Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


  Экологиялық  жағдай  және  гигиена



Pdf көрінісі
бет48/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   122
      2.  Экологиялық  жағдай  және  гигиена.  Ғалымдардың 
зерттеулері бойынша адамдардың денсаулығы олардың өмір сүру 
салтына  (50  –  52  %),  тұқым  қуалау  факторларына  (20  –  25  %), 
қоршаған орта жағдайларына (18 – 20 %) және денсаулық сақтау 
мәселелеріне (7 – 12 %) тәуелді болады екен. 
     Адамның денсаулығына әсер ететін факторлар ішінде әр түрлі 
ластаушы  заттар  бірінші  орын  алады.  Бұған  қоршаған  ортаға 


 
 
104  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
шығарылатын  қалдықтарды  қосу  керек.  Олардың көпшілігі  адам 
мен  тірі  ағзалар  үшін  мүлде   жат  бөгде  заттар  –  ксенобиотиктер 
(xenos – грекше бөтен, бөгде) болуда. 
     Дүниежүзілік 
денсаулық  сақтау  ұйымының  деректері 
бойынша  жыл  сайын  әлемде  шамамен  500  мың  адам 
пестицидтерден  уланады,  олардың  5  мың  адамы  өлімге  душар 
болады  екен.  Американ  ғалымдарының  зерттеуінше,  барлық 
қатерлі  ісік  ауруларының  90  %-ы  қоршаған  ортаның  организмге 
қолайсыз  әсерінен  туындайды.  Соңғы  онжылдықта  Германияда 
қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ерлер арасында 15 – 23 %-
ға,    әйелдерде  –  17  –  25  %-ға  артқан.  Мұндай  ауру  әсіресе 
индустриялы және көбірек ластанған аудандарда жиі кездескен. 
     Біздің  елімізде  Арал  теңізі  аймағы  экологиялық  апатты  өңір 
болып  отыр.  Бұл  өлке  аурулар  мен  өлімдердің  саны  жөнінен 
алдыңғы  қатардан  байқалуда.  Мысалы,  Қарақалпақстанда 
балалар өлімінің жиілігі туылған әрбір мың  балаға 87-ден келеді, 
мұндай көрсеткіш Скандинавия елдерінде – 7 – 8, Жапонияда – 5 
бала  шамасында  тіркелген.  Бұрынғы  КСРО-да  80-жылдардың 
соңында  балалар  өлімінің  орташа  жиілігі  20  –  25  шамасында 
болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет