Социометрия әдістемесі.
Социометриялық талдау негізінде оқушылардың сынып ұжымындағы орны, олардың достары мен жолдастарының барлығы, ұжымішілік кіші топтардың барлығы және олардың құрылымы анықталады. Бұл зерттеу барысында бірнеше сыныптарда социлметриялық зерттеулер жүргіздік. Бұл жерде сыныпты зерттеу нәтижесін көрсетеміз.
Мақсаты: ұжым мүшелерінің бір-бірімен эмоционалдық байланысын анықтау және татулығын өлшеу.
Әр оқушының ұжымжағы мәртебесін және жағдайын тереңірек зерттеу үшін социометриялық өлшеу әдістемесімен талдау жүргізілді. Бүл әдістемені қолдану Морено үсынған вариантымен жүргізілді /52/. Тесті орындау алдында оларға жауап парақпен мыс істеу тәртібі түсіндіріледі. Жауап бланкісі алдын-ала даярланады.
Орындау ережесі: «Мен сіздерге сұрақтары бар парақ таратып беремін. Әр сұраққа терең ойланып, дұрыс жауап беруге тырыңыздар».
Жауап беру бланкісі.
Аты жөні
Оқитын сыныбы
Төмендегі сұрақтардың әрқайсысына сыныпта бірге оқитын оқушылардың үшеуінің атын жазыңыз.
1. Мектепті бітіргеннен соң кіммен достық
қарым-қатынаста боғыңыз келеді?
2. Туған күнінің кімді шақырғыңыз келеді?
Жиналған материалдырды матрица және социограмма жасап талдадық.
Топтың ұжымшылдығын, татулығын формула бойынша анықтағанда, оның коэффициенті өте жоғары (0,75) болды.
өзара таңдау 38
Р = ------------------- = ------------ = 0,75
Таңдау саны 57
Барлық материалдарды талдау бірнеше матрицалар мен социограммалар жасауды талап етті. Олардың жалпы көрсеткіштері бір-біріне сәйкес келгендіктен бүл жерде мысал ретінде тек екеуін ғана көрсеттік. Жоғарыда талдағанымыз гимназиялық 9 сынып, ал енді көрсететініміз – 5 сынып.
Әртүрлі сыныптардағы оқушылардың ұжымшылдығын, татулығын салыстырып көру үшін социометриалық талдауды бесінші сыныпта жүргіздік. Бұл сыны мектептегі ең нашар оқитын, ең бұзық, ешқандай мектептен тыс іс-шараларға қатыспайтын т.с.с. теріс мінездемеге шомылып жүрген балалар оқиды. Социометриялық талдау жүргізу үшін оқушыларға: «Туған күніңе кімді шақырар едің, өз сыныбыңнан үш адамды таңдап алып, солардың атын жазып бер», деген тапсырма ұсынылды. Зерттеу нәтижесін социоматрица және социограмма жасап талдадық.
Социоматрица бойынша талдау нәтижесінде зерттелінген сыныптағы балалардың біреуі «жұлдыз», алтауы «қалаулылар», он бала «қалаусыздар», ал екеуі «шектеулілер» қатарына жатқызылды. Осы көрсеткіштердің өзі сынып ұжымында ауызбіршілік, татулық әлі қалыптаспағандығының белгісі болып отыр.
Зерттеу нәтижелерін социограммаға түсіру арқылы сыныптағы балалардың қалаулары мен бірін-бірі қалауының жалпы көрінісін байқадық. Социограмма көрсеткіші бойынша ұлдар мен қыз балалар арасында байланыс нашар екені байқалды.
Социоматрица мен социограмма №1 және №2 қосымшаларда берілген.
Топтың ұжымшылдығын анықтау үшін барлық таңдаулар санын өзара таңдау санына бөлу керек. Бұл сыныпта ұжымшылдық, татулық өте төмен болып шықты.
өзара таңдау 8
Р = ------------------- = ------------ = 0,15
Таңдау саны 57
Социометриялық талдау нәтижесінде оқушылардың ұжымшылдығы да өте төмен болып шықты. Себебін талдағанда сынып оқушыларының басым көпшілігі бесіншіге дейін басқа балалармен, басқа сыныптарда, басқа мектептерде оқыған, ал осы топта оқып жүрген кезде өздерімен достасқысы келген балаларды таба алмағаны анықталды. Сондықтан балаларға психологиялық көмек ретінде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру тренингін өткізу керек болды.
Достарыңызбен бөлісу: |