Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


-кесте  Химиялық заттардың қауіптілік класы



Pdf көрінісі
бет44/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

   7-кесте 
Химиялық заттардың қауіптілік класы 
 
Көрсеткіштері
 
Қауіптілік класының нормалары
 
1
 
2
 
3
 
Улылығы (ЛД
50
)
 
Топырақта сақталуы, ай
 
Өсімдіктерде сақталуы, ай
 
Топырақтағы шекті 
концентрациясы
 
Ауылшаруашылық 
өнімдерінің азықтық 
құндылығына әсері
 
Орын ауыстыруы
 
200
 
12
 
3
 
 
0,2
 
 
 
күшті
 
күшті
 
200 − 1000
 
6 – 12 
 
1 – 3 
 
 
0,2 – 0,5  
 
 
 
орташа 
 
орташа
 
> 1000
 
> 6
 
< 1
 
 
> 0,5
 
 
 
жоқ
 
жоқ
 
 
     1983  жылы  бұрынғы  Кеңес  Одағының  аумағында  осы 
көрсеткіштердің  негізінде  ластаушы  заттардың  3  класын  бөліп 
көрсеткен. 
8-кесте 
Ластаушы заттардың кластары 
 
Класы
 
 
Қауіптілік 
дәрежесі
 
Элементтер, заттар
 
1
 
 
2
 
 
3
 
Аса қауіпті
 
 
Орташа қауіпті
 
 
Шамалы қауіпті
 
As, Cd, Hg, Se, Pb, F, Zn, 
 
 
бензопирен
 
 
B, Cu, Ni, Mo, Co, Sb, Cr
 
Ba, Mn, V, W, Sr, ацетофенон
 
 
     Әр түрлі табиғи орта үшін қауіпті химиялық заттардың тізбесі 
әр түрлі елдерде бір-біріне жуықтайды. 


 
 
 
93
 
5.  Қоршаған  орта  мен  организмге  әсер  ететін  ошақ  көздері
Ғаламшардың  топырақ  жамылғысы  –  бұл  аса  маңызды  табиғи 
түзілім.  Оның  қоғам  өміріндегі  рөлі  –  ол  азық-түліктің  қайнар 
көзі,  бүкіл  Жер  ғаламшарының  халқы  үшін  азық-түлік  қорының 
95-97  %-ын  қамтамасыз  етеді.  Топыраққа  антропогендік 
қолайсыз әсердің артуы соңғы бірнеше онжылдықта  топырақ құ-
нарлылығының 
кемуіне, 
оның 
тозуына, 
ластануына, 
батпақтануына,  сортаңдануына  және  эрозияға  ұшырауына  әкеп 
соқтырды. 
     Топыраққа енетін химиялық заттарды екі топқа бөледі: 
     1.  Топыраққа  жоспарлы  және  мақсатты  түрде  енгізілетін 
химиялық  заттар  (пестицидтер,  минералдық  тыңайтқыштар, 
өсімдіктердің  өсуін  тездеткіштер  және  т.с.с.).  Олар  топыраққа 
шамадан  артық  мөлшерде  енгізілгенде  ғана  ластаушыларға 
айналады. 
     2.  Топыраққа  техногендік  сұйық,  қатты  және  газ  тәрізді 
қалдықтармен  кездейсоқ  енетін  химиялық  заттар.  Бұл 
өнеркәсіптің  белгілі  бір  түрлеріне,  химиялық ластанудың  белгілі 
бір түріне байланысты болады. 
     Топырақтағы  химиялық  заттардың  нормасы  олардың  судағы, 
атмосфера 
ауасындағы 
және 
азық-түлік 
өнімдеріндегі 
нормасынан  әлдеқайда  өзгеше  болады.  Мұның  себебі, 
топырақтағы  зиянды  заттар  белгілі  бір  жағдайларда  ғана 
(топырақтың шаң-тозаңымен, онда қолмен отауда, түрлі ойындар 
нәтижесінде,  дауылда  және  т.с.с.)  адам  организміне  өтеді. 
Химиялық  заттардың  адам  организміне  өтуі  мынадай 
экологиялық  орын  ауыстыру  жолымен  жүргізіледі:  топырақ  – 
өсімдіктер  –  адам;  топырақ  -  өсімдіктер  –  жануарлар  –  адам; 
топырақ  –  су  –  адам;  топырақ  –  атмосфера  ауасы  –  адам. 
Сондықтан  топырақтағы  химиялық  заттардың  мөлшерін 
нормалауда  олардың  тікелей  организмге  енуінің  қауіптілігі  ғана 
емес,  сондай-ақ  жер  бетіндегі  және  жер  астындағы  судың, 
атмосфера  ауасының,  өсімдік  шаруашылығы  өнімдерінің 
организмге  қауіпті  болып  саналатын  жанама  ластауы  да 
ескеріледі. Топырақтағы улы заттардың нормалауды қажет ететін 
мөлшері соншама көп емес. Зерттеулер бойынша, ауыр металдар 


 
 
94  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
(қорғасын, 
күшән, 
мыс, 
сынап) 
тұздарының, 
ауыл 
шаруашылығында 
пайдаланылатын 
микроэлементтердің 
(молибден, 
мыс, 
мырыш, 
бор, 
ванадий), 
сондай-ақ 
пестицидтердің нормаларын теориялық дәлелдеу жүргізілген. 
    Топырақтағы бірқатар химиялық элементтер адамның қалыпты 
өмір  сүруі  үшін  аса  қажет  екені  анықталған.  Мәселен,  адам 
қанының  қалыпты  құрамы  сақталуы  үшін  оған  25 микроэлемент 
керек  болса,  ана  сүтінің  құрамына  30-дан  астам  микроэлемент 
кіреді екен. Адам организмінің микроэлементтермен қамтама-сыз 
етілу 
дәрежесі 
олардың 
тікелей 
топырақтағы 
(жер 
қыртысындағы)  мөлшеріне  байланысты  болады.  Нақ  осы 
тұжырымды  тұңғыш  рет  академик  В.Вернадский  ұсынған.  Ол 
белгілі  бір  эле-менттің  жоқтығы,  молдығы  немесе  шамасының 
үйлесімсіздігі  –  дисбалансы  –  микроэлементоз  немесе 
биогеохимиялық  эндемия  деп  аталатын  ауруға  душар  ететін 
аномалиялық  биогеохимиялық  аумақтар  туралы  ілімнің  негізін 
қалады.  Бұл  ауру  табиғи,  сондай-ақ  техногендік  жолмен 
туындауы  мүмкін.  Оның  тара-луында  су  ғана  емес,  сонымен 
қатар,  құрамындағы  химиялық  элементтері  топырақтан  қоректік 
тізбек  арқылы  өтетін  азық-түлік  өнімдері  де  маңызды  рөл 
атқарады. 
     Соңғы 
уақытта 
көптеген 
аймақтардағы 
санитарлық-
эпидемиологиялық 
жағдай 
бірқатар 
экотоксикологиялық 
проблемаларға  себепші  болатындай  нашар  халде,  ал  оның 
халықтың ден-саулығына зиянды әсері етек алып бара жатқандай. 
Адам  мен  қоршаған  ортаға  төндіретін  қауіптілік  дәрежесі 
жөнінен  бүгінде  ауыр  металдар,  хлорланған  көмірсулар, 
нитриттер  мен  нитраттар,  асбест  пен  пестицидтер  алдыңғы 
орындарды алуда. 
     Қоршаған 
ортаны 
негізгі 
ластаушылардың 
қатарына 
металлургия  кәсіпорындарын,  энергетикалық,  мұнай-химия 
кешендерін жатқызуға болады. Қара металлургия кәсіпорындары 
қоршаған ортаны шаң-тозаңымен, темір, марганец тотықтарымен; 
түсті  металлургия нысандары  –  қорғасын,  мырыш,  кадмий,  мыс, 
күшән,  сынап  тотықтарымен  ластайды.  Жылу-энергетика 
кәсіпорындарының шығаратын түтінді газдарымен сыртқы ортаға 


 
 
 
95
 
күл,  шала  жанған  бөлшектер,  күкірт  пен  азот  оксидтері,  циклді 
көмірсулар,  күшән,  фтор  қосылыстары  таралады.  Химия 
өнеркәсібінің 
өндірісі 
көмірсу 
қалдықтарымен, 
күкірт 
қосылыстарымен, қышқылдармен, фенол, эфирлермен ластауда. 
     Қоршаған  орта  мен  топырақты  айтарлықтай  ластайтын  нысан 
–  бұл  автокөліктер.  Олар  жер  үстімен  жүретін  рельссіз  қатынас 
құралдары.  Қалалардағы  автокөліктер  атмосфера  ауасына  ең 
қолайсыз  әсер  ететін  көздерге  жатады  және  қоршаған  ортаны 
ластаудан  ең  алдыңғы  орынды  алады.  Олардың  айналаны 
ластауының  шамасы  двигателінің  түрлеріне  қарай  түрліше 
болады.  Бензинді  двигателі  бар  көліктің  әрбір  15 000  км 
қашықтыққа  4 350  кг  оттегі  жұмсайтыны  анықталған.  Екі  түрлі 
двигательден  шығатын  пайдаланылған  газда  200-ге  химиялық 
қосылыстар  кездеседі.  Олардың  ішіндегі  улылығы  жоғары  деп 
танылатыны қорғасын, көміртек, азот оксидтері, көмірсутектер. 
     Қоршаған  ортаны  автомобильдің  жанармайы  ғана  емес,  оның 
доңғалағының  жолмен  үйкелісінен  шығатын  резеңке  шаңы  да 
ластайды. 
Автокөлікті 
жуудан 
пайдаланылған 
майлары 
топырақты,  ауаны,  суды  ластайды,  өсімдіктер  мен  жануарлар 
дүниесіне  нұқсан  келтіреді.  Сондықтан  автокөліктің  қоршаған 
ортаға  келтіретін  зиянын  жанармайды  аз  жұмсау  есебінен 
азайтуға  болады.  Егер  орта  есеппен  жеңіл  автокөлік  100  км 
жүріске 6 – 10 л бензин жұмсаса, қазіргі кезде бұл қашықтыққа 4 
л  ғана  жанармай  жұмсайтын  двигательдер  жасалуда.  Ал 
жапондардың атақты «Тойота» автокомпаниясы 100 км сапарға 3 
л  жанармай  жұмсайтын  автокөліктің  үлгісін  жасаған.  Ал, 
америкалықтар  таза  ядролық  қозғалтқышпен  жүретін  яғни,  қуат 
көзі  ретінде  радиациасы  төмен  торий  металын  пайдаланатын 
Cadillac  WTF  көлігін  ойлап  тапты.  Торийдің  1  гр  кәдімгі 
жанармайдың 30 мың литріне пара-пар қуат өндіре алады, ал 8гр 
ториймен жұмыс істейтін көлік адамның бүкіл ғұмырына жетеді. 
Мұндай  зиянды  азайтудың  тағы  бір  жолы  –  бензинді 
сұйылтылған  газбен  алмастыру,  сондай-ақ  жанармайдың  толық 
жануын  қамтамасыз  ететін  ката-лизатор  қоспалар  қосылған 
сұйық отынды, қорғасын қосылыстары жоқ бензинді қолдану. 


 
 
96  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
     Топырақтың  ластануына  пестицидтер  көп  «үлес»  қосуда. 
Олардың 
кеңінен 
қолданылуы 
ДДТ 
(дихлордифенилтрихлорметилметан) 
деп 
аталатын 
ұнтақ 
түріндегі  дезинсекциялық  құрал  –  дусттың  пайда  болуынан 
басталған.  Мұндағы  ерекше  алаңдататын  жағдай  –  ДДТ 
топырақта ұзақ уақыт сақталады. 
     Ірі қалалардың топырағына төнетін қауіп негізінен оның ауыр 
металдармен  ластануынан  байқалады.  Мұндай  ауыр  металдар 
тобына қорғасын, мыс, мырыш, никель, кадмий, кобальт, сурьма, 
висмут, мыс, қалайы, ванадий, хром, темір, марганец, күшән және 
т.б.  жатады.  Олардың  көбі  зілді  аурулардың  тууына  себепші 
болады. 
     Осыған  орай,  топырақтың  ластану  қауіптілігі  ондағы  ауыр 
металдардың  жиынтығымен  ғана  емес,  сондай-ақ  кейбір 
токсиканттардың қауіптілік класымен анықталады: 
     1-класс  –  күшән,  кадмий,  сынап,  селен,  қорғасын,  мырыш, 
фтор, бенз(а)пирен); 
     2-класс – бор, кобальт, никель, мыс, молибден, сурьма, хром; 
     3-класс – барий, ванадий, вольфрам, марганец, стронций. 
     Балалардың  топырағы  ластанған  балалар  алаңында  ойнауы 
олардың организміне улы заттардың артық енуіне себепші болуы 
мүмкін.  Бұл  жерде  топырақта  химиялық  элементтердің  қалыпты 
мөлшері  қандай  болуға  тиіс  деген  сұрақ  туады.  Бір  зерттеулер 
бойынша  әр  түрлі  топырақтағы  қорғасын  мөлшерінің 
нормативтері  құмды  топырақта  –  32  мг/кг,  қышқыл  топырақта  – 
65  мг/кг,  бейтарап  топырақта  –  130  мг/кг  болуы  тиіс.  Бірқатар 
американдық  зерттеулердің  пікіріне  сәйкес  қала  топырағындағы 
қорғасын  мөлшері  100  мг/кг-нан  аспауы  тиіс.  Ал  нақты  өмірде 
топырақтағы қорғасын мөлшері бұл деңгейден әлдеқайда жоғары 
тұрады.  Металлургия  кәсіпорындары  орналасқан  қалалардың 
топырағында  қорғасын  мөлшері  барынша  жоғары  кездеседі  – 
100-ден  1000  мг/кг-ға  дейін.  Айталық,  топырақтағы  қорғасын 
мөлшерінің әрбір 100 мг/кг-ға артуы 3 жасқа дейінгі балалардың 
қанындағы  қорғасын  мөлшерін  0,5  –  1,6  мкг/дл-ге  дейін 
арттырады екен (Б.А.Ревич, 2001). 


 
 
 
97
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет