Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет106/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

     2.  Синтетикалық  жуғыш  құралдар.  Осы  заманғы  СЖҚ 
құрамына  әр  түрлі  беттікактивті  заттар  –  БАЗ-дар  кіреді. 
Косметикалық  өнімдер  құрамына  твиндер  және  ланомин  кіреді, 
олар крем, шампунь, лосьон дайындауға жұмсалады. 
     Өсімдіктер  мен  жануарлар  майынан  алынатын  натрийлік 
сабындар  иіс  сабындардың  дәстүрлік  негізі  болып  саналады. 
БАЗ-дардың  жуғыш,  тазалағыш  заттарда,  шампуньдерде 
қолданылуы  олардың  әсер  ету  механизміне  негізделген. 
Ластанған  беттен  ласты  жақсы  кетіру  үшін  олардың 
ресорбциясына жол бермеу керек. 
     Құрамына  қарай  жуғыш  заттарды  әмбебап  және  кешенді  деп 
аталатын екі топқа бөледі. Әмбебап құралдар әр түрлі 2 – 4 БАЗ-
дан  тұрады.  Кешенді  заттар  3  түрлі  препараттар  түрінде 
кездеседі:  жуу  және  дезинфекциялау,  жуу  және  антистатикалық 
өңдеу,  жуу  және  крахмалдау  қызметін  атқаруға  арналған. 
Ағартқыш  заттар  кешенді  құралдарға  жатады.  Жуғыш  заттар 
өндірісінде химиялық ағартқыштар ерекше орын алады. Олардың 
көмегімен бетті ластайтын бөлшектер тотығады, дезинфекциялық 
қасиеті бар. 
     Тұрмыстық 
химия  препараттары  теріге  әсері  сілтілік 
қосылыстардың  қышқыл  қорғаныш  қабатын  бұзуынан,  терінің 
ісуінен,  тітіркенуінен,  майсыздануынан  білінеді.  Сабын,  жуғыш 
заттардың  ерітінділері  гидролиздену  нәтижесінде  сілтілік 
реакция  береді  де,  терінің  қорғаныш  қабатын  уақытша  бұзады. 
СЖҚ-да сілтілік тұздар көп болатындықтан, олар теріні сабыннан 
гөрі көбірек бұзады. 
     Сабындармен 
салыстырғанда  СЖҚ-ның  майсыздандыру 
қасиеті жоғары, әрі теріні құрғатып, оның ішкі жағына тез енеді. 
Тері  майынан  айырылғанда  қорғаныш  қызметі  бұзылады, 
құрылымы өзгереді, тітіркенуі күшейеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет