 
тікелей немесе жанама әсер ету қасиеттері. 
     Абсорбция – сұйықтықтың немесе қатты дененің газды немесе 
еріген затты сіңіруі; газдар абсорбциясы организм мен қоршаған 
орта арасындағы газ алмасуының негізі болып табылады. 
     Авитаминоз  –  іс  жүзінде  организмге  витаминнің  мүлде 
енбеуін сипаттайтын витамин тапшылығының бір түрі. 
     Автотрофты  организмдер  –  бұл  Күн  энергиясын  пайдаланып, 
бейорганикалық  заттан  органикалық  зат  түзетін  организмдер. 
Олардың  ішінде  фототрофтар  (өсімдіктер)  және  хемотрофтар 
(хемосинтездеуші бактериялар) бар. 
     Агроценоз  (агробиоценоз)  –  бұл  ауылшаруашылық  өнімдерін 
алуға  және  адамның  ұдайы  қолдауын  пайдалануға  арналған 
өсімдіктер,  жануарлар  және  микроорганизмдер  бірлестігі. 
Мысалы, егістік, бау-бақша, орман алқантары, жайылымдар. 
     Адам  экологиясы  –  антропоэкологиялық  жүйелердің  пайда 
болу, қызмет ету және даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым. 
     Адамды  қоршаған  орта  –  табиғат,  табиғи-антропогендік  және 
антропогендік  нысандардың,  құбылыстар  мен  процестердің 
жиынтығы. 
     Адаптация 
–  организмнің  немесе  кез  келген  басқа 
биологиялық  жүйенің  тіршілік  ортасының  өзгеру  жағдайларына 
бейімделу процесі: адамның бейімделу процесінің негізінде оның 
эволюциялық 
дамуы 
барысында 
қалыптасқан 
морфофизиологиялық өзгерістері жатады.  
     Адсорбция  –  қатты  дененің  немесе  сұықтықтың  беткі 
қабатының газдарды немесе еріген заттарды сіңіруі. 
     Азып-тозу  (деградация)  –  белгілі  бір  жүйелер  күйінің 
нашарлауына  әкеп  соқтыратын  кез  келген  процестер,табиғат 
ландшафтының  табиғи  немесе  антропогендік  жолмен  шөл  мен 
тақыр  жерге  айналуға  дейінгі  тозуы,  топырақ  құнарлылығының 
кемуі және т.с.с. 
     Алиментарлық  ауру  –  тағамда  белгілі  бір  қоректік  заттардың 
тапшылығына немесе молдығына байланысты туындайтын ауру. 


 
 
214  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
     Аллерген – аллергияны туғызатын зат немесе кез келген басқа 
агент. 
     Аллергия  –  организмнің  белгілі  бір  заттардың  немесе  өз 
ұлпалары  компоненттерінің  қайталама  әсеріне  сезімталдығы 
артуы түріндегі реакциясының өзгерген күйі. 
     Антимутагендер  –  олардың  клетка  ішіне  енуі  мутагеннің 
әрекетіне кедергі жасайтың биологиялық белсенді заттар. 
     Антиоксиданттар  –  молекулалық  оттекпен  тотығуға  жол 
бермейтін немесе оны баяулататын заттар. 
     Антропогеноз  –  бұл  адамның  пайда  болу,  биологиялық  түр 
ретінде қалыптасу процесі. 
     Антропогендік әсер – адамның қоршаған ортаға тікелей (жою, 
әкелу,  жерсіндіру)  және  жанама  (ландшафт  пен  оның  жекелеген 
компоненттерін  өзгерту,  жырту,  өнеркәсіптік  игеру  және  т.с.с.) 
жолмен әсер етуі. 
     Антропогендік ластану  – адамдардың шаруашылық әрекетінің 
нәтижесінде туындайтын қоршаған ортаның ластануы. 
     Антропогендік  факторлар  –  бұл  адамзат  қоғамы  әрекетінің 
табиғи  ортаның,  басқа  биологиялық  түрлердің  өзгеруіне  әкеп 
соқтыратын  және  тікелей  олардың  тіршілігін  айқындайтын 
формалары. 
     Антропоэкология  –  антропологиялық  әдістерді  пайдаланып, 
қоршаған  ортаның  әр  түрлі  жағдайларында  мекендейтін  адам 
популяциясының бейімделушілік өзгергіштігін зерттейтін ғылым. 
     Ареал 
– 
организмдердің 
(популяцияның, 
түрдің) 
систематикалық топтарының таралу аймағы. 
     Атмосфера – бұл Жер шарының газ немесе газ тәрізді қабығы. 
     Ауа райы – сағат, тәулік, апта секілді қысқа уақыт кезеңіндегі 
атмосфераның  жер  беті  қабатындағы  физикалық  қасиеттердің 
жиынтығы. 
     Аутоэкология  –  организмнің  (түрдің)  қоршаған ортамен  өзара 
қатынасын, 
ортаның 
организмдер 
морфологиясына, 
физиологиясына және мінез-қылығына әсерін зерттейтін ғылым. 
     Әлеуметтік  экология  –  адам  мен  қоршаған  орта  арасындағы 
өзіндік байланыстарды зерттейтін салалық экология. 


 
 
 
215
 
     Бәсеке – әрбір популяция өзге популяциядан қысым көріп, бұл 
оның  өсуі  мен  тіршілігін  сақтауына  теріс  әсер  ететін  өзара 
әрекеттің бір түрі. 
      Биогендік  зат  –  бұл  тірі  организмдердің  тіршілік  әрекеті 
нәтижесінде  түзілген  геологиялық  жыныстар  (тас  көмір,  әктас 
және т.с.с.) 
Биогенді  элементтер  -  организмдердің  тіршілік  үшін  кажетті 
кұрамдас бөлігі болып табылатын химиялық элементтер. Оларға - 
көміртегі, оттегі, сутегі, азот, күкірт, фосфор және т.б.жатады. 
     Биогеохимиялық  циклдер  –  бұл  химиялық  элементтердің  тірі 
заттың  белсене  қатысуымен  өлі  және  тірі  табиғат  арқылы  орын 
ауыстыруы және өзгеруі. 
     Биогеоценоз  –  бұл  жер  бетінің  белгілі  бір  тірі  және  өлі 
компоненттер құрамы бар біртекті учаскесі. 
     Биогеоценология  –  биогеоценоздар  немесе  экологиялық 
жүйелер туралы ілім. 
     Биодоза – терінің болмашы қызаруын туғызатын ультракүлгін 
сәуленің ең аз мөлшері. 
     Биокосты  зат  –  бір  мезгілде  тірі  организмдер  мен  өлі 
денелердің қатысуынан түзілетін зат (топырақ). 
     Биологиялық  өнімділік  –  бұл  белгілі  уақыт  бірлігі  ішінде 
аудан бірлігіндегі организмдер биомассасының өсімі. 
     Биологиялық ластану – белгілі бір бірлестікке жат және әдетте 
онда  кездеспейтін  немесе  болмашы  мөлшерде  ғана  кездесетін 
организмдер  түрлерінің  пайдаланылатын  экологиялық  жүйелер 
мен технологиялық құрылғыларға еніп кетуі. 
     Биологиялық  алуан  түрлілік  – жер  бетіндегі,  теңіздегі,  өзге  су 
экожүйелері  мен  экологиялық  кешендерді  қоса  алғандағы 
өсімдіктердің,  жануарлар  мен  микроорганизмдердің  барлық 
түрлері. 
     Биомасса  –  организмдердің  белгілі  бір  топтарының  аудан 
бірлігіне келетін масса немесе энергия бірліктерімен көрсетілген 
тірі заттың мөлшері. 
     Биосфера  –  ғаламшардың  тірі  ағзалар  тіршілік  ететін  жер 
бетіндегі «тіршілік» аймағы, кеңістігі. 


 
 
216  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
     Биота 
–  бұл  осы  аймақта  мекендейтін  және  осы 
биогеоценоздың  құрамына  кіретін  әр  түрлі  тірі  организмдердің 
жиынтығы. 
     Биоценоз  –  бұл  осы  ортаның  шегінде  бір-бірімен  өзара 
әрекеттесіп,  осы  арқылы  ерекше  тірі  жүйе  құрайтын  өсімдіктер, 
жануарлар  мен  микроорганизмдер  популяцияларының  өзара 
ұштасуы. 
     Бүкіл  дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымы  (ВОЗ)  –  қауіпті 
аурулармен  күрес  жүргізу,  халықаралық  санитарлық  ережелерді 
жасау  және  қоршаған  ортаның  санитарлық  күйін  жақсарту 
мақсатында  1946  жылы  құрылған  халықаралық  үкіметаралық 
ұйым. 
     Бірлестік  –  бірлесе  тіршілік  ететін  әр  түрлі  организмдердің 
жиынтығы,  бұлар  белгілі  бір  экологиялық  тұтастықты  білдіреді, 
мысалы, орман учаскесіндегі топырақ организмдері. 
     Генотоксиканттар  –  мутагендерді  қоса  қамтиды  –    геномда 
тұқым  қуалайтын  өзгерістер  туғызатын  шығу  тегі  әр  түрлі 
агенттер.  «Генотоксиканттар»  және  «мутагендер»  терминдері 
көбіне синонимдер ретінде пайдаланылады. 
     Генуыттылық (генотоксичность) – химиялық, физикалық және 
биологиялық 
факторлардың 
организмнің 
генетикалық 
құрылымдарына зақымдаушы әсер ету қасиеті. 
     Гетеротрофты  организмдер  –  тірі  органикалық  заттармен 
қоректенетін организмдер. 
     Гигиеналық  нормалау  –  қоршаған  орта  факторларының  адам 
организміне әсер ету қарқынының қауіпсіз шегін анықтау. 
     Гидрофилдер – ылғал сүйетін жануарлар. 
     Гигрофиттер  –  ауа  мен  топырақтың  ылғалдылығы  жоғары 
болатын  жағдайларда  өсетін  жер  беті  өсімдіктері.  Мысалы, 
шыңқетер,  қалуен,  тропиктік  шөптер,  папирус,  күріш, 
шықшылдық. 
     Гидатофиттер – бұл толығымен немесе толығымен дерлік суға 
батып тұратын су өсімдіктері. 
     Гидросфера  –  бұл  Жердің  су  қабығы,  мұхиттардың, 
теңіздердің,  су  нысандарының  (өзен,  көл,  батпақ,  бөген),  жер 
асты суы-ның жиынтығы. 


 
 
 
217
 
     Гидрофиттер  –  ішінара  суға  батып  тұратын  жер  беті-  су 
өсімдіктері. 
     Ғаламдық  проблемалар  –  тұтасымен  алғанда  әлемдік  маңызы 
бар табиғи-антропогендік немесе антропогендік құбылыстар. Бұл 
құбылыстың даму процесі ғаламдану, жаһандану деп аталады. 
     Ғаламдық  экология  –  тұтас  алғанда  биосфераны  зерттейтін 
кешенді  ғылыми  пән.  Оның  негізгі  міндеті  –  адам  әрекетінің 
салдарынан биосферада туындайтын өзгерістерге болжам жасау. 
     Демография  –  халық  санының  өсуі  және  осы  процестің 
қоғамдық-тарихи байланыстылығы туралы ғылым. 
     Денсаулық  –  организмде  аурудың  немесе  дене  кемістігінің 
жоқтығы  ғана  емес,  сондай-ақ  оның  тәнінің  толық  аман-есендігі 
мен салауаттылығы. 
     Дозиметриялық  бақылау  –  кәсіпорын  (атом  стансасы,  рентген 
кабинеттері)  қызметкерлерінің  иондаушы  сәулелердің  дозасын, 
сондай-ақ  қоршаған  ортаның  радиоактивті  заттармен  ластану 
деңгейлерін  ұдайы  өлшеп,  тіркеуді  және  бағалауды  қамтамасыз 
ететін шаралар жиынтығы. 
      Жалпы  экология  –  әр  түрлі  организмнен  тыс  тұрған 
жүйелердің  құрылысы  мен  қызмет  етуінің  негізгі  принциптерін 
зерттейтін ғылым. 
     Жерсіну  –    тірі  организмдердің  жаңа  табиғи  және  климаттық 
жағдайларға бейімделуі. 
     Жыртқыштық  –  бір  түрдің  өкілдері  келесі  түрдің  өкілдерін 
қорек  ететін  (жоятын)  өзара  қатынас  формасы,  яғни  бір 
популяцияның 
организмдері 
келесі 
популяцияның 
организмдеріне азық болады. 
     Зиянды  зат  –  қауіпсіздік  техникасы  талаптарының  бұзылуы 
кезінде  адам  организмімен  жанасудан  ауру  туғызатын  немесе 
денсаулықты  бұзатын,  осы  заманғы  зерттеу  әдістерімен 
анықталатын зат. 
     Зиянды  фактор  –  организмнің  жұмыс  қабілеттілігі  мен 
денсаулық күйіне кәсіби ауру пайда болғанға дейін теріс әсер ете 
алатын өндірістік фактор. 
     Иммунитет  –  организмнің  жұқпалы  және  басқа  агенттерді 
жұқтырмау қабілеті. 


 
 
218  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
     Канцероген  –  әсер  етуі  адамның  немесе  жануарлардың 
популяцияларында  ісіктің  пайда  болу  жиілігін  арттыратын 
немесе олардың даму кезеңін қысқартатын фактор. 
     Кәсіптік  ауру  –  негізінен  өндірістік  ортаның  немесе  еңбек 
әрекетінің қолайсыз әсерінің нәтижесінде пайда болатын ауру. 
     Климат  –  ауа  райының  белгілі  аумаққа  тән  көпжылдық 
режимі. 
     Климатотерапия  –  климаттың факторларды  емдеу  мақсатында 
пайдалану. 
     Консументтер  (тұтынушылар)  –  бұл  өсімдіктердің  бойында 
қорға  жиналған  органикалық  зат  пен  энергияны  қорытатын 
организмдер. Бастапқы немесе бірінші қатардағы консументтерге 
барлық  өсімдік  қоректі  организмдер  жатады.  Екінші  қатардағы 
консументтер  –  бұлар  шөп  қоректі  жануарларды  азық  ететін  ет 
қоректі  жануарлар  (жыртқыштар  немесе  паразиттер).  Үшінші 
қатардағы тұтынушылар – бұлар ет қоректі ағзаларды азық ететін 
ет қоректі организмдер (қараторғайды азық ететін  – қаршыға, ал 
ол бақаны азық етеді). 
     Ксенобиотик 
–  қоршаған  ортада  қалыпты  мөлшерде 
кездеспейтін  химиялық  бөгде  зат,  мысалы,  пестицидтер  немесе 
диоксиндер. 
     Ксерофилдер  –  қуаңшылықты  өңірлерде  тіршілік  ететін 
жануарлар (түйе, кемірушілер, көк шегіртке). 
     Ксерофиттер  –  ылғал  тапшылығы  сезілетін  өңірлерде  өсетін 
өсімдіктер. 
     Қайталама 
ресурстар  –  өндіріс,  тұтыну,  энергетика 
қалдықтары, олар кәсіпорындарда пайда болады және сол немесе 
басқа өндірісте қайталап пайдаланылуы мүмкін. 
     Қалдықсыз  технология  –  қалдықсыз  өнімдер  алуға  мүмкіндік 
беретін  технология  –  кез  келген  өндірістің  экологиялық 
стратегиясы. 
     Қалдықсыз  өндіріс  –  оның  барысында  қалдықтар  мөлшері 
барынша  азайтылып,  ақырғы  өнімдер  алынатын  процестің 
шартты атауы. 
     Қалдықтар – өнім өндіру немесе оны тұтыну барысында өзінің 
тұтынушылық 
қасиеттерінен 
айырылған 
шикізаттардың, 


 
 
 
219
 
материалдардың,  шала  фабрикаттардың,  басқа  да  бұйымдар  мен 
өнімдердің қалдықтары. 
     Қауіптілік  кластары  (ластаушы  заттардың)  –  1-класс  (төтенше 
қауіпті):  бензо  (а)  пирен,  күшән,  қорғасын,  сынап;    2-класс  (өте 
қауіпті):  азот  тотығы,  никель,  марганец,  күкіртсутек,  металл 
күміс,  формальдегид,  фторлы  сутек;    3-класс  (орташа  қауіпті): 
қаракүйе,  күкірткөміртек,  метил  спирті,  темекі;    4-класс 
(болмашы  қауіпті):  аммиак,  аммиак-карбамид  тыңайтқышы, 
боксит,  жербалшық  (глинозем),  темір-руда  жентегі  (окатыш), 
әктас, мыс-никель рудасы. 
     Қоректік  тізбек  –  тізбектегі  келесі  элементтің  өзінің 
алдындағы  элементті  азық  етуі  кезінде  тірі  организмдер 
қатарында энергия мен заттарды тасымалдауы. 
     Қоршаған  орта  –  белгілі  бір  организмнің  сыртында  тұрған 
және  онымен  өзара  әрекеттесетін  барлық  нысандардың, 
құбылыстар мен процестердің жиынтығы. 
     Қоршаған ортаны қарғау – Жер шарындағы тірі организмдерді 
қажетті  шамада  сақтауға  бағытталған  әкімшілік,  заңдық  және 
қоғамдық  шараларды  қоса  алғандағы  халықаралық,  өңірлік, 
мемлекеттік және жергілікті шаралардың жиынтығы. 
     Қоршаған  ортаның  сапасын  нормалау  –  ауа,  топырақ  және  су 
көрсеткіштерінің шекті шамаларын белгілеу. 
     Қышқыл  жаңбыр  –  атмосфераға  күкірт  диоксиді  мен  азот 
оксидтерінің  шығарылуынан  пайда  болады,  олар  атмосфера 
ылғалымен  қосылып,  күкірт  және  азот  қышқылын  түзеді. 
Осының  салдарынан  жауған  жаңбыр  мен  қар  қышқылданып 
түседі (рН-ы 5,6-дан төмен).  
      Ластану  –  адамға,  флора  мен  фаунаға  зиянды  әсер  ететін 
химиялық  немесе  биологиялық  агенттердің  табиғатқа  немесе 
антропогендік  ортаға  енгізілуі,  немесе  қарастырылатын  кезеңде 
ортадағы  агенттердің  көпжылдық  табиғи  орташа  деңгейінің 
көтеріліп кетуі. 
     Ластану  аймағы  –  бұл  белгілі  бір  уақыт  ішінде  адамдарға, 
өсімдіктер  мен  жануарларға    қауіп  төндіретін  зиянды  химиялық 
заттар  немесе  тұрақты  биологиялық  (бактериялық)  құралдар 
енгізілген аумақ. 


 
 
220  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
     Ластаушылардың 
жинақталуы  –  әр  түрлі  ортада  – 
атмосферада,  гидросферада,  топырақта  шығу  тегі  антропогендік 
алуан түрлі ластаушы заттардың жиналуы. 
     Ластауыш  –    қоршаған  ортаға  енетін  немесе  онда  өзінің 
әдеттегі  мөлшерінен  артып  кететін  кез  келген  табиғи  немесе 
антропогендік 
физикалық 
агент, 
химиялықзат 
немесе 
биологиялық у. 
     Ластаушылардың  уытты  әсері  –  организмді  уландыратын  улы 
әсер, токсикологияда мұндай зат у ретінде қарастырылады. 
     Литосфера  –  жер  қыртысын  және  жоғарғы  мантияны  қоса 
алғандағы Жердің беткі қатты қабығы. 
     Медициналық  география  –  әр  түрлі  аумақтағы  табиғат  және 
әлеуметтік 
жағдайлардың 
осында 
тұратын 
адамдардың 
денсаулығына тигізетін әсерін зерттейтін ғылым. 
     Мезофилдер  –  орташа  ылғалды  жерлерде  тіршілік  ететін 
жануарлар. 
     Мезофиттер  –  ылғалы  мол  болмағанымен,  айтарлықтай 
жеткілікті  жағдайларда  өсетін  өсімдіктер.  Бұлар  –  тропиктік 
ормандардағы  мәңгі  жасыл  ағаштар,  еменді  тоғайлар  мен 
суармалы  шабындықтардың  шөптесін  өсімдіктері,  көптеген 
мәдени өсімдіктер. 
     Мекендеу  ортасы  –  бұл  организмнің  айналасындағы  және 
онымен  тікелей  әрекеттесетін  өлі  және  тірі  табиғаттың  нақты 
жағдайларының жиынтығы. 
     Метаболизм  –  айналу,  өзгеру  –  1)  бұл  да  зат  алмасуы;  2) 
аралық алмасу, яғни клетка ішіндегі кейбір заттардың оған енген 
сәтінен  бастап  ақырғы  өнімдер  түзілгенге  дейінгі  өзгеруі. 
Мысалы,  белоктар  метаболизмі,  глюкоза  метаболизмі,  дәрлік 
препараттар метаболизмі. 
     Минералдар – бұлар Жерде өтіп жатқан физикалық процестер 
мен химиялық реакциялардың өнімдері болып табылатын табиғи 
қосылыстар. 
     Мониторинг  –  уақыт  пен  кеңістікте  ұзақ  уақыт  жүргізілетін 
тұрақты бақылаулар жүйесі. 
     Мутаген  –  мутацияны  туғызатын  кез  келген  агент  (қоршаған 
орта факторы). 


 
 
 
221
 
     Мутагенез – мутацияның пайда болу процесі. 
     Мутагендік  ластаушылар  әсері  –  организмде  мутациялық 
өзгерістер  туғызатын  әсер.  Химиялық  және  радиациялық 
мутагенез белгілі. 
     Озон қабаты – 10-15 км биіктік арасындағы атмосфера қабаты. 
     Озон 
«тесіктері»  –  Жер  шарындағы  озон  мөлшері  
айтарлықтай азайған кеңістік. 
     Орнықты  тепе-теңдік  –  бұл  жүйенің  сыртқы  факторлардың 
әсерімен ауытқуынан кейін бастапқы күйіне оралу қабілеті. 
     Особьтардың  өсімталдығы  –  бұл  жануарлардың  әрбір  түрге 
тән  эволюциялық  жолмен  қалыптасқан  төлдеу  қабілеті,  ол 
қалыпты жағдайларда табиғи өлімнің орнын толтырады. 
     Өлі  зат  –  бұл  тірі  заттың  қатысуынсыз  пайда  болатын  зат, 
мысалы, жанартау атқылауынан түзілетін тау жыныстары. 
     Өлімге  душар  ететін  доза  –  организмге  енетін  мөлшері  оны 
өлімге душар ететін зиянды агенттің ең аз мөлшері. 
     Өнім  –  бұл  организмдердің  белгілі  бір  уақыт  аралығында 
түзген  зат  мөлшері,  яғни  бұл  –  уақыт  бірлігі  ішіндегі  биомасса 
өсімінің  жиынтық  шамасы.  Өсімдіктердің  уақыт  бірлігі  ішінде 
түзген затының органикалық массасы бірлестіктің бастапқы өнімі 
деп  аталады.  Гетеротрофтар  массасының  уақыт  бірлігі  ішіндегі 
өсімі бірлестіктің қайталама өнімі болып саналады. 
     Пайдаға  асыру  (утилизация)  –  бұл  экологияда  кез  келген 
қалдықты  кәдеге  жарату,  пайдаға  асыру;  өңдеу  технологиялық 
процестерінің жиынтығы, олардың қоршаған ортаға зиянын жою 
және күйін жақсарту. 
     Пестицидтер  –  өсімдіктерді  зиянкестерден,  аурулардан, 
арамшөптерден қорғауға арналған улы химикаттар. 
     Популяция  –  белгілі  бір  аумақта  бірге  тіршілік  ететін  және 
өзара  еркін  шағылысып,  өсімтал  ұрпақ  бере  алатын  бір  түр 
особьтарының жиынтығы. 
     Популяция  өсімі  –  бұл  туылу  мен  өлім  арасындағы 
айрмашылық. Ол теріс өсім, оң өсім болуы мүмкін. 
     Популяция  саны  –  бұл  осы  аумақтағы  немесе  осы  көлемдегі 
особьтардың жалпы саны. 


 
 
222  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
     Популяция  тығыздығы  –  бұл  популяция  тіршілік  ететін 
кеңістіктің  аудан  бірлігіне  немесе  көлем  бірлігіне  келетін 
особьтарының орташа саны. 
     Продуценттер  немесе  өндірушілер  –  бұларға  бүкіл  жасыл 
өсімдіктер, көк-жасыл балдырлар жатады. Жасыл өсімдіктер Күн 
энергиясын  бойына  сіңіріп,  фотосинтез  процесінің  барысында 
оны  органикалық  заттардың  химиялық  байланыстарының 
потенциалдық энергиясына айналдырады. 
     Радиациялық  қауіпсіздік  –  адамдар  мен  қоршаған  ортаға 
иондаушы  ластау  көздерінің  әсерін  жоюға  немесе  шектеуге 
бағытталған шаралар жүйесі. 
     Радиациялық  мутагенез  –  радиоактивті  заттардың  әсерімен 
мутацияның пайда болу құбылысы. 
     Радионуклид  –  кез  келген  радиоактивті  атомдардың  жалпы 
атауы. 
     Радиоуыттылық  –  иондаушы  сәуленің  адам  организміне  әсер 
етуінен оны өлімге душар ететін қасиеті. 
     Редуценттер немесе бұзышылар – бұлар органикалық заттарды 
бұзып,  оларды  химиялық  элементтер  айналымына  қосатын 
организмдер. 
     Рұқсат  етілетін  тәуліктік  доза  –  жануар  мен  адамның  бүкіл 
тіршілігі  бойында  барлық  белгілі  критерийлер  бойынша 
айтарлықтай  зиянды  әсер  етпейтін  әлде  бір  химиялық  заттың 
күндізгі  мөлшері.  Ол  дененің  1  кг  массасына  миллиграммен 
көрсетіледі. 
     Рұқсат 
етілетін 
шекті 
деңгей 
(ШРД) 
– 
ШРК-ден 
айырмашылығы  –  мұнда  қоршаған  ортаны  шу,  радиоактивтілік, 
электрмагниттік сәуле секілді факторлар ластайды. 
     Рұқсат етілетін шекті концентрация (ШРК) – бұл  белгіленген 
норматив:  қоршаған  ортадағы  зиянды  заттардың  мөлшері; 
қоршаған  ортадағы  ластаушы  заттардың  экологиялық  қалыпты, 
максимум концентрациясы. 
     Рұқсат  етілетін  шекті  қалдық  (ПДВ) 
–  атмосфераға 
шығарылатын зиянды заттар. 
     Сәулелену  (радиация)  –  электрмагниттік  толқындардың 
немесе элементар бөлшектердің шығарылуы. 


 
 
 
223
 
     Селбесу  (симбиоз)  –  бұл  екі  серіктес    немесе  олардың  біреуі 
екіншісінен пайда көретін өзара қатынас формасы. 
     Синэкология  –  бұл  бірлестіктердің  немесе  биоценоздардың 
экологиясы,  популяциялар  мен  бірлестіктердің  ортамен  өзара 
қатынасын зерттейді. 
     Склерофиттер  –  сырттай  қурап  қалғандай,  кейде  түтікше 
тәрізді  ширатылған  жіңішке  немесе  ұсақ  жапырақты  өсімдіктер. 
Ылғалының 25 %-ына дейін айырылса да солмайды. 
Смог(улы  туман)  -  Смог  ағылшын  сөзі,  түтін  деген  мағынаны 
білдіреді. 
     Стресс  –  организмнің  қолайсыз  немесе,  керісінше,  өте 
жағымды  факторлардың  әсеріне  қайтаратын  жауабы  ретінде 
ширығу күйі. 
     Сукуленттер  –  әр  түрлі  мүшелерінде  жеткілікті  су  қорын 
сақтайтын шырынды өсімдіктер (кактус, алоэ, агава, қымыздық). 
     Табиғат  апаты  –  табиғат  жүйесінің,  табиғи-антропогендік 
немесе  антропогендік  жүйенің  орнықтылығынан  айырылуы,  бұл 
оның  ішкі  және  сыртқы  параметрлерінің  өзгеруінен  пайда 
болады. 
     Табиғат  ластану  –  әдетте,  адамның  араласуынсыз,  табиғат 
апаттары  (жанартау  атқылауы)  нәтижесінде  пайда  болатын 
ластану. 
     Табиғат  ресурстары  –  адамның  өмір  сүруіне    қажетті  табиғат 
жағдайларының  жиынтығы,  адамның  әр  түрлі  қажеттерін 
қанағаттандыру үшін тікелей немесе жанамалай пайдаланылатын 
қоршаған  табиғи  ортаның  аса  маңызды  компоненттері.  Оларға 
Жердің  күн  және  жылу    энергиясын,  су,  жер,  топырақ 
ресурстарын жатқызады және т.с.с. 
     Табиғатты  пайдалану  –  қоғамның  материалдық  және  мәдени 
мұқтаждықтарын  қанағаттандыру  мақсатында  қоғамдық  өндіріс 
процесінде табиғат қорларын пайдалану. 
     Табиғатты  тиімді  пайдалану  –  табиғат  ресурстары  мен 
жағдайларын үнемдеп пайдалануды қамтамасыз ететін әрекеттер 
жүйесі,  дамушы  шаруашылықтың  келешек  мүдделерін  ескере 
отырып,  оларды  еселеп  арттырудың  және  адамдардың 
денсаулығын сақтаудың барынша тиімді режимі. 


 
 
224  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
     Техногендік  әсер  ету  аймағы  –  өнеркәсіп  (шаруашылық) 
нысанының  айналасындағы  аумақ,  оның  ауа,  су  және 
геологиялық  ортасының  күйін  нашарлататын  факторлар  бар  деп 
есепте-леді. 
     Токсиканттар  –  тірі  организмдер  үшін  улы  болып  табылатын 
химиялық  заттар.  Олардың  қатарына  қоршаған  ортаға  өтетін 
көптеген ластауыштар, пестицидтер жатады. 
     Топырақ  –  бұл  құрлықтың  ауамен  жанасатын  борпылдақ  әрі 
жұқа беткі қабаты. 
     Төтенше  экологиялық  жағдайлар  (экологиялық  дағдарыс) 
аймағы  –  табиғат  ортасының  қолайсыз  өзгеруі  нәтижесінде 
халықтың  денсаулығы  мен  тұрмысына,  табиғи  экологиялық 
жүйелердің, өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық қорының 
күйіне қауіпті төнген өңір. 
     Трофиктік қатынас – бір биологиялық түр екінші биологиялық 
түрмен,  немесе  тірі  особьтармен,  немесе  олардың  өлі 
қалдықтарымен,  немесе  тіршілік  әрекетінің  өнімдерімен 
қоректенеді. Мысалы, жыртқыштар мен олардың жемтіктері. 
     Туу көрсеткіші – бұл белгілі бір уақыт аралығында популяция 
ішінде  пайда  болған,  туылған  особьтардың  (сондай-ақ 
жұмыртқаның, тұқымның) саны. 
     Туылу  –  көбею  процесінің  нәтижесінде  уақыт  бірлігі  ішінде 
пайда болған жаңа особьтар саны. 
     Түр  –  құрылысы  ұқсас  және  бір-бірімен  шағылысу  арқылы 
өсімтал ұрпақ бере алатын особьтардың жиынтығы. 
     Түрішілік  бәсеке  –  бір  түрдің  особьтары  арасында  пайда 
болады. 
     Тірі  зат  –  бұл  жүйелік  тәуелділігіне  қарамастан,  Жер  шарын 
мекендейтін тірі организмдер денелерінің жиынтығы. 
     Урбандалу (кенттену) – қалалардың өсіп, дамуы, елде, өңірде, 
әлемде  қала  халқы  үлесінің  артуы.  Ауылдық  жерлердің  қалаға 
тән сыртқы және әлеуметтік белгілерге ие болуы. 
     Урбоэкология  –  экологиядағы  жаңа  бағыт,  урбандалған 
ортадағы адам, табиғат аясындағы елді мекендер, қоршаған орта 
мен  адам  арасындағы  алуан  түрлі  тікелей  және  кері 


 
 
 
225
 
байланыстарды  зерттеу  нысандары  болып  табылатын  білім 
саласы. 
     Уытсыздану (детоксикация) – әр түрлі табиғат нысандарының 
ластаушы  заттардың  улы  әсерінен  толық  арылуына  немесе  оны 
әлсіретуге жеткізетін тәсілдердің жиынтығы. 
     Уыттылық  –  улылық,  кейбір  химиялық  элементтердің, 
қосылыстар мен биогендік заттардың организмге зиянды әсер ету 
қабілеті. 
     Уытты 
заттар  –  өнеркәсіптік  авариялар  жағдайында 
физикалық және химиялық қасиеттері  қауіп төндіретін заттар. 
     Фитофагтар – өсімдіктермен қоректенетін организмдер. 
     Фитоценоз 
–  бұл  өсімдіктер  бірлестігі,  бір-бірімен, 
жануарлармен  және  қоршаған  ортамен  күрделі  қарым-қатынаста 
тұрған 
айтарлықтай 
біртекті 
учаскедегі 
өсімдіктер 
организмдерінің жиынтығы. 
     Химиялық  мутагенез  –  мутацияның  пайда  болу  құбылысы, 
яғни 
химиялық 
поллютанттардың 
әсерімен 
ДНҚ 
молекулаларының химиялық құрылымының өзгеруі. 
     Экология  –  өсімдіктер  мен  жануарлар  организмдерінің 
қатынасы және олар түзетін бірлестіктердің өзара және қоршаған 
ортамен қатынасы туралы ғылым. 
     Экологиялық  апат  аймағы  –  шаруашылық  және  басқа 
антропогендік  әрекеттің  нәтижесінде  халықтың  денсаулығына, 
табиғаттың  тепе-теңдігіне,  экологиялық  жүйелерге,  фауна  мен 
флораға айтарлықтай нұқсан келтірілген өңір. 
     Экологиялық  дағдарыс  –  адамзат  пен  табиғат  арасындағы 
өзара  қатынастың  шиеленіскен  қайтымды  күйі,  мұнда  адамзат 
қоғамындағы  өндіргіш  күштер  мен  өндірістік  қатынастар 
биосфераның экологиялық мүмкіндіктеріне сәйкес келмейді. 
     Экологиялық  жүйе  –  бірлесе  тіршілік  ететін  организмдер  мен 
олардың  тіршілік  ету  жағдайларының  жиынтығы,  ол  бір-бірімен 
өзара заңды байланыста болатын және өзара байланысты тіршілік 
құбылыстары мен процестерінің жүйесін түзеді. 
     Экологиялық  қауіпсіздік  –  әрбір  жеке  адамның,  қоғамның, 
мемлекет  пен  қоршаған  ортаның  шамадан  тыс  экологиялық 
қауіптен қорғану күйі. 


 
 
226  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
     Экологиялық  мониторинг  –  антропогендік  факторлардың  әсер 
етуімен  қоршаған  табиғат  ортасы  күйінің  өзгеруін  бақылаудың, 
бағалау  мен  болжаудың  кешенді  жүйесі.  Бақылаудың  көлеміне 
қарай  ғаламдық,  өңірлік  және  жергілікті  мониторингті 
ажыратады. 
     Экотоксикант – тірі организмдердің ұлпаларында жинақталып, 
қоректік тізбектің төменгі буындарынан жоғарғы буындарына өте 
алатын  орнықты  уытты  зат.  Оларға  хлорорганикалық 
пестицидтер, бифенилдер, диметилсынап жатады. 
     Экологиялық 
пирамида 
– 
экологиялық 
жүйедегі 
продуценттердің,  консументтер  мен  редуценттердің  санымен 
(сандар пирамидасы), биомассасымен (биомассалар пирамидасы) 
немесе  энергиясымен  (энергия  пирамидасы)  бейнеленген 
арақатынасының графиктік көрінісі. 
     Экологиялық  факторлар  –  бұл  қоршаған  ортаның  организмге 
әсер ететін жекелеген компоненттері немесе элементтері. 
     Экотоксикология  –  экожүйелердің  құрамына  кіретін  тірі 
организмдер  мен  биоценоздарға  әсер  ететін  химиялық  уытты 
заттарға  байланысты  пәнаралық  ғылыми  бағыт.  Ол  қоршаған 
ортаға  түсетін  зиянды  заттардың  көздерін,  олардың  ортаға 
таралуы  мен  өзгеруін,  тірі  организмдерге  әсерін  зерттейді.  Ал 
адам биологиялық нысандардың ең жоғары нысанасы болуда. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
227
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет