47
Дірілдің адам ағзасына зияны. Ағзаға әсер ету нүктеріне қарай
жергілікті (пневматикалық шойбалғамен жұмыс істеу) және бір
мезгілде бүкіл ағзаға әсер ететін жалпы діріл белгілі. Оның ағзаға
ұзақ уақыт әсер етуінен діріл ауруы пайда болады.
Жергілікті дірілдің әсерінен 5 – 7 жылдан кейін діріл ауруы
біртіндеп дамиды. Мұнда қан тамырларында, бұлшық ет
жүйесінде, мида, жұлында өзгерістер туады.
Дірілге байланысты аурулар алдыңғы орындардың бірінде
тұр. Дірілдің шамасы да нормаланады. Мысалы, діріл деңгейі 12
дБ-ден артқанда қол аспаптарымен жұмыс істеу уақыты 30
минутқа дейін қысқартылады. Қауіпті діріл сақталатын жағ-дайда
жұмыс істейтіндер үшін арнайы жұмыс режимі белгіленген.
Оларға жұмыс ауысымы басталған соң 1-2 сағаттан кейін
ұзақтығы 20 минуттық және түскі үзілістен кейін 2 сағаттан соң
30 минуттық үзіліс беріледі. Дірілдің бір реттік үзіліссіз әсер ету
ұзақтығы 10-15 минуттан аспауы тиіс. Сондықтан дірілдің әсер
ету уақытын азайту үшін жұмысшылары бірнеше мамандықты
меңгерген, бірін-бірі ауыстыра алатын жұмыс бригадалары
құрылады.
Мұндай салада еңбек ететіндерге жеке басты қорғайтын
құралдарды қолдану міндетті болып табылады. Оларға дірілге
қарсы қолғаптар, аяқ киім, ұлтан, тізеліктер, кеудешелер,
белбеулер мен арнайы костюмдер жатады.
Діріл пайда болатын жұмысқа жасы 18-ге толмағандар
жіберілмейді, гипертония, артерия, стенокардия, неврит,
омыртқа, остеохондроз, есту мүшесі аурулары бар адамдар
мұндай жұмысқа қабылданбайды.
Достарыңызбен бөлісу: