210 ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ
25 %-ы келуі тиіс. Түскі ас тәуліктік рационның энергетикалық
құндылығының шамамен 40 – 50 %-ын қамтығаны жөн. Ет,
балық, бұршақ секілді белоктары мен майлары көп тағамдар
негізінен күндіз ішетін тағамдарға қосылуы тиіс. Кешкі асқа
тағамның тәуліктік калориялылығының 15 – 20 %-ы бөлінеді. Ол
оңай қорытылатын, жүйке жүйесін қоздырмайтын сүт өнімдері
мен өсімдіктер текті азықтардан тұруы қажет, оны ұйықтаудан
кемінде 2,5 – 3 сағат бұрын ішу дұрыс. Мектеп жасына дейінгі
балалар, егде адамдар үшін тәуліктік рацион шамамен біркелкі
бөлінеді: таңертеңгі ас – 25 %, түскі ас – 30 %, түстен кейінгі ас –
20 %, кешкі ас – 25 %. Ал төрт рет тамақтану режимінде 30 % –
таңертеңгі асқа, 45 – 50 % – түскі асқа, 20 – 25 % – кешкі асқа
бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: