Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»



бет17/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58
Байланысты:
multi-88118 x993771891

7. Мемлекеттік қызметі
Мемлекет әр түрлі қызметтерді жүзеге асырады және олардың барлығы қандайда бір деңгейде жүйелер арқылы және басқару аппараты арқылы жүзеге асырылады. Басқару қызметіне мемлекетің барлық қызметтері кіреді, сондықтан мемлекеттің қызметі және мемлекеттік басқару қызметі бірдей ұқсас түсінік болып табылады.
Мемлекеттік экономикалық рөлі меншіктік қатынастарды институционалдық қайта құруды реформалау болып табылады және экономикалық тиімділік пен әлеуметтік әділдік арасындағы баланстылықты құру болып табылады, олар мына түрде көрінеді: реттеуші; қайта бөлуші; әлеуметтік; бақылау.
1.Реттеуші қызмет мыналар арқылы көрінеді: 1) мемлекеттің қызмет ету салалары болады, онда ол алдыңғы қатарды алады (мысалы, қорғаныс, әлеуметтік көмек және т.б.), 2) мемлекет экономикалық саясатты институционалдық жүйе арқылы жүзеге асырады, 3) мемлекет жеке меншік иесі болып табылады және экономиканың кәсіпкерлік секторындағы әр түрлі құрылымдармен өзара әрекеттеседі. Реттеу саласына мыналар жатады: кәсіпкерлік саласы, қолма қол емес ақшамен есеп айырысу, сыртқы экономикалық қызметтер, валюталық курс, экономикалық қауіпсіздік, қоғамдық сектор.
2.Қайта бөлу қызметі. Құрылған ұлттық табыс оны өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қайта бөлу нысаны болып табылады. Ондай қайта бөлу механизмі ол салық және бюджеттік жүйе болып табылады.
3. Әлеуметтік қызмет. Мемлекет әлеуметтік әділдікті қолдайды және қоғамдық жағдайдың қандайда бір деңгейін қолдап тұрады, өмір сүру минимумын кепілдейді, еңбек ақының тиісті көлемде өсуін және еңбек өнімділігінің артуын, тұрғындарды жұмыспен қамтуды кепілдейді. Осы қызметтерді жүзеге асыру үшін мемлекеттің қаржылық-экономикалық әлеуеті маңызды рөл ойнайды. Осы қызметті жүзеге асыру экономиканың қоғамдық секторы сұранысын кеңейтумен байланысты. Осы қызметті жүзеге асыру механизмі мыналар болып табылады: әлеуметтік трансферттер жүйесі, республикалық, аумақтық және жергілікті деңгейлердегі дамудың әлеуметтік бағдарламалары, мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды, мекенжайлық әлеуметтік көмекті мемлекеттік әлеуметтік қорғау жүйесі.
4. Бақылау қызметі. Мемлекет қоғамның әлеуметтік-экономикалық бағытын құрады, экономикалық және әлеуметтік өсудің жағдайларын анықтайды кәсіпкерлік қызметтің шарттарын анықтайды, ұзақ мерзімдік, орта мерзімдік және ағымдағы экономикалық және әлеуметтік бағдарламалар жасайды, оны орындау бақылау нысаны болып табылады. Осы қызметті жүзеге асыру мемлекеттік бақылау органдары арқылы қамтамасыз етіледі, оның ішінде қаржылық сонымен қатар институционалдық жүйелер. Осы қызметті жүзеге асыру механизмі ол көрсеткіштер жүйесі және критерийлер олар әр түрлі деңгейлердегі құқықтық актілерде тіркелген, санкциялар жүйесі, марапаттаулар мен жеңілдіктер, қоғамды әлеуметтік-экономикалық дамытудың басымдықтарын таңдау болып табылады.
Мемлекеттің экономикалық рөлі мен қызметтері қаржылық саясатты анықтайды және әлеуметтік-экономикалық процестердің реттеу әдістерін анықтайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет