Глоссарий
Құзыреттілік (competenctia – лат.) – бұл өнімді іс-әрекет үшін белгілі бір
заттар және процестер аясына қатысты қажетті
білім мен әдістер жиынтығы;
бұл – білім беру даярлығына қойылатын алдын ала берілетін талаптар (норма).
Түйінді құзыреттер – жағдайды адекватты түсінуге, адамның жеке
өмірінде және кәсіби әрекетінде жоспарланған нәтижелерге жетуге мүмкіндік
беретін әрекеттің жалпы (әмбебап) мәдени жасалған әдістері.
Құзыреттілік – бұл өнімді және сапалы іс-әрекет үшін қажетті белгілі бір
заттар және процестер аясына қатысты
тұлғаның өзара байланысты
қасиеттердің жиынтығы.
Шеберлік, тұлғаның кәсіби әрекетінде ішінара және толық жүзеге асыру
–
кәсіби әрекетті сапалы,
шығармашыл орындау, жеке әрекет стилінде
тұлғаның қалыптасқан кәсіби маңызды сапаларының интеграциясы.
Принцип (лат. principium – бастама, негіз) – қандай да бір теория, оқудың,
ғылымның негізгі, бастапқы ережесі.
Кәсібилендіру немесе кәсіби бейімділік – кәсіби әрекетті білікті орындауға
қажетті мамандыққа
кіріспе және оны игеру, кәсіби өзін өзі анықтау,
кәсіби
тәжірибе жинау, тұлғаның қасиеттері мен сапаларын дамыту.
Кәсіби құзыреттілік – мамандықты жоғарғы деңгейде меңгеруді
қарастыратын және кәсіби әрекетпен байланысты әр түрлі
жағдайларда еркін
бағдарлауға негіз болатын тұлғаның жеке әрекетінің,
кәсібиліктің
құрылымында интегралды сипаттамасы.
Кәсіби даярлық немесе оқыту – кәсіби білім, іскерлік және дағдылар
жүйесін меңгеру, тұлғаның кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыру, болашақ
мамандыққа қызығушылығы мен икемділігі.
Кәсіби ұмтылыстарын қалыптастыру – өзінің индивидуалды-
психологиялық ерекшеліктерін есепке ала
отырып тұлғаның мамандықты
саналы түрде таңдау.
Достарыңызбен бөлісу: