85
Лос-анджелестік тұмша көбіне фотохимиялық қаратұмша деп
аталады. Бұл көп жағдайда күн радиациясының ауа құрамына
белсенді әсері кезінде жаз мезгілінде байқалады. Оған негізінен
автокөліктерден бөлінетін шығарынды газдар әсер етеді. Өйткені
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы 4 млн-нан астам
автокөліктер тәулігіне 1000 т-дан астам азот оксидін бөлетіні
анықталған. Желсіз күндері ауаға қосылған шығарынды газдар
өте улы әрі өте қауіпті фотооксиданттарды (озон, органикалық
улы заттар, нитриттер т.б.) түзеді. Мұндай улы қосылыстар ас
қорыту және тыныс алу мүшелерінің кілегейлі қабықтарын
тітіркендіріп, қауіпті аурулардың пайда болуына әкеп соқтырады.
Топырақтың ластану көздері:
1. Пестицидтердің әсерінен ластану;
2. Минералдық тыңайтқыштардың әсерінен ластану;
3. Өндіріс орындарынан бөлінетін қалдық заттардың әсерінен
ластану;
4. Газды-түтінді шығарынды заттардың әсерінен ластану;
5. Мұнай және мұнай өнімдерінің әсерінен ластану.
Достарыңызбен бөлісу: