Казаќстан Республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу әдістемесі (КОС)



бет11/30
Дата06.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#12647
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
Коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу әдістемесі (КОС)

Төменде берілген сұрақтарға «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беріңіз.



  1. Сіздің араласып тұратын достарыңыз көп бе?

  2. Жолдастарыңыздың көпшілігін сіздің пікіріңізді қабылдауға міндеттейсіз бе?

  3. Жолдастарыңыздың Сізге жасаған ренішін есіңізде көпке дейін сақтайсыз ба?

  4. Қиын жағдайда дұрыс шешім қабылауға Сіз қиналасыз ба?

  5. Көптеген бейтаныс адамдармен танысуға тырысасыз ба?

  6. Қоғамдық жұмыстармен айналысу Сізге оңай ма?

  7. Сізге адамдармен араласқаннан гөрі кітап оқып, уақыт өткізу ұнай ма?

  8. Өз пікіріңізден тез айнисыз ба?

  9. Өзіңізден жасы үлкен адамдармен тіл табысуыңыз оңай ма?

  10. Достарыңызбен ойын ойнап, оларға ойын үйретуді ұнатасыз ба?

  11. Сізге жаңа ортаға кіріп кеті қиын ба?

  12. Бүгінгі орындайтын жұмысыңызды ертеңге жиі қалдырасыз ба?

  13. Жора-жолдастарыңыз Сіздің пікіріңізге келісуі оңай ма?

  14. Жолдастарыңыз Сіздің пікіріңізбен келісімге келтру үшін күш саласыз ба?

  15. Жаңа ұжымға үйрену сізне қосымша қиындық туғызпды ма?

  16. Өз уәдеңізді, міндетіңізді орындамағаныңыз үшін жолдастарыңызбен ренжіспейтініңіз рас па?

  17. Қолайлы сәт кездескенде, жаңа адаммен танысуға ұмтыласыз ба?

  18. Маңызды іс-әрекетте шешім қабылдау кезде бастаманы өзіңізге жүктей аласыз ба?

  19. Сізді қоршаған адамдар мазалай ма және жеке болғыңыз келеді ме?

  20. Өзіңізге бейтаныс ортада қиналатыныңыз рас па?

  21. Үнемі көпшіліктің ортасында жүру Сізге ұнайды ма?

  22. Бастаған ісіңіз аяқталмаса ашуланасыз ба?

  23. Бір істің бастамасын қолға алсаңыз қиыншылықты сезесіз бе?

  24. Жолдастарыңызбен жиі араласқаннан шаршайтыныңыз рас па?

  25. Ұжымдық ойындарға қатысуды ұнатасыз ба?

  26. Сіздің жолдастарыңызға қатысты мәселені шешуге белсенділікті жиі қолыңызға аласыз ба?

  27. Толық қатынаста емес адамдарыдң арасында өзіңізді сенімсіз сезінетіңіз рас па?

  28. Істеген ісіңіздің шындығын дәлелддеу үшін сирек күш салатыныңыз рас па?

  29. Толық таныс емес ортаға сергітуді, көңіл көтеруді ендіре аламын деп сенесіз бе?

  30. Қоғамдық жұмыстарға қатысасыз ба?

  31. Таныстарыңыздың көп болмауын, оларды шектеуге тырысасыз ба?

  32. Сіздің ойыңыз, шешіміңіз өз достарыңыздың арасында қолдау таппаса, оны дәлелдеуге ұмтылмайтыныңыз шындық қой?

  33. Бейтаныс ортаға түскенде өзіңізді жеңіл сезінесіз бе?

  34. Өз достарыңыз үшін әр түрлі іс-шаралар ұйымдастыруға шын ниетіңізбен кірісесіз бе?

  35. Көпшіліктің ортасында сөйлегенде өзіңізді сенімді, бірқаоыпты сезінетіндігіңіз рас па?

  36. Кезесуге жиі кешігіп келесіз бе?

  37. Достарыңыздың көп екені рас па?

  38. Өз достарыңыздың ортасында жиі көзге түсесіз бе?

  39. Толық таныс емес ортада өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз бе?

  40. Таныстардың, көпшіліктің ортасында өзіңізді сенімсіз сезінетініңіз рас па?

Коммуникациялық қабілетті анықтау үшін келесі сұрақтарға жауап кілтпен сәйкес келсе 1 балл деп есептелінеді:

ИЯ ­– 1,5,9,13,17,21,25,29,33,37;

ЖОҚ – 3,7,11,15,19,23,27,31,35,39;

Ұымдастырушылық қабілетті анықтау үшін келесі сұрақтарға жауап кілтпен сәйкес келсе 1 балл деп есептелінеді:

ИЯ ­­– 2,6,10,14,18,22,26,30,34,38;

ЖОҚ – 4,8,12,16,20,24,28,32,36,40;

Әр қабілет бойынша сәйкес келген белгілерді санап шығып зерттелініп отырған қабілеттің коэффициенті төменгі формула бойынша анықталады:

Зерттелінген сынып оқушыларының көрсеткіштерін есептеп шыққанда балалардың ұйымдастырушылық және коммуникативтік қабілеттері келесі шкала бойынша бағаланды.




коэффициенті

Бағалануы

Коммуникативтік

Ұйымдастырушылық







қабілеті

кабілеті

0.10 - 0.50

Төмен

6

4

0.51 - 0.65

орта

12

8

0.66 - 0.75

жоғары

6

4

0.76 - 1.00

өте жоғары

2

2

Зерттеу нәтижесі олардың коммуникативтік және үйымдастырушылық қабілетінің төмен екенін көрсетті. Балалардың үжымдық іс-шараларға қызығушылығы жоғары болғаныменен көпшіліктің алдында өздерінің қолынан келетін әрекеттерді жасауға үялатыны, жасқаншақтық көрсетітіні анық байқалды. Осы жағдайдан оларды шығарудың ең тиімді жолдарын іздеу қажет екені анық байқалды.

Келесі кезеңде ұжымішілік қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау үшін социометриялық талдау әдістемесін пайдаландық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет