187
болады. Сонымен, химия қазіргі қоғамдағы неғұрлым көкейкесті
және болашағы зор
проблемаларды шешуге ат салысуда.
Олардың қатарында мыналарды атауға болады: жасанды
тыңайтқыштардың
тиімділігін
арттыру
арқылы
ауыл
шаруашылығы дақылдарының өнімділігін молайту; ауыл
шаруашылығы дақылдарынсыз тағам өнімдерін синтездеу
проблемасын шешу; шикізаттардың мүмкін болатын түрлерін
тауып өңдеу; энергияның жаңа көздерін табу; маңызды табиғи
химиялық процестердің механизмін анықтап, оны жасанды
жағдайда іске асыру; болашақта техникалық міндеттерді шешу
үшін қажетті жаңа заттар мен композицияларды синтедеу;
қоршаған ортаны қорғау, қалдықсыз өндірісті дамыту, т.т.
Қазіргі қоғамда әрбір адам өзінің химия ғасырында өмір сүріп
отырғанын жақсы біледі. Өйткені химия адамды сырт киіммен,
аяқ киіммен қамтамасыз етіп қана қоймай, тамақтандырып, әрі
емдейді. Олардың баспаналы болып, өмірін көркейтуіне
көмектеседі. Адамдар химияның қызметін әр сағат, әр секундта
көреді десек, артық айтқандық емес. Үйде отырып телевизор
қарау немесе қолды сабынмен жуу, тіпті автоқаламмен жазудан
бастап, ғарышқа ұшқанға дейін адам химияның өнімін
пайдаланады. Химиясыз жасанды жер серіктері, зымырындар,
планетааралық станциялар болмас еді. Сондай-ақ адам жер
тұңғиығына үңіліп, теңіз бен мұхит тереңдіктеріне бойлай
алмаған болар еді.
Егер осы заманғы химия жетістіктерін жай ғана шолып өтіп,
келешекке көз салсақ, онда ұшы қиырсыз химия әлемін елестету
қиын емес.
Химия бүгін адамзатты ағаш орнына пластмассамен, жүн, тері
бұйымдары орнына оларды жасанды алмастырғыштарымен,
зығыр, кендір, жібек, жүн маталары орнына синтездік
талшықтармен қамтамасыз етіп отыр. Ендігі бір мақсат – белок
молекулаларының құпияларын ашып, түрлі ауруларды емдеу мен
дене кемістіктерін түзету, сондай-ақ адамзатты тамақ
өнімдерімен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету.
Сондықтан ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап дәмді, хош
иісті, қоректік қасиеті мол жасанды тағамдар жасау қолға алын-
189
ауырғандықты білдіретін импульстерді тасымалдайтын жүйке
талшықтарының ұшын «бекітіп тастау». Бұл заттардың қабынуға
қарсы және ыстықты төмендететін қасиеттері де бар.
Дәрі-дәрмектер
синтездеуде біздің ғалымдарымыз зор
жетістіктерге жетуде. Мысалы, профессор С.М.Әдікеновтің
басшылығымен қатерлі ісікке қарсы қолданылатын «Арглабин»,
гепатопротекторлық
және
антиоксиданттық
қасиеті
бар
«Салсоколлин», қабыну процесіне қарсы қолданылатын
«Калиор», анти-септиктік және фунгицидті қасиеті бар
«Цепсеудин» сияқты жаңа дәрілік препараттар синтезделді.
Бүгінде химия шаруашылықтың барлық салаларында ғана
емес, күнделікті тұрмысымызда да кеңінен қолданылады. Қазіргі
уақытта ғылым мен техника жетістіктері нәтижесінде тұр-мыс
химиясы зор қарқынмен дамуда. Сондықтан әлемнің басқа
елдеріндегідей қолданылу сипатына қарай оларды былайша
топтастыруға
болады:
жуғыш
заттар,
тазартушы,
зарарсыздандырушы заттар, жиһаз бен еденді сүртуге, зиянды
жәндіктер мен өсімдіктерді жоюға арналған препараттар
(пестицидтер), ағартушы және рең беруші заттар, желімдер, түрлі
бояулар мен лактар, т.б.
Күнделікті тіршілікте, тұрмыста қолданылатын химиялық
препараттардан, дәрі-дәрмектерден кейде уланып жататын кездер
аз емес. Препараттарды қолдануға сай жазылған ескертулер мен
ережелерді оларды қолданар кезде міндетті түрде бұлжытпай
орындау керек.
Достарыңызбен бөлісу: