Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


- сурет. Алматы қаласы маңындағы өзендердің ластануы



Pdf көрінісі
бет41/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

11- сурет. Алматы қаласы маңындағы өзендердің ластануы 
 
Алматы  алдағы  1  –  2  жылда  бүкіл  қоғамдық  көлікті 
экологиялық  таза  отын  түріне  ауыстырмақ.  Бұл  бағытта  бүгінде 
алғашқы  қадам  жасалған.  Қала  әкімдігі  мен  Еуропа  қайта  құру 
банкі  арасында  жасалған  келісімшарттың  негізінде  шаһарымыз  
газбен жүретін 200 жаңа автобус сатып алып, муниципалды парк 
құрған  болатын.  Қазір  муниципалды  парктің  50  ав-тобусы  қала 
жолдарына  шықты.  Қалған  150  автобус  өз  жұмысын  бастауы 
керек. 
     Қоғамдық  көліктермен  қатар,  жеке  автокөліктер  де  біртіндеп 
газға  ауыстырылатын  болады.  Бұл  жөнінде  қала  әкімінің  сөзіне 
қарағанда,  «Алматы»  аймақтық  даму  әлеуметтік-кәсіпкерлік 


 
 
 
89
 
корпорациясы»  АҚ  алдағы  бірер  жылда  100  мың  жеңіл 
автокөлікті  табиғи  газға  көшіру  жөнінде  жоба  әзірлеген.  Бұл 
мақсатта  әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорациясының  жанында 
арнайы  шағын  несиелендіру  ұйымы  құрылған  болатын.  Бұл 
мекеме  өз  автокөліктерін  газға  ауыстыруға  ниет  білдірген 
жүргізушілерді  несиелендіретін  болады.  Несие  мөлшерлемесі  8 
пайыздан аспайды. 
     «Алматы» 
аймақтық 
даму 
әлеуметтік-кәсіпкерлік 
корпорациясы»  АҚ  жұмысының  келесі  маңызды  бағыттарының 
бірі  –  мемлекеттік  жеке  серіктестік  принциптерінің  негізінде  газ 
құю  стансаларының  құрылысын  жүзеге  асыру  болып  келеді. 
Қазір  қалада  муниципалды  парктің  ішінде  алғашқы  газ  құю 
стансасы ашылған. Енді мұндай стансалар жүйесін қала бойынша 
ашу  міндеті  тұр.  Бұл  үшін  қала  әкімі  бизнесмендерге  үндеу 
тастап,  газ  құю  стансаларын  салу  үшін  ӘКК-мен  жұмыс  істеуге 
шақырды. 
     «Қалада  бүкіл  көлік  газға  ауысатын  болады.  Сондықтан,  газ 
құю  стансаларын  ашу  керек.  Бұл  өте  тиімді  бизнес, 
айналыссаңыздар ұтылмайсыздар», – деді қала әкімі. 
     Бүгінде  экологиялық  таза  көлік  түрлерінің  бірі  –  троллейбус, 
трамвайға  да  ерекше  назар  бөлінуде.  Биыл  қала  әкімдігі  ЕҚҚБ 
бөлген  36  миллион  теңгеге  200  жаңа  троллейбус  сатып  алған 
болатын. Бұдан басқа, А 
лматы қаласы жеңіл электр көлік жүйесін дамыту жөнінде үлкен 
жобаны  жүзеге  асыра  бастады.  Жобаға  сәйкес,  қалада  шағын 
пойыз  тәрізді  6  –  7  метрлі  трамвайлар  жүретін  болады.  Сондай-
ақ,  Алматы  метрополитенінің  бірінші  кезегі  іске  қосылуы  керек. 
Бұл  да  қала  экологиясының  жақсаруына  өз  әсерін  тигізетін 
болады. Себебі, метро – әлемдегі ең тиімді әрі экологиялық таза 
көлік түрлерінің бірі болып келеді.(газет Атамекен2011). 
     Адам  организміне  түрлі  азық-түлікпен  бірге  енетін  заттардың 
пайдасымен  бірге  зиянды  жақтары  да    бар.  Олардың  бір  бөлігін 
адам  ағзасы  қорытып,  пайдаға  асырады,  ал  екінші  түрлерін 
өсімдіктер  мен  жануарлар  организмі  энергия  көзі  ретінде 
пайдалана 
алмайды, 
олар 
жеткілікті 
мөлшерде 
және 
концентрацияда  қалыпты  физиологиялық    процестердің  өтуін 


 
 
90  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
өзгертуі  мүмкін.  Мұндай  қосылыстар  бөгде  заттар  немесе 
ксенобиотиктер 
(қоршаған 
ортада 
қалыпты 
мөлшерде 
кездеспейтін  бөгде  химиялық  заттар,  мысалы,  пестицидтер)  деп 
аталады. 
     Экологиялық  жүйенің  биологиялық  нысандарымен  химиялық 
және  физикалық  жолмен  әрекеттесетін  қоршаған  ортаның 
осындай заттарының жиынтығы биогеоценоздың ксенобиотиктік 
профилі  –  саласы  ретінде  қарастырылады.  Ксенобиотиктік 
профильді  температурамен,  жарықпен,  ылғалдылықпен  қатар, 
сапалық және сандық сипаттамалары бар аса маңызды фактор деп 
түсінуіміз  керек.  Қоршаған  ортаның  біздің  ғаламшарда  бұдан 
миллиондаған  жыл  бұрын  өткен  эволюциялық  процестердің 
барысында 
қалыптасқан 
осындай 
сипаттамасын 
табиғи 
ксенобиотиктік  профиль  деп  анықтауға  болады.  Ол  Жер 
шарының түрлі өңірлерінде түрліше болады. 
     Әр  түрлі  қолайсыз  әсерлердің  қауіптілігін  сипаттау  үшін 
экологиялық  қауіптің  шамасын  көрсететін  стресс-индекстер 
қолданылады: 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет