Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет111/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

     3.  Ауыз  су  экологиясы.  Халықты  сапалы  ауыз  сумен 
қамтамасыз  ету  –  Қазақстандағы  өзекті  мәселелердің  бірі. 
Еліміздің көптеген облыстарында қала және ауыл халқының ауыз 
сумен  қамтамасыз  етілуі  50  %-дан  аспайды.  Оған  қоса,  ауыз 
судың  сапасы  ұлттық  және  халықаралық  стандартқа  сай  емес. 
Барлық 
дерлік 
гидротехникалық 
құрылыстар, 
бөгендер, 
қоймалардың техникалық күйі нашар. Олардың көпшілігі күрделі 
жөндеу жүргізуді қажет етеді. Мұның айқын мысалы таяуда ғана 
бірқатар  адам  және  мал  өліміне,  тіпті  тұтас  ауылдың  жойылып 
кетуіне әкеп соқтырған «Қызылағаш», «Орал» проблемасы десек 
жетіп  жатыр.  Бұл  трагедияның  экономикалық  шығыны  мил-
лиардтаған  теңгемен  есептелсе,  олардың  экотоксикологиялық 
зардаптары назардан тыс жатыр. 
     Республикадағы 
көптеген 
су 
құбырлары 
санитарлық 
тексеруден  өте  алмайды.  Бұл  көрсеткіш  Жамбыл  облысында  89 
%,  Павлодарда  –  57  %,  Шығыс  Қазақстанда  –  55  %,  Батыс 
Қазақстанда  –  46  %,  Алматыда  –  50  %  құрайды.  Кейбір 
аудандарда  су  көздерін  қорғайтын  санитарлық  аймақтар  жоқ, 
халқы  тазартылмаған  суды  пайдаланып,  түрлі  дерттерге 
шалдығуда. 
     Қазір  қалалардың  әрбір  тұрғынына  тәулігіне  167  л  су 
жұмсалады.  Бірақ  Алматы  облысында  бұл  шама  206  л,  ал 
Қызылорда және Атырау облыстарында  – тек 120 л болып отыр. 
Өзге облыстарда көрсеткіш кеми береді – Маңғыстау облысында 
25 л-ге дейін төмендейді. 
     Ауыл  халқын  ауыз  сумен  қамтамасыз  етудің  себептері 
жеткілікті:  табиғи  су  көздерінің  жоқтығы,  су  құбырларын 
төсеудің  қымбаттығы,  электр  энергиясы  құнының  жоғарылығы, 
су  тартатын  құрал-жабдықтардың  тапшылығы,  су  көздерінің 
ластануы...  Ал  осындай  қиындықтарға  табиғи  күштердің 
зардаптары  мен  адамның  есепсіз  жүргізілетін  коммерциялық, 
шаруашылық  әрекетінің  қосылуы  ауыз  су  тапшылығын  үдетіп 
барады. 
 
 
 


 
 
 
209
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет