Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет88/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

     3.  Мұнайдың  ластауы.  Мұнай  өңдеу  өнеркәсібі  –  жерді  ең 
көп ластауыш салалардың бірі. Қоршаған ортаға тигізетін әсерін 
бағалау  жөніндегі  Халықаралық  конвенцияның  материалдарына 
сәйкес ол биота үшін экологиялық қауіпті нысанға жатқызылған. 
     Мұнаймен ластанудың теріс әсері былайша сипатталады: 


 
 
176  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
     −    жергілікті  жердің  табиғи  ландшафтының  бұзылуы  және 
ауылшаруашылық жерлерінің жарамсыздануы; 
     −  мұнаймен ластанған топырақта оның мынадай генетика-лық 
көрсеткіштері  бұзылады:  табиғи  морфологиялық  қимасы, 
химиялық  және  биологиялық  қасиеттері  өзгереді,  өсімдіктердің 
тамырлары мен микроорганизмдер өте алмайтындай тығыз битум 
қыртысы түзіледі; 
     − 
мұнай  кәсіпшілігінің  айналасында  көмірсутектердің 
булануынан ауа бассейні ластанады; 
     − 
мұнай 
кәсіпшіліктерінің 
өнеркәсіптік 
аймағы 
күкіртсутекпен,  аммиакпен,  күкіртті  ангидридпен  және  басқа 
уытты  заттармен  ластанып,тірі  организмдерді  ауруларға 
шалдықтырады; 
     −    жер  асты  суының  деңгейі  көтеріліп,  ұсақ  сортаң  көлдердің 
түзілуіне себепші болады; 
     − 
су  тығыздығының  өзгеріп,  мөлдірлігінің  кемуіне, 
балықтардың,  су  құстары  мен  ұсақ  жануарлардың  қырылуына 
әкеп соқтырады. 
    Барлық  мұнай-газ  кәсіпшіліктері  аумағында  және  кен 
орындарын  игерудің  барлық  сатыларында  (іздестіру  бұрғылауы, 
мұнай-газ  өндіретін  ұңғымалар  салу,  шикізатты  пайдалану  және 
тасымалдау,  оларды  сақтау  жағдайлары)  топырақтың  мұнаймен 
ластануы байқалған. 
     Қоршаған ортаның мұнаймен ластануының өзге антропогендік 
әсерлерден  бір  айырмашылығы  –  ол  айналасына  тұрақты  емес, 
«бір  дүркіндік»  теріс  әсер  етіп,  оған  тез  арада  шаралар 
қабылдауды  қажет  етеді.  Мұндай  ластануды  бағалау  кезінде 
экожүйелердің  бұрынғы  тұрақты  қалпына  оралу  мүмкіндігі 
туралы  әрдайым  кесімді  пікір  айту  қиындыққа  түседі.  Осы 
саладағы  көптеген  зерттеушілердің  пікірі  бойынша,  мұнай 
өнімдерімен  ластанған  ортаның  өздігінен  бастапқы  күйіне  келу 
процесі 10- 25 жылға созылмақ. 
     Нақ 
осындай  мұнаймен  ластану  жағдайлары  Батыс 
Қазақстанда  жиі  ұшырасады,  өйткені  бүкіл  республикадағы  160 
мұнай-газ  кен  орындарының  149-ы,  көмірсутек  шикізатының 
барланған  және  қуатты  қорларының  90  %-дан  астамы  осында 


 
 
 
177
 
шоғырланған.  500  мың  гектардан  астам  аумақты  қамтитын  бұл 
ауданда  мұнай-химия  өнімдерімен  ластанудың,  кәсіпшілік 
сарқынды  сумен  сортаңданудың  және  топырақтың  техногендік 
бұзылуының ірі ошақтары пайда болған. 
     Бұл өңірде көмірсутек шикізатының жиынтық көлемі  929 млн 
т  құрайтын  75  кен  орындары  тіркелген,  олардың  39-ы 
пайдаланылуда,  ал  7-і  –  пайдалануға  дайындалуда.  Демек, 
осыншама 
өндіріс 
көлемін 
игеру 
қаншалықты 
экотоксикологиялық  проблемаларды  шешу  қажеттігін  алға 
тартатыны айтпаса да түсінікті болуға тиіс. Ал 2015 жылға қарай 
Қазақстан  Республикасы  жылына  150  –  170  млн  т  мұнай  өндіру 
деңгейіне жетуді жоспарлаған. 
     Мұнай  өнімдерін  өндіру,  өңдеу  және  сақтау  мәселелерін  сөз 
еткенде  олар  өндірілетін  аудандар  топырағына  орасан  зор  күш 
түсетінін айту қажет, өйткені оған көп мөлшерде мұнай өнімдері 
төгіледі.  Осындай  ластану  ауыртпалығы  Маңғыстау  мен  Каспий 
маңайындағы  кен  орындарында  да  шешілуге  тиісті  проблемаға 
айналған.  Ғалымдардың  зерттеуі  бойынша  Маңғыстаудың, 
Бозашы  түбегі  мен  Кеңқияқтың  тұтқыр  әрі  ауыр  мұнайы  аса 
уыттылығымен  белгілі.  Олардың  ластауынан  өңір  топырағының 
морфологиялық-генетикалық  белгілері  мен  қасиеттері  терең 
өзгерістерге ұшырауда. Бұл мұнайдың құрамында парафин (20 –
24  %),  шайыр  (13  –  32  %)  мөлшері  көп,  асфальтен  1,2  –  3,8  % 
құрайды,  сондай-ақ  ванадий,  никель,  мырыш  және  басқа 
элементтер,  оның  ішінде  радиоактивті  барий  мен  торий 
экотоксикологиялық тұрғыдан өздеріне назар аудартады. 
     Мұнайдың 
парафин  және  шайыр,  асфальтен  секілді 
компоненттерінің 
ластауынан 
топырақ 
қимасы 
мықты 
цементтеледі,  баяу  ыдырайды,  оны  микроорганизмдердің 
пайдалануы  қиындайды,  сондықтан  ол  органикалық-минералдық 
кешен  және  битум  қыртысы  түрінде  ұзақ  сақталатын  болады. 
Битум  қыртысы  ауада  нашар  тотығады,  тығыздығы  артады, 
құрамында канцерогендік ауыр металдар жинақталады. 
     Топырақ  қимасына  сіңген  мұнайлы  ластауыштар  оның 
физикалық  және  химиялық  параметрлерін  өзгертеді,  ауа-су,  тұз 


 
 
178  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
режимі  мен  көміртек-азотты  теңдігін  бұзады,  химиялық 
токсиканттарын арттырады. 
     Қазақстанның  Ақтөбе  облысындағы  ашық-қоңыр  сортаңдау-
саздақ  топырақтың  шикі  мұнаймен  ластануынан  мұндай 
топырақтағы  органикалық  заттың  құрамында  гидролизденбейтін 
қалдықтардың  мөлшері  6,4  %-ға  дейін  күрт  өседі,  кейбір 
қышқылдар  фракцияларының  сандық-сапалық  көрсеткіштері 
өзгереді. 
     Бірқатар  зерттеулер  топырақтың  мұнаймен  түрліше  дәрежеде 
ластануы  ондағы  әртүрлі  микроорганизмдердің  саны  мен 
белсенділігіне түрліше әсер ететінін көрсетті. 
     Мұнаймен  шамалы  (2  %)  ластану  топырақтағы,  әсіресе 
минералдық 
азотты 
сіңіретін 
микроорганизмдердің, 
олиготрофтардың,  аэробты  азот  бекіткіштердің  санын  азайтады. 
Мұнайдың  ластауына  актиномицеттер  ерекше  сезімтал  келеді. 
Бақылаудағы  түрлерімен  салыстырғанда  олардың  саны  7  есе 
кемігені тіркелген. 
     Мұнайдың  орташа  (6  %)  және  күшті  (16  %)  ластауы  азоттың 
минералдық  түрлерін  сіңіретін  микрорганизмдердің  тіршілігін 
айтарлықтай тежейді. 
     Аммонификаттау 
процесінің 
жылдамдығына 
қарағанда 
мұнайдың  ластауы  топырақтың  биологиялық  белсенділігіне 
қолайсыз  әсер  етіп,  өсімдіктердің  минералдық  қоректенуін 
нашарлатады.  Желатина  белоктарының  ыдырау  қарқыны 
айтарлықтай 
кемиді. 
Целлюлозаны 
бұзатын 
микроорганизмдердің  құрамы  да  өзгерген.  Бақылаудағы  және 
шамалы ластанған топырақтағы миксобактериялар саны артқан. 
     Оңтүстік  Қазақстан  облысының  кәдімгі  сұр  топырағының 
мұнаймен  созылмалы  ластануынан  микрорганизмдердің  негізгі 
топтарының саны өзгеріске ұшыраған. 
     Гетеротрофты  бактериялардың  негізгі  топтарының  саны 
бақылауда  тұрған  жер  телімдеріндегі  микрорганизмдер  санының 
58 – 68 %-ын, ал спора түзуші микрорганизмдер саны  – 68 %-ын 
құрайтыны  мұнай  өнімдерінің  микроорганизмдер  тіршілігіне 
уытты  әсер  ететіндігін  көрсетеді.  Мұнаймен  ластанған  шымды-
күлгін  сортаңдау  топырақты  жерлерде  өсетін  шабындық  беденің 


 
 
 
179
 
тамыр 
маңы 
аймағында 
селбеспейтін 
сапротрофтық 
микрорганизмдер санының күрт артатыны анықталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет