Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


  Мұнай  өңдейтін  өнеркәсіптер  –



Pdf көрінісі
бет91/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

 6.  Мұнай  өңдейтін  өнеркәсіптер  –  бензин,  жоғары  сапалы 
авиациялық,  парафин,  кокс,  мұнай  битумдарын,  т.б.  мұнай 
өнімдерін  шикі  мұнайды  өңдеу  арқылы  алатын  өндіріс  саласы. 
Қазақстанда  мұнай  өңдейтін  кәсіпорындар  1945  жылдан  жұмыс 
істей бастады. Бірінші Атырау мұнай өңдеу зауыты іске қосылды. 
Ол  1959  жылға  дейін  тек  сырттан,  яғни  Түркменстан  мен 
Әзірбайжаннан әкелінген шикізатты өңдеді. Қазіргі кезде елімізде 
тағы  екі  мұнай  өңдейтін  Павлодар  және  Шымкент  мұнай  өңдеу 
зауыттары  бар.  Ақтау  қаласында  мұнайдың  іліспе  газынан 
алынатын  этан  фракциясын  өңдеп,  этилен,  этилбензол,  стирол 
және полистирол шығаратын біріктірген ірі тоннажды өндіріс пен 
пластмасса  зауытты  жұмыс  істейді.  Бұл  зауытта  бояуы 


 
 
 
183
 
сақталатын алуан түрлі пластмассалар алынады. Мұнай өңдейтін 
зауыттар  ауа  және  су  бассейндерін  ластайтын  көздердің  бірі. 
Ластауыш  заттар  шығаратын  негізгі  көздерге  –  мұнайды  күкірт-
тен  тазарту  мен    катализаторларды  регенерациялау  процестері, 
қыздырғыштар және қазандықтар жатады. Сонымен қатар, мұнай 
мен  одан  алынған  өнімдерді  сақтайтын  ыдыстардан,  су  мен 
мұнай  сепараторларынан  ір  түрлі    заттар  бөлініп,  қоршаған 
ортаны  ластайды.  Мұнай  өңдейтін  өндірістің  кәсіпорындары 
атмосфераны көмірсутектермен (73 %), күкіртті оксидпен (18 %), 
көміртек оксидімен (7,0 %),  азот оксидімен (2 %) ластайды. Бұл 
кәсіпорындарға  көп  мөлшерде  су  қажет.  Ал  олардан  шыққан 
сарқынды  суларда  көп  мөлшерде  мұнай  өнімдері,  сульфат,  хло-
рид,  азот  қосылыстары,  фенол,  ауыр  металдардың  тұздары 
болғандықтан, суқоймалар осы заттармен ластанады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет