113
5) әр түрлі өсімдіктер мен саңырауқұлақтарда (аконит, цикут
және т.б.), жануарлар мен жәндіктерде (жылан, балара, шаян)
кездесетін биологиялық улар адам организмін уландырады;
6) әскери уландырғыш заттар (зарин, иприт, фосген және
т.с.с.).
Уыттылығы жөнінен барлық химиялық заттарды төрт класқа
бөледі:
1) төтенше уытты заттар (әскери уландырғыш заттар, кейбір
барынша қауіпті өнеркәсіптік зиянды заттар (улар) мен
инсектицидтер, көгерткіш қышқылдың туындылары, күшәнді
ангидрид, күшәнді сутек, сынаптың органикалық және
бейорганикалық қосылыстары, стрихнин және т.с.с.;)
2) жоғары уытты заттар (көптеген өнеркәсіптік және
ауылшаруашылық улары – метил спирті, төртхлорлы көміртек,
гексахлорбутадиен, дихлорэтан және т.б.);
3) орташа уытты заттар (өнеркәсіптік улар – бензол, фенол,
инсектицидтер – хлорофос, карбофос, метилнитрофос, севин,
гербицидтер
–
2.4-дихлорфен-оксисірке
қышқылының
туындылары және т.с.с.);
4) шамалы уытты заттар (метан қатарының көптеген
көмірсутектері,
кейбір
жай
эфирлер
(диэтил
эфирі),
фосфорорганикалық пестицидтер, гербицидтер – мочевинаның
туындылары және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: