6. Ауыл шаруашылығындағы химия. Адам баласы сонау
терімшіліктен егіншілікке, аңшылықтан мал өсіруге көшу арқылы
біртіндеп өркениетті қоғамға қарай дамығанын ежелгі дүние
тарихынан білеміз. Мұнда жаңа, едәуір жетілдірілген
ауылшаруашылық құрал-саймандарын, мысалы, соқаны, мотор
майын ойлап табу шешуші рөл атқарды. Олар кейін агрохимия
мен малдәрігерлік химияға ұласты. Мұның алғашқысы дақылдар
түсімін арттыратын тыңайтқыштар, арамшөптер мен зиянкестерді
жою құралдарын шығарса, екіншісі – мал басын аман сақтап,
олардың
тауарлық
көрсеткіштерін
жақсартатын
емдік
препараттарды ойлап тапты.