ХІ. МҰНАЙ, МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ, ОЛАРДЫҢ
БИОСФЕРАНЫҢ ӘР ТҮРЛІ КОМПОНЕНТТЕРІНЕ
ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ
1. Мұнай – Жердің шөгінді қабықшасында таралған май
тәріздес, қоймалжың, өзіне тән иісі бар, қара-қоңыр түсті жанғыш
сұйықтық, аса маңызды пайдалы қазба байлық. Суда ерімейді,
бірақ органикалық еріткіштерде жақсы ериді, судан жеңіл,
тығыздығы кездесетін орнына қарай 0,73 – 0,98 г/см
3
аралығында
болады.
Кездесетін орнына қарай сапалық және сандық құрамы да
түрліше болып келеді. Ол негізінен аздаған мөлшерде
көмірсутектер мен азотты, оттекті және күкіртті қоспалардан,
минералдық тұздардан, т.б. заттардан тұратын күрделі қоспа.
Мұнайдың
негізін парафиндер, циклопарафиндер және
ароматты көмірсутектер құрайды. Олар сұйық, еріген газ, қатты
зат түрінде кездеседі. Мұнайды құрамындағы көмірсутектере
байланысты
парафинді,
нафтенді,
ароматты
түрлерге
бөледі.Мысалы, Қазақстандағы Ембі, Доссор, Мақат мұнайлары –
нафтенді көмірсутектерге бай болса, Өзен мен Жетібай мұнайы –
парафиндерге, ал Прорва мұнайы – ароматты көмірсутектерге бай
келеді. Аталған қоспалардан басқа мұнайдың құрамында
металдар да болатыны анықталды. Жер астынан өндірілетін
мұнайда су көп кездеседі. Оны шикі мұнай деп атайды. Шикі
мұнайды суынан және қосалқы газдарынан тазартып, өңдеуге
жібереді. Тазартылған мұнай тауарлық мұнай деп аталады.
Шикі мұнайды тұндырып, сепаратордан өткізіп, газдары мен
суынан айырады. Кейбір, мысалы, Бозашы секілді кен
орындарының мұнайы тұтқыр, ағысы өте баяу болады.
Сондықтан әрбір ұңғымада тереңдік насостары жұмыс істейді.
Бұл шикізатты мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу үшін мұнай
құбырлары, теміржол цистерналары, теңіз танкерлері және
автомобильдер пайдаланылады. Ал оны теңіз арқылы тасымалдау
өндірістің маңызды саласына айналды. Ұзындығы 350 м-ге дейін
жететін супертанкерлер 500 000 тоннаға дейін шикі мұнайды
жеткізе алады.
174 ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ
Өндірістің осы айтылған бөлімдерінің бәрінде белгілі дәрежеде
өзіндік экотоксикологиялық проблемалардың туындайтыны осы
салаға тән қиындықтар болуда. Олар төмендегідей әрекеттердің
барысында пайда болады.
Өңдеу әдістері. Мұнай негізінен екі түрлі әдіспен өңделеді.
Біріншісі – физикалық әдіс − мұнайды мұнарада фракцияларына
бөлуден тұрады. Ол мұнайды айдау деп аталады. Екіншісі –
химиялық әдістер: ауыр көмірсутектерді бөлшектеу арқылы
жеңіл көмірсутектер алу немесе крекинг процесі және оларды
ароматтандыру процесі. Мұнайды айдауға арналған қондырғы
2 бөліктен тұрады: мұнайды қыздыруға арналған түтікті пеш
және ректификациялық мұнара. Түтікті пештегі мұнайды
сыртынан мазут немесе газ жағып, 3500 С-ге дейін қыздырады.
Мұнай өнімдерін крекингілеу. Мұнайды айдаудан алынатын
бензиннің мөлшері қоғамның жанармайға деген сұранысын өтей
алмайды. Сондықтан көмірсутектерді ірі молекулаларынан
айырып, бензин фракциясына сәйкес келетін кіші молекулалы
көмірсутектер алады. Мұнайды 400-420
0
С температураға дейін
қыздырып, буға айналдырғанда мұнарада фракцияларға бөлінеді.
Онда бензиннен басқа ұршық майы (230-250
0
С), машина майы
(260 – 305
0
С), жеңіл цилиндр майы (315- 325
0
С), ауыр цилиндр
майы (350 – 370
0
С) бөлінеді де, ең соңында қалдық түрінде
гудрон қалады.
Мұнай өнімдерін белгілі бір қысымда үлкен молекулалы
көмірсутектерді қайда өңдеу арқылы бензинді құрайтын кіші
молекулаларға айналдыруды крекинг процесі деп атайды. Ол
ағылшынның crak – ажырату, үзу деген сөздерінен алынған.
Мұнай өнімдерін тазарту үшін мынадай әдістер қолданылады:
қышқылдармен және негіздермен тазарту, гидротазарту,
адсорбциялау және абсорбциялау. Қышқылдармен тазартуда
аздаған мөлшерде күкірт қышқылымен өңдейді. Мұндай
өңдеуден қалған қалдық қышқыл гудрон, ал сілтімен өңдеу
қалдығы – нафт (нафтен қышқылының натрий тұзы) деп аталады.
Адсорбциялау және абсорбциялау арқылы тазарту әдістерінің
мәні – мұнай өнімдерінің құрамындағы зиянды қоспаларды
адсорбенттерге талғаммен адсорбциялау.
175
Достарыңызбен бөлісу: |