Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»


Мемлекеттік басқарудағы (этикалық норма) ережелері



бет16/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58
Байланысты:
multi-88118 x993771891

6. Мемлекеттік басқарудағы (этикалық норма) ережелері
Мемлекеттік басқарудағы тәжірибелік қызметте принциптерді, ережелерді, этикалық нормаларды басшылыққа алады, олар басқарудың дұрыс тәжірибесінің жалпы көрінісі ретінде болады. Оның ішіндегі маңыздылары мыналар болып табылады:
1.Өкілеттіктер мен жауапкершіліктер үйлестігі. Уәкілеттілік — ол шешім қабылдау ережесі; жауапкершілік-уәкілеттіктің келесі беті. Басшы қатаң шектелген уәкілеттіктер алады және алдын ала анықталған жауапкершілік көлемін алады.
2. Басты бөлімді анықтау. Бастыға (басымдықты) салалар, әлеуметтік-экономикалық проблемалар үйлеседі, оның дамуы мен шешімінен барлық қоғам жағдайы тәуелді болады. Басты бөлімде алдын ала мақсатты бағдарламалар жасалады, олар басымдықты материалдық-қаржылық қамтамасыз етуге ие болады.
3. Комплектілік. Басымдықтарды қамтамасыз ету барысында басқа да салаларды тиісті түрде дамыту қарастырылады, әсіресе аралас салаларды дамыту қарастырылады.
4. Бірлескен бағыныштылық. Кіші нысандардың мүдделері неғұрлым ірі нысанның мүддесінен жоғары бола алмайды. Басқарушылар мен басқарылатындардың иерархиялық тізбегінде әрбір орта звено басқарушы мен басқарылушы рөлінде бола алады. Жеке мүдде жалпыға бағынады.
5. Бірегейлік. Атқарушы тікелей басшыдан ғана тапсырма алады.
6. Бастамшылық. Атқарушының шаралар жоспарын ерікті түрде орындауы және оны орындауы.
7. Мақсаттың оған қол жеткізу құралдарына сәйкестігі. Мақсат үнемі құралды ақтамайды. Мақсатқа қол жеткізудегі рұқсат етілген бағаны, орындауы мен жазалауға мәжбүрлеу көлемін анықтау. Осы принципті қоғамның радикалдық қайта құрылуы барысында сақтау маңызды болып табылады.
8. Уақытылы шешім қабылдау. Бір мақсатқа жету үшін оған қол жеткізудің тіпті диаметралдық қарсы жолдары да ұсынылады: мысалы, біреулер көркеюдің бір жолын капитализмнен көреді, ал басқалары социализмнен көркею жолын көреді. Стартта бағдарламаның шынайылығын анықтау мүмкін емес, қандайда бір жолдағы практикалық қадамдар ғана сын ретінде бола алады. Бір орында тұрғаннан гөрі байқап көру арқылы, қате шешімдер қабылдай отырып алға жылжыған дұрыс.
9. Желілік және қызметтік қызметтердің үйлестігі. Желілік басшы басқарудағы көптеген қызметтерді орындау қиынға соғады, ол үшін көптеген білім салаларынан дайындық қажет. Сондықтан желілік басқарушылар қызметтік органдар арқылы жүзеге асырылады, олар жекелеген басқару қызметтері бойынша білікті мамандардан тұрады. Күрделі жүйенің басшысы желілік басшылардың қызметін бағыттайды, біріктіреді және координациялайды.
10. Басқарушылық міндеттер былайша шешілуі керек, онда жаңа проблемалар туындамау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет