Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»



бет13/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58
Авторитарлық басқару орта деңгейдегі адам бастапқыда жұмыстан қашады, адал емес, жауапкершіліктен қашады, өзін басқаруға белсене кіріседі. Сондықтан еңбек тиімділігін арттыру үшін оны мәжбүрлеп бақылау керек. Оны тек орталықтандырған билік қана қамтамасыз ете алады. Басқарудың авторитарлық басқаруы барысында жауапкершілік пен бақылау негізінен жоғары деңгейде ғана шоғырланған; көшбасшы көп жеке билікке ие қол астындағылар оның нұсқаулығы негізінде ғана әрекет етеді.
Басқарудың демократиялық стилі анархизмге жақын, ал авторитарлық тоталитаризмге жақын. Анархиялық бақылау барысында ешкім де оқиғаның табиғи өрбуіне заңдардың еркін ойындарына факторларға араласпайды. Жауапкершілік өз бетінше мақсатты түрде бөлінеді деп болжанады. Тоталитаризм мемлекеттің толық (тоталды) түрдегі қоғам өміріне араласуы оны бақылауы.
Халық өзіне мақсатты және уақытқа сай адамдарға игілік әкелетін экономикаға пайда келтіретін және адал болып көрінген билік түрін таңдайды. Формасына қарамай мемлекеттік жүйеге бірінші кезекте тұрғындардың кедейлігі, әлеуметтік және басқа да дискриминациялық түрлер қауіп төндіреді.
2. Координациялық және субординациялық басқару
Мемлекеттік құрамына кіретін әкімшіліктік, ұлттық мемлекеттік басқару жүйесінің бірлік координациялық және субординациялық болуы мүмкін. Координациялық басқару федерация немесе конфедерация формасында жүзеге асырылады. Федерацияның бір тұтас мемлекеттік басқару органы бар ал конфедерацияда жоқ. Федерация мүшелерінің жеке конституциясы, заңнамалық, атқарушылық сот органдары бар. Осыған байланысты мемлекеттік басқарудың бірегей федералды құрылады; жалпы азаматтылық, ақша бірлігі анықталады және т.б. конфедерация барысында оны құрушы мемлекеттер толығымен тәуелсіздік сақтайды өздерінің мемлекеттік билік органдары мен басқармалары болады. Нақты бір мақсатқа қызметті координациялау үшін (жоғары саяси, әскери және т.б.) мемлекет бірлескен органдар құрады
Субординациялық басқару қатаң әкімшіліктік бағынуға төменгі лауазымдық тұлғаларға әсер етуге, жоғары басқару органдарынан түскен команданы орындауға мәжбүрлеуге базаланады. Ол унитарлық мемлекетке тән, олардың құрамында федеративтік бірліктер жоқ, олар әкімшіліктік-аумақтық бірліктерге бөлінеді (облыстар, аудандар және т.б.). Унитарлық мемлекетте барлық билік деңгейлеріндегі билік өкілдері бір нормативтермен әрекет етеді, басқару аппараты қоғамдық жүйе қажеттіліктеріне жақсы жауап береді, билік мүлдем бөлінбейді. Субординациялық басқаруға бұрынғы КСРО мемлекеттік жүйесі мысал бола алады, онда билік республиканың партиялық комитеттеріне, өлкеге, облыстарға тиесілі болатын, олар Орталық комитеттің директивасы бойынша әрекет етті.
Қазақстан Республикасы унитарлық мемлекет болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет