Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


  Минералдық  тыңайтқыштарды  сақтау



Pdf көрінісі
бет76/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

7.  Минералдық  тыңайтқыштарды  сақтау.  Шаруашылыққа 
әкелінген тыңайтқышты егістікке шашқанға дейін оның қасиетін 
және  салмағын  сақтау  шараларын  алдын  ала  жоспарлаған  жөн. 
Тыңайтқыштарды 
сақтау 
жағдайы 
олардың 
физикалық 
қасиеттеріне  байланысты.  Минералдық  тыңайтқыштардың 
көбінде  (преципитат,  фосфорит  ұны,  гипс  және  әктен  басқасы) 
суда  жақсы  еритін  қоректік  заттар  болады.  Сондықтан  ылғал 
тартқан ты-ңайтқыштардың физикалық қасиеті нашарлайды және 
қоректік заттардың мөлшері кемиді. 
     Минералдық тыңайтқыштар сақтайтын қойманы биіктеу жерге 
төбесін  шатырлап,  су  өтпейтіндей  етіп,  еденін  бетоннан,  ағаш 
немесе кірпіш төсеп жасайды. Қойманың айналасын қар, жаңбыр 
суы ағып кететіндей етіп, дөңестен жасайды. Қойманың ортасына 
тыңайтқыш 
тиейтін 
және 
араластыратын 
механизмдер 
орнатылады. 
     Мал  қоралары,  тұрғын  үйлер  тыңайтқыш  сақтайтын  жерден 
аулақ болады. 
     Сұйық минералдық тыңайтқыштар (аммиак  суы, сұйылтылған 
аммиак  т.б.)  аса  ұшқыш  зат  блғандықтан,  арнайы  металдан 
жасалған  аузы  жақсы  жабылатын  ыдыстарда,  ал  сұйылтылған 
аммиак  25  –  30    атмосфералық  қысымға  төзімді  цистерналарда 
сақталады. 


 
 
 
153
 
     Аммиак  селитрасын  ең  дымқыл  тартқыш  тыңайтқыш 
болғандықтан, зауытта жасап шығарылған орауышымен сақтаған 
жөн. 
     Аммоний  сульфаты  онша  дымқыл  емес.  Сондықтан  оны 
биіктігі  2,  тіпті  3  метрге  дейін  жететіндей  етіп  төгіп  тастауға 
болады.  Егер  қапта  сақталса,    15  –  20  қапты  бірінің  үстіне  бірін 
үюге болады. 
     Суперфосфат  төгілген  күйінде  сақталады,  өйткені  ондағы 
фосфор  қышқылы  қаптарды  тез  бүлдіреді.  Барлық  қоймаларда 
тыңайтқыштарды  тиеп-түсіру,  сондай-ақ  егістікке  жеткізіп, 
топыраққа  енгізу  үшін  әзірлеу жұмыстарын  механикаландыруды 
алдын  ала  ойластырады.  Қоймалар  таразылармен  жабдықталып, 
оларға келетін жолдар жөнделеді. 
     Қазір 
Қазақстанда 
минералдық 
тыңайтқыштар 
мен 
пестицидтерді  уақытша  сақтау,  жарамсыз  болып  қалған  және 
қолдануға  тыйым  салынған  улы  химикаттарды,  олардан  босаған 
ыдыстарды көму мәселесінде қолайсыз жағдай қалыптасқан. Улы 
қал-дықтарды көмуге арналған полигондардың жоқтығынан олар 
кәсіпорындардың  аумағында  сақталуда.  Мәселен,  2000  жылдың 
басында  Батыс  Қазақстан,  Ақмола,  Шығыс  Қазақстан 
облыстарының  кәсіпорындарында  құрамында  пестицидтер  мен 
улы химикаттар кездесетін 12,5 т қалдық сақталған. 
 
Бақылау сұрақтары 
 
     1.  Өсімдіктерді  өсіріп,  түсімін  арттыруда  қоректік  заттардың 
атқаратын рөлін айтып беріңдер. 
     2.  Аралас  тыңайтқыштардағы  N:  P:  K  арақатынасын,  әр  түрлі 
дақылдарға қолданылатын тыңайтқыштарды атаңдар. 
     3. Көңді дайындап, сақтауға қандай талаптар қойылады? 
     4. 
Минералдық 
және 
органикалық 
тыңайтқыштарды 
тасымалдауға  және  енгізуге  арналған  машиналарды  білесіңдер 
ме? 
     5. Тыңайтқыштар жүйесі дегеніміз не? 
     6.  Минералдық  тыңайтқыштарды  қолданудың  негізгі  тиімді 
жолы қандай? 


 
 
154  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет