Казақстан республикасының денсаулық сақтау


Энзимодиагностика және энзимопатиялар



бет74/76
Дата25.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#127467
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (каз)-15

Энзимодиагностика және энзимопатиялар


Энзимодиагностика - адамның биологиялық сұйықтарындағы ферменттердің белсенділіктерін анықтау арқылы ауруға (ауыру белгісіне) диагноз қою.


Энзимодиагностиканың принциптері негізделген:
жасушалық ферменттер бұзылмаған жасушалардан қанға өтпейді;
- жасуша мембранасының бұзылуынан (қабыну, некроз) қанда және басқа да биологиялық сұйықтарда(мысалы зәрде) жасушаішілік ферменттердің мөлшері артады, олардың белсенділіктерін арнайы биохимиялық тестер арқылы тіркейді;
- энзимодиагностика белгілі бір ағзада көбірек жинақталған немесе ағзаға арнайылықты ферменттерді пайдаланады;
- бөлінген ферменттердің белсенділіктерін білу үшін олардың шамасы тіндердің бұзылу дәрежелеріне пропорционал болуы керек;


Энзимодиагностиканы қолдану

Энзимодиагностика әртүрлі ағзалар ауырғанда соларға диагноз қою үшін қолданы-лады. Анализ алу белгілі бір биохимиялық зертханалардың мүмкіншіліктеріне қарай алынады және әруақытта жетілдіріліп келеді. Кең тараған келесі энзимодиагности-калық тесттер:


- жүрек ауруында (миокард инфарктысы) - лактадегидрогеназа, креатинкиназа, ас-партатаминотрансфераза, аланинаминотрансфераза. Миокард инфарктысында қанда еңбірінші болып тропонин-белогы пайда болады;
- бауыр ауруында - аланинаминотрансфераза, аспартатаминотрансфераза, ацетил-холинэстераза, гамма-глутамилтранспептидаза.
- ұйқы безі ауруында – панкреатикалық амилаза, липаза;
- простата ауруында - қышқылдық фосфатаза.


Энзимопатия


Энзимопатия (enzymopathies грек тілінде – ашытқы және азап шегу, ауыру), ферментопатия - жалпы аурудың аты немесе ағзада ферменттердің болмауынан немесе аздығынан дамитын патологиялық жағдай.
Энзимопатиияны біріншілік (тұқымқуалаушы) және екіншілік (жүре біткен) деп бөледі. Жүре біткен энзимопатия, жалпы протеинопатия барлық ауруларда байқалады. Тұқымқуалаушылық энзимопатияға: алкаптонурия, аминоацидурия, альбинизм, фенилкетонурия жатады.

Альбинизмде меланоциттердегі пигменттердің – меланиндердің синтезі бұзылған. Альбинизмде терінің пигменттенуі нашарлайды, шәш сарғаяды,қан тамыры капиллярларының көрінуінен көздің сыртқы мөлдір қабығы қызыл түсті болады. Альбинизм меланинді түзетін метаболикалық жолды ката-лиздейтін тирозингидроксилаза (тирозиназа) ферментінің жеткіліксіздігінен туады.


Алкапгонурия гомогентизин қышқылының тіндердегі тотығуының бұзылуынан туады (гомогентизин қышқылы – тирозиннің катаболизмінің аралық метаболиты). Гомогентизин қышқылының мөлшері артады да оның зәрмен шығуы байқалады. Оттектің қатысымен гомогентизин қышқылы қара түсті қосылыс алкаптонға айналады. Сондықтан мұндай аурулардың зәрі ауаның қатысында қара түсті болады.


Гирке ауруында (гликогеноздің I типі) қандағы глюкозаның мөлшері тағамдану араларында азаяды(гипогликемия). Бұл бауырдағы гликогеннің ыдырауының глюкозо-6-фосфатфосфатаза ферментінің жетіспеушілігінен глюкоза бауырдан шыға алмай қалады. Осының нәтижесінде гликогеннің бауырда жинақталуынан бауыр үлкейеді (гепатомегалия).


Сіздің назарыңызға бір, екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Дұрыс жауаптардың нөмірлерін түгел қоршаңыздар

1. ЭНЗИМОДИАГНОСТИКА НЕГІЗДЕЛГЕН:


1) тіндер бұзылғанда қанға ферменттердің түсуіне
2) ағзалық арнайылыққа
3) ферменттердің жоғары тұрақтылығына
4) белгілі бір изоферменттердің әртүрлі тіндердегі көбеюіне
5) диагностикалық маңызды ферменттердің қандағы
белсенділіктерінің төмендеуіне және жойылуына



  1. КЛИНИКАДА ҚАН САРЫСУЫНДА ИЗОФЕРМЕНТТЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АНЫҚТАЙДЫ:

1) ферменттің суббірлігін анықтау үшін
2) патологиялық процестердің жинақталуын білу үшін
3) изоферменттердің молекулалық массасын табу үшін
4) изоферменттердің электрофоретикалық қозғалғыштығын
анықтау үшін
5) тұқымқуалаушылықтан ферменттердің белсенділіктерінің
бұзылыстарын бақылау үшін



  1. ТУҒАННАН БАСТАП ФЕНИЛКЕТОНУРИЯ ДАМИДЫ БЕЛГІЛІ БІР ФЕРМЕНТТІҢ ЖОҚТЫҒЫНАН:

1) тирозиноксидазаның


2) фенилаланин-4-гидроксилазаның
3) гомогентизин қышқылы оксидазасының
4) аминооксидазаның
5) ксантиноксидазаның

4. ІРІҢДІ ЖАРАҚАТТАРДЫ СУТЕК ПЕРОКСИДІМЕН ЖУАДЫ, БІРАҚ ОЛ УАҚЫТТА КӨБІРШІК ПАЙДА БОЛМАЙДЫ. ОНЫҢ СЕБЕБІ:


1) онша терең емес жара
2) жарада іріңнің көбеюі
3) каталазаның туа болмауы
4) пероксидазаның жетіспеуі
5) темірдің ағзада болмауы

5. ДӘРІГЕР БҰЛШЫҚ ЕТ ДИСТРОФИЯСЫНА ДИАГНОЗ ҚОЮ ҮШІН АУРУДЫҢ ҚАНЫНА АНАЛИЗ ЖАСАУҒА ОНЫ БИОХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНАҒА ЖІБЕРДІ. МҰНДАЙ АУРУДА ҚАНДАЙ ФЕРМЕНТТІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТАДЫ:


1) аланинаминотрансферазаның
2) креатинкиназаның
3) колагеназаның
4) гиалуронидазаның
5) глутаминазаның
6. МИОКАРД ИНФАРКТІСІНДЕ АУРУДЫҢ ҚАНЫНДА ФЕРМЕНТТІҢ ШАМАСЫ КӨБЕЙЕДІ:
1) ЛДГ1,2
2) АлТ
3) креатинкиназа
4) моноаминооксидаза
5) карбоангидраза

  1. АУРУДЫ ТЕКСЕРІП ҚАРАҒАНДА ОҒАН АЛКАПТОНУРИЯ ДИАГНОЗЫ ҚОЙЫЛДЫ. БҰЛ ПАТОЛОГИЯ ҚАНДАЙ ФЕРМЕНТТІҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІНЕН БОЛАДЫ:

1) гомогентизин қышқылының оксидазасы
2) фенилаланингидроксилаза
3) тирозиназа
4) тироксингидроксилаза
5) моноаминооксидаза
8. ГЕПАТИТ, МИОКАРД ИНФАРКТЫСЫ КЕЗІНДЕ АУРУДЫҢ ҚАН ПЛАЗМАСЫНДА КЕНЕТ АЛАНИН- мен АСПАРТАТАМИНОТРАСФЕ-РАЗАНЫҢ ШАМАСЫ АРТАДЫ. БҰЛ ЖАҒДАЙДА ФЕРМЕНТТЕРДІҢ ҚАНДАҒЫ МӨЛШЕРЛЕРІНІҢ АРТУ СЕБЕБІ:
1) тіндегі амин қышқылдарының ыдырауының артуы
2) тіндегі амин қышқылдарының синтезінің артуы
3) гормондар арқылы ферменттердің белсенділіктерінің артуы
4) жасуша мембранасының зақымдануы, содан ферменттердің
қанға түсуі
5) пиридоксиннің жетіспеушілігі

9. ПАЦИЕНТ ДӘРІГЕРГЕ КҮН КӨЗІНДЕ ЖҮРЕ АЛМАЙТЫНДЫҒЫНА ШАҒЫМДАНДЫ. КӨЗДІҢ КӨРУІ НАШАРЛАДЫ, ТЕРІДЕ ІСІК ПАЙДА БОЛДЫ. ШӘШТАРЫНДА, КӨЗДЕРІНДЕ ЖӘНЕ ТЕРІСІНДЕ ПИГМЕНТ ЖОҚ. АЛЬБИНИЗМНІҢ ДИАГНОЗЫ ҚОЙЫЛДЫ. ОЛ УАҚЫТТА ЖЕТІСПЕЙТІН ФЕРМЕНТ:


1) тирозиназа
2) аргиназа
3) карбангидраза
4) альдолаза
5) гистидиндекарбоксилаза

10.АУРУҒА ЖЕДЕЛ ПАНКРЕАТИТ ПЕ ДЕП КҮДІКТЕНГЕНДЕ ЖАСАЛАТЫН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ АТАҢЫЗ:


1) қанның жалпы анализі
2) ЛДГ-нің белсенділігі
3) аланинаминотрансферазаның белсенділігі
4) зәрдегі және қандағы амилазаның белсенділігі
5) қандағы қанттың деңгейі

11. ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚ ГЕНЕТИКАЛЫҚ КЕМІСТІК АДАМ АҒЗАСЫДАҒЫ КЕЙБІР ФЕРМЕНТТЕРДІҢ СИНТЕЗІН БҰЗАДЫ. ЛАКТОЗАНЫҢ ЫДЫРАУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫН ҚАНДАЙ ФЕРМЕНТТІҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ ТУДЫРАДЫ:


1) лактаза
2) мальтаза
3) сахараза
4) амилаза
5) пептидаза


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет