165
топырақтың сіңіретін бөлігінің иондары, борпылдақ байланысқан
қосылыстар жатады. Топырақ ерітіндісіндегі қосылыстар бос
иондар,
олардың
сумен,
ерітіндідегі
басқа
химиялық
элементтердің молекулаларымен және иондарымен өзара
әрекеттесу өнімдері түрінде кездеседі.
Топырақтағы ауыр металдардың күйі олардың қиын еритін
тұздарды, кешенді қосылыстарды, гидроксидтерді түзу, ион
алмасу реакцияларына қатысу қабілетіне қарай анықталады.
Атмосфералық ластану кезінде топыраққа негізінен ауыр
металдар оксидтері түсетіндіктен, олардың қандай химиялық
өзгерістерге ұшырайтынын білу зор ынта тудырады. Ауыр
металдар оксидтері баяу еритін қатты фазалы қосылыстар
болғандықтан және топырақтағы айтарлықтай тез өтетін барлық
реакциялар су және топырақ ерітінділерінде өтетін ескерсек,
топырақтағы осы элементтердің алғашқы өзгеруі олардың сумен
әрекеттесуінен, яғни еруінен байқалады.
Топырақтың ауыр металдарды байланыстыратын аса маңызды
компоненттеріне силикаттар мен алюмосиликаттар, оксидтер,
гидроксидтер мен минерал тұздар жатады.
Бастапқы топырақ минералдары айтарлықтай ірі өлшемді
түйіршіктер түрінде кездеседі. Олардың көпшілігі бірқатар
микроэлементтер көзі болып табылады.
Топырақта ең көп таралған минерал – кварц, оның мөлшері
кейде топырақтың қатты фазасының 50 – 90 %-ына дейін жетеді.
Дала шпаты кварцке қарағанда үгілуге бейім келеді. Карбонаттар
– кальцит пен доломит, орташа және оңай еритін тұздардың
минералдары – қуаңшылықты аймақтар топырағының басты
компоненттері. Ылғалды өңірлерге металдар оксидтері мен
гидроксидтері тән болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: