Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


–сурет. Көліктер  кептелісі  – ірі  қалалардың  экотоксикологиялық



Pdf көрінісі
бет51/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

12–сурет. Көліктер  кептелісі  – ірі  қалалардың  экотоксикологиялық 
проблемасы 


 
 
106  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
     5. Гигиеналық болжау. 1972 жылы академик С.И.Сидоренко, 
келешектегі  қоршаған  орта  мен  халықтың  денсаулық  жағдайын 
бағалауға  мүмкіндік  беретін,  гигиеналық  болжау  есептеулерін 
жүргізу  теориясын  ұсынды.  Жақын  және  қашық  болашаққа 
болжау  келешектегі  алдын  алу  шараларын  жоспарлауға  және 
олардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. 
     Қоршаған 
орта  мен  халықтың  денсаулық  жағдайын 
болжайтын көп әдістердің ішіндегі екі әдіс жиі қолданылады: ол 
аз  квадраттар  әдісі  және  регрессиялық  модельдер  әдісі.  Бірінші 
әдісті  қолдану  үшін,  ең  кем  дегенде  өткен  10  жылдың  рет-
роспективтік материалдары қажет. Бұл әдісті болжауға алынатын 
құбылыстың 
динамикалық 
қатарындағы 
көрсеткіштері 
салыстырмалы  түрде  тұрақты  болған  кезде  және  фактор 
белгілерінің  шұғыл  өзгеруі  жоқ  кезде  қолданған  жөн.  Ең  аз 
квадраттар  әдісі  құбылысқа  әсер  ететін  факторларды  есепке 
алмай,  тек  құбылыс  динамикасындағы  өзгеріс  бағыттылығын 
(тенденциясын) көрсетеді. Сондықтан болжауды 5 жылдан артық 
мерзімге жасаудың жөні жоқ. 
     Регрессиялық 
модельдер  әдісі,  жалпы  заңдылықтарды 
көрсететін  регрессия  сызықтық  теңдеулерін  алуға  мүмкіндік 
береді.  Мысалы,  атмосфераның  ластануы  жөніндегі  есептеу 
жолымен  алынған  мәліметтер  болса,  10  –  15  жыл  келешектегі 
халықтың  денсаулық  деңгейі  жөнінде  ойлауға  болады,  демек 
қажетті табиғатты қорғау шараларын негіздеуге де болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет