Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет46/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
100  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
VІ. БИОСФЕРАНЫҢ ЛАСТАНУЫН БАҒАЛАУДЫҢ  
КРИТЕРИЙЛЕР (ӨЛШЕМДЕР) 
ЖҮЙЕСІ 
 
 1.  Экологиялық  мониторингтер.  Минералдық  шикізаттарды 
ұтымды  өңдеу  шаралары  олардың  1бастапқы  компоненттерін 
барынша  толық  пайдаланып,  қалдықсыз  өндіріске  көшуді 
көздейді. Белгілі бір технологиялық процесте пайда болатын қал-
дықтардың  мөлшеріне  қарай  шикізатты  пайдаланудың  тиімділігі 
туралы пікір айтуға болады. Солай бола тұрса да, қалдықтардың 
пайда болуы өндірістің қоршаған ортаға зиянды әсерінің көлемін 
анықтайтын  негізгі  факторлардың  біріне  жатады,  демек,  ол 
технологиялық  процестің  экологиялық  көрсеткіші  бола  алады. 
Мұнда  қалдықтарды  сандық  бағалаумен  қатар,  олардың 
компоненттерінің уыттылығын және қоршаған ортаға қауіптілігін 
анықтауға  мүмкіндік  беретін  олардың  сапасын  ескеру  қажеттігі 
туады.  Бүгінде  барлық  қалдықтардың  мөлшері  бойынша 
технологияның жетістіктерін бағалауды қамтамасыз ететін нақты 
әдістеме  қабылданбаған.  Мұндай  өндірістің  нақты  түрлерінде 
бағалау  критерийлері  −  өлшемдері  халық  шаруашылығының 
бірқатар салаларында қолданылуда. 
     Биосфераның 
ластануын 
бағалаудың 
экологиялық 
критерийлер  жүйесі  өндіріс  пен  өнеркәсіп  орындарына 
экологиялық  төлқұжат  беруді  қажет  етеді.  Бұл  –  нысандардың 
немесе 
өнеркәсіп 
орындарының 
нормативтік-техникалық 
құжаттарының  жаңа  түрі.  Онда  көрсетілетін  мағлұматтар:  1) 
кәсіпорында  қолданылатын  технологиялар;  2)  пайдаланылатын 
ресурстардың  (шикізаттың,  отынның,  энергияның)  сандық  және 
сапалық  сипаттамалары;  3)  шығарылатын  өнімнің  сандық  және 
сапалық  сипаттамасы;  4)  қоршаған  ортаға  шығарылатын 
қалдықтардың  сипаттамасы;  5)  кәсіпорында  қолданылатын 
технологияларды шетелдік және отандық озық технологиялармен 
салыстыру нәтижелері. 
     Экологиялық  төлқұжаттан  алынатын  деректер  қоршаған 
ортаны  қорғауға    бағытталған  мынадай  мәселелерді  шешуге 
қызмет  етеді:  1)  шығарылатын  зиянды  заттардың  және  өнімнің 


 
 
 
101
 
табиғатқа  және  тұрғындардың  денсаулығына  тигізетін  әсерін, 
оның  зиянды  әсерін  жоюға  жұмсалатын  шығынды  анықтау;            
2)  шығарылатын  зиянды  заттардың  шекті  нормасын  белгілеу;           
3) қоршаған ортаны қорғауға, оны ұтымды пайдалануға арналған 
заңдардың сақталуын бақылауға алу; 4) табиғи және материалдық 
ресурстардың,  энергия  мен  қосымша  өнімдердің  тиімді 
пайдаланылуын жолға қою. 
     Экологиялық 
төлқұжат  жергілікті  әкімшілік  жанынан 
құрылатын  қоршаған  ортаны  қорғау  басқармасының  келісімін 
алған  соң  кәсіпорын  басшылығының  бекітуінен  өтеді.  Екі  дана 
етіп жасалатын бұл құжаттың бір данасы кәсіпорында, екіншісі – 
жергілікті әкімшіліктің табиғат қорғау бөлімінде сақталады. 
     Төлқұжаттың сақталу мерзімі 5 жыл. Ол мынадай бөлімдерден 
тұрады:  мұқабасы,  өнеркәсіп  немесе  нысан  туралы  мәліметтер 
және  оның  реквизиттері,  нысанның  орналасқан  жерінің  табиғи-
климаттық  сипаттамасы,  нысанның  технологиялық  сипаттамасы,  
шығаратын  өнімдерінің,  материалдық  және  энергетика-лық 
ресурстары,  пайдаланатын  шикізаттары  туралы  мағлұматтар, 
ауаға  таралатын  заттары  туралы  деректер,  пайдаланатын  суы, 
шығарылатын  қалдықтары,  олардың  зияны  туралы  анықтама, 
бұзылған  аумақты  бастапқы  қалпына  келтіру  шаралары,  көлік 
құралдары, 
нысанның 
экологиялық, 
экономикалық 
жағдайларының сипаттамасы. 
     Биосфераның  ластануын  бағалауда  оның  мониторингін 
жүргізу  маңызды  орын  алады.  Мониторинг  –  бұл  қоршаған 
табиғи  орта  жағдайларының  антропогендік  факторлардың 
әсерінен  өзгеруін  бақылау,  бағалау,  болжау  жүйесі.  Бұл  термин 
БҰҰ-ның 
қоршаған 
орта 
жөніндегі 
Стокгольмдегі 
конференциясында  1972  жылы  пайда  болды.  Мониторингте 
биосфераның  жағдайы  геофизикалық,  физикалық-географиялық, 
геохимиялық  және  биологиялық  көрсеткіштері  бойынша 
сипатталады.  Оның  ғаламдық,  аумақтық,  жергілікті  түрлері  бар. 
Қазақстан  Республикасының  Табиғат  ресурстары және  қоршаған 
ортаны 
қорғау 
министрлігі 
жүйесінде 
«Экологиялық 
мониторинг» басқармасы жұмыс істейді. 


 
 
102  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
     Мониторинг  жүргізу  нысандарына  атмосфера,  атмосфералық 
жауын-шашын,  жер  беті  және  жер  асты  сулары,  мұхит  пен 
теңіздер,  климаттық  жүйені  құрушылар  жатады.  Бақылау 
нысандарына қарай атмосфера, ауа, гидросфера, топырақ, климат, 
сейс-микалық  мониторинг  түрлері  ұйымдастырылады.  Әсер  ету 
факторлары  мониторингіне  –  түрлі  химиялық  ластауыштар, 
табиғи  және  физикалық  факторлар  (сәуле,  күн  радиациясы,  шу, 
діріл)  жатады.  Ластау  көздерінің  мониторингі  –  тұрақты  ластау 
көздерін  (зауыттардың  мұржалары),  көліктерді,  кеңістіктерді 
(қала,  химиялық  заттар  енгізілетін  егістіктер)  қамтиды. 
Химиялық  мониторинг  –  биосфера  нысандарындағы  химиялық 
ластауыш  заттарды  бақылайтын,  олардың  таралуын  зерттейтін 
жүйе.  Физикалық  мониторинг  –  физикалық  процестер  мен 
құбылыстардың  (тасқыны,  жанартау  атқылауы,  жер  сілкінуі, 
құрғақшылық,  топырақ  эрозиясы)  қоршаған  ортаға  тигізетін 
әсеріне  бақылау  жүргізу  жүйесі.  Биологиялық  мониторинг  – 
қоршаған  ортаның  өзгеруін,  ағзалардың  күйі  мен  тіршілігін 
биоиндикаторлардың 
көмегімен 
зерттеу 
жүйесі. 
Экобиохимиялық  мониторинг  –  айналадағы  ортаның  екі 
құрамдас  –  химиялық  және  биологиялық  бөлігін  бақылауға 
негізделген.  Қашықтық  мониторинг  –  зерттейтін  нысандарды 
барлауға  және  тәжірибелік  мәліметтерді  жазып  алуға  арналған 
радиометриялық құралдар қолданылатын авиациялық, ғарыштық 
мониторинг. 
     Елдегі  экологиялық  жағдайды  тұрақтандыруға  және  одан  әрі 
жақсартуға бағытталған шаралар ішінде экологиялық мониторинг 
жүйесін  қалыптастыруға  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Ал  оның  негізгі 
міндеті  –  табиғат  қорғау  және  экологиялық  қауіпсіздік  саласын 
ақпараттық қамтамасыз ету және тиісті шешімдер қабылдау. 
Экологиялық  мониторинг  өнеркәсіп  нысаны,  қала,  облыс,  өлке, 
республика деңгейінде жүргізілуі мүмкін. 
Ортаны  ластау  көздерінің  әсер  ету  аумағында  мынадай 
нысандарға  тұрақты  бақылау  жүргізілуі  тиіс:  атмосфера, 
гидросфера, топырақ, биота, халық. 
 
 


 
 
 
103
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет