Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет11/29
Дата19.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#44086
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
қағидаларын бөлуге болады: 
 
инклюзивті білім беруді біртұтас психологиялық-педагогикалық 
идеология және стратегия ретінде мойындау; 
 
маманның шектес пәндерге қызығушылығы, әмбебаптық пен 
жаңашылдыққа, жаңа білімдерді меңгеруге дайын болу; 
 
команданың барлық мүшелерін сыйлау, өзара түсіністік, шынайылық
өзара көмекке дайын болу; 
 
білім беру үдерісіне команданың барлық мүшелерінің теңқұқылы 
қатысуы, 
 
ортақ жұмыстың нәтижелері үшін жауапкершілік; 
 
команда мүшелерінің рөлдерін нақты бөлу, педагогикалық міндеттерді 
шешуде көбіне олардың қатысуын қадағалау.
Мамандардың командалық жұмысының негізгі бағыттарын қарастырайық 
[19]: 
Бірінші бағыт: біртұтас инклюзивті білім беру траекториясы – мектепке 
келгеннен оны бітіргенше. Берілген міндетті нәтижелі жүзеге асыру шарттары: 
• 
әрбір кезеңдерде қалыпты даму заңдылықтары мен кезеңдерін білу; 
• 
оқытудың мәжбүрлеген нормативтерін емес, әрбір жастың 
психологиялық және педагогикалық міндеттерін түсіну; 
• 
«ерекше» балалардың ерекшеліктерінің себебі мен механизмдерін 
түсінуге сүйене отырып, психикалық дамуының спецификасын есепке алу; 
• 
медикаментозды көмектің мүмкіндіктері мен қандай да бір даму 
нұсқасының клиникалық көріністерін білу; 
• 
білім берудің әрбір сатысының білім беру міндеттерін есепке алу; 
26 


• 
әр түрлі жас кезеңдерінде балалар ұжымындағы өзара әрекеттестік 
дамуының кезеңдері мен заңдылықтарын білу. 
Екінші бағыт: жалпы білім беретін мектептің инклюзивті кеңістікті 
қалыптастыру жолдары: 
• 
әр түрлі тренингтерді, соның ішінде команда жасаутренингтері; топтық 
пікірталастар; фокус-топтар; жеке кеңестер өткізу
• 
кәсіби «шеберханаларда»; өзара қолдау топтарында жұмыс жүргізу
• 
нақты проблемалы жағдайларды талдау. 
Үшінші бағыт: инклюзивті білім беру үдерісінің мазмұны. Бұл аспекттк 
пәнаралық қолдау әрекеттерінің нәтижелілігі анықталады:
• 
инклюзивті білім берудің мазмұнды аймағын анықтайтын нәтижелі 
мамандардың командасын жасаумен; 
• 
бала дамуының ерекшеліктеріне және білім беру ұйымының білім беру 
ортасына, мектеп сыныптарының құрамдалуына адекватты қарым-қатынаспен; 
• 
даму мүмкіндігі шектеулі балаға көмектің көлемі мен тиімді 
бірізділігімен; 
• 
бағдарламалық материалды жеткізу бірізділігі мен тереңдігі баланың 
мүмкіндіктеріне сәйкес құрылуымен, білім беру бағдарламаларын дұрыс 
модификациялаумен; 
• 
бірыңғай пәнаралық команда жағдайында әрекет ету үшін педагогтар мен 
басқа мамандарды әдістемелік қолдау және біліктілігін арттырумен; 
• 
ата-аналар және олардың күткен нәтижелерімен психотерапевтік 
жұмысымен.
Осындай арнайы ұйымдастырылған жұмыстың нәтижесінде даму 
мүмкіндігі шектеулі баланың білім алу қажеттіліктерін түсінуге көмектесетін, 
оның жеке даму бағдарламасын жоспарлауға мүмкіндік беретін барлық 
мамандармен бала дамуының толық көрінісі жасалады.
27 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет