Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


  Ксенобиотиктердің  тірі  организмдерге  ену  жолдары  мен



Pdf көрінісі
бет55/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

3.  Ксенобиотиктердің  тірі  организмдерге  ену  жолдары  мен 
әсер  ету  ерекшеліктері.  Ғылымда  осы  бағытты  зерттеген 
ғалымдар  В.Н.Немых  пен  А.Н.Пашков  (1997)  ксенобиотиктердің 
адам  организміне  енуінің  үш  жолы  бар  деп  есептейді.  Олар 
ингаляциялық,  алиментарлық және  транскутандық  (тері  арқылы) 
ену жолдары. 
     Ксенобиотиктердің  тірі  организмге  енуінің  ең  қарапайым 
жолы  –  бұл  тыныс  алу  жолдары  арқылы  өту,  өйткені  клетка 
мембранасының  беті  өте  үлкен  болады.  Қарапайым  диффузия 
әдісімен ақуыздың кілегейлі қабықшасы арқылы көптеген заттар 
сі-ңіріледі. Осылайша көптеген бөгде қосылыстар ішек эпителийі 
арқылы  асқазаннан  сіңіріледі.  Ксенобиотиктер  мен  олардың 
метаболиттері  тері  немесе  өкпе  арқылы  сіңірілген  соң  кедергі 
ұлпалары арқылы өтіп кете алады. 
     Ксенобиотиктер  организм  ішінде  бірнеше  жолдармен  – 
иондалмаған  күйде  (бейэлектролиттер),  иондар  түрінде  (сілті 
емес электролиттер), аминқышқылдар мен белоктар кешені (сілті 
емес  электролиттер  және  органикалық  қосылыстар)  түрінде  – 
тасымалданады.  Олардың  организмде  бөлініп  таралуы  өздерінің 
қасиеттеріне және ұлпалардың ерекшеліктеріне байланысты: 
     •    көптеген  ксенобиотиктер,  әсіресе  пестицидтер  суда  нашар 
ериді, 
ал 
майларда, 
керісінше, 
жақсы 
ериді. 
Олар 
мембраналардың  көмірсу  қабатында,  май  клеткаларының 
вакуольдерінде  жинақталады  және  несеппен  бірге  организмнен 
шығарылмайды; 
     •  өзге (тетрациклинді) антибиотиктер сүйектенген тәрізді; 
     • 
  ксенобиотиктер  нуклеин  қышқылдарымен  (кейбір 
антибиотиктер,  афлатоксиндер)  қосылып,  мутация  құбылысына 
әкеп соқтыруы мүмкін. 
     Көптеген 
ксенобиотиктер  организмнің  иммунологиялық 
сезімталдығын арттырып, оны басқа заттарға едәуір сезімтал ете 
түседі.  Мұндай  заттардың  жиналуының  зиянды  зардаптарынан 
арылу үшін оларды суда еритін жағдайға келтіру қажет. 


 
 
116  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
     Ксенобиотиктердің  метаболизмі  (заттар  алмасуы),  әдетте, 
олардың  белсенділігін  төмендетеді  –  дезактивациялайды,  оны 
уытты  заттардың  жағдайында  детоксикация  деп  атайды.  Алайда 
ксенобиотиктер  метаболиттері  кейбір  жағдайларда,  керісінше, 
едәуір белсенділік көрсетіп, уыттылығы біршама күшейе түседі. 
     Организм  клеткаларында,  әсіресе  бауыр  клеткаларында 
көптеген  ксенобиотиктер  (жартылай  ароматты  көмірсутектер, 
канцерогендер,  нитротуындылар,  антибиотиктер)  глутатионтран 
сферазалармен 
қосылады. 
Мұндай 
ксенобиотиктердің 
белсенділігі  аз  болатындықтан,  олар  біртіндеп  босайды  да, 
метаболизмге  ұшырап,  одан  соң  сыртқа  шығарылады. 
Тасымалдаушы  АТФ-аза  болып  табылатын  Р-гликопротеиннің 
қызмет  етуі  –  ксено-биотиктерді  клеткадан  шығарудың  өте 
маңызды жолы. 
     Организмге  ксенобиотиктердің  шамалы  мөлшері  енгенде 
олардың детоксикациялануы әдеттегі жолмен  – ферменттік және 
ферментсіз өзгерудің көмегімен өтеді. 
     Ксенобиотиктердің 
биологиялық 
өзгеруі 
барысында 
супероксидті  аниондар,  сутектің  асқын  оксиді,  органикалық 
асқын  оксидтер  түзіледі,  олар  ксенобиотиктердің  жанама  әсерін 
(мембраналардың 
өткізгіштігі 
бұзылуынан 
клеткалардың 
қырылуына дейін) туғызады. Мұндай әсер етуді антиоксиданттар 
қолдану арқылы жояды, олар уыттылықты 10 есе төмендетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет