Казақстан республикасының денсаулық сақтау



бет71/76
Дата25.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#127467
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (каз)-15

Реакциялардың түрлері:

пропион қышқылы

Қымыздықсірке қышқылы


Пирожүзім қышқылы




Кетоқышқылдарының декарбоксилазаларының өкілдерінің бірі пируватдекарбоксилаза(ПДК), ол пирожүзім қышқылының декарбоксил-денуіне қатысады., нәтижесінде сірке альдегиді түзіледі (1). Мұндай реакция тек микробтардың жасушаларында жүреді, ал адамның жасушаларында ПДК тек мультиферменттердің құрамында жұмыс істейді, ол пируватдегидро-геназа(ПДГ) деп аталады. Оның құрамына пируватдекарбоксилаза, ацетилтрансфераза және НАД-қа тәуелді дегидрогеназа кіреді:





Көрсетілген ферменттер дің әрқайсысы өздерінің реакцияларын ретімен жүргізеді. Сол кезде энергия бөлінеді, ал ол ацетилтрансферазаның сірке қышқылының қалдығына қосылып макроэргиялық байланыс түзуіне жұмсалады. Нәтижесінде сірке қышқылының активті формасы түзіледі, ол активті сірке қышқылы (АСҚ) ,немесе ацетил- КоА деп аталады.



  1. Амин қышқылдарының декарбоксилазалары Құрылымы

Коферменті пиридоксаль-5'-фосфат (В6 витамині + Н3РО4) болатын екі компонентті ферменттер.
Мысалы, шіру кезінде орнитин декарбоксилденіп диамин -путресцинді, ал лизин- кадаверинді түзеді.


Биологиялық рөлі

Амин қышқылдырының декарбоксилазалары бактериялық инфекция немесе шіру процесіне, кейбір аминқышқылдарының алмасуы кезінде биогенді аминдер түзілуіне қатысады. Мысалы, ішекте лизиннің шіруінен кадаверин түзіледі және глутаматтан –ГАМҚ, триптофаннан- серотонин, гистидиннен гистамин сияқты биогенді аминдер тү-зіледі.



  1. Серотонин біртіндеп триптофаннан 5-триптофангидроксилаза ферменті арқылы(аралық 5-гидрокситриптофан түзіледі) және триптофандекарбоксилаза ферментінің әсерінен декарбоксилденгенде түзіледі.

Серотонин жүйке жүйесінің медиаторы, қантамырларын тарылтады, артериялық қан қысымын, дененің температурасын, тынысалуды реттейді.



Тирозиннен дофамин түзіледі, Дофамин- катехоламиндердің алғы заттары. 


2) Гистидиндекарбоксилаза гистидиннен гистаминнің түзілуін катализдейді.


Гистамин қантамырларын кеңітеді,қабыну процесінде түзіліп, аллергиялық реакцияларды асқындырады.



гистидин гистамин

3) Глутаматдекарбоксилаза жоғары арнайылықты фермент. Мидың сұрзатының жасушаларында қызмет етеді. Глутамин қышқылының декарбоксилденуінде γ аминомай қышқылы (ГАМҚ) түзіледі.


ГАМҚ мидң қозуын тежейді.Эпилепсияны емдеуге қолданылады(аурудың ұстамасын азайту үшін):





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет