Казақстан республикасының денсаулық сақтау


КІРІСПЕ «Энзимология негіздері»



бет3/76
Дата25.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#127467
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
КІРІСПЕ
«Энзимология негіздері» оқу құралы биохимияның ең негізгі бөлімі- энзимология, ферменттер туралы ғылымға арналған. Ерте заманда,мәдени дамудың бастапқы кезінде ақ адамдар өздерінің тіршілік әрекеттерінде әртүрлі ферментативтік процестерді кездестіріп, оларды өздерінің керекті мақсаттарына жұмсаған. Ферменттердің негізін білу – жалпы биологиялық білім алудың қажетті элементтеріне жатады, оларды оқып білу кәзіргі дәрігерлердің ғылыми ойлану жүйесін құруға, тәжірибеде қалыптасқан білімді қолдана білуге және дағдылануға көмектеседі.
Бұл оқу құралы медициналық университеттердің студенттеріне арналған, ол Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі бекіткен жоғары медициналық оқу орындары үшін биохимия пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес құралған.
Оқу құралында ферменттер туралы кәзіргі заманға сәйкес толық мәліметтер: ферменттердің жалпы қасиеттері, жіктелуі, номенклатурасы, әсер ету механизмдері, олардың активтенуі және тежелуі туралы теориялық негіздер берілген. Соныен қатар ферменттердің бұзылуынан туған аурулар мен ферменттердің қолданылуы туралы мәліметтер де қамтылған.
«Энзимология негіздері» оқу құралының жетекші идеясы – энзимология негіздері тарауында жаңа технологиялық тапсырмалар мен оқулық материал-дарын квантталған мәтіндер мен тесттер түрінде жасап, қолдануға ыңғайлы тәсілде беру. Оқулық мәтіндерінің квантталуы, яғни олардың қысқартылып, кішкене бөліктерге бөлінуі, әрбір кванттағы мәліметтерді студенттің меңгеруі-не жеңілдік туғызады. Квантты мәтіндер: түсіну, меңгеру және оны жағдаятты жағдайларға қолдана білу сатыларынан тұрады. Мұндай тапсырмаларды жү-йелі түрде орындау, келешек дәрігер-студенттің жеке білім жүйесін қалып-тастыруға жетелейді, ешкімнің күштеуінсіз, жеке қарқынмен, жеңіл тапсырмалардан күрделілеріне ауысуға мүмкіндік береді, қойған мақсатына жетуде өзіндік шешім қабылдап, соған жетуге, тапқырлық, іскерлік көрсетуге бейімдейді. Кейінгі кезде оқулық мәтіндерін кванттау-“head lines”- оқу үрдісін дамытудың маңызды түріне айналып келеді. Ол квантталған мәтіндерді түсіну, тест түрінде берілген сұрақтарды дұрыс меңгеру, алынған білімді клиникалық жағдаяттарға немесе клиникалық-теориялық жағдаяттарға қолдана білу(cases) үшін маңызды орын алып отыр.
Оқу құралы теориялық материалдан басталады, содан кейін азат жолдардан басталатын 25квантталған мәтіннен және соларға сай тестік тапсырмалардан тұрады. Тестік тапсырмалардың жауаптары оқу құралының соңында берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет