Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»



бет14/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58
3. Салалық және аумақтық басқару
Басқарылатын нысанға әсер ету бойынша нысан салалық (функционалды) және аумақтық басқару болып бөлінеді. Салалық басқару орталықтан кәсіпорынға дейін вертикальды бірлескен бағынуды көрсетеді. Ол министрлік арқылы басқаруда тиімді түрде жүзеге асырылып отыр, ол салада бірегей техникалық саясатты жүзеге асырады, қажетті сала ішілік және сала аралық пропорцияларды қамтамасыз етеді. Соңғы уақыттарда салалық басқару рөлі төмендеп келеді. Жоғары технологиялар кәсіпорын аясын кеңейтуді талап етіп отыр; мәселенің шешімі көбінесе салалар тоғысында жатыр. Мысалы, химиялық кешен жеңіл өнеркәсіп тапсырысы бойынша құрылуы мүмкін. Сондықтан сала аралық басқару органдары акционерлік негіздегі әсер етуші корпорация алдыңғы қатарға шығып отыр.
Аумақты басқару Қазақстанда екі билік көзі арқылы жүзеге асырылады: республикадағы мемлекеттік билік органы, жергілікті өзіндік басқару. Ол өндірісті дұрыс орналастыруға, мамандандыруды тереңдетуге және аумақты кешенді түрде дамытуға, оны экономикалық және әлеуметтік деңгейде теңестіруге құрылған және мемлекеттік аумақтық саясаттың басқа да міндеттерін шешуге құрылған. Ол құқықтарды шектеумен қамтамасыз етіледі және республикалық және аумақтық билік органдарының жауапкершіліктерімен шектеледі.
4. Әкімшіліктік және экономикалық басқару
Басқару нысандарының мүдделерін есепке алу әдісі бойынша әкімшіліктік және экономикалық басқарулар ерекшеленеді. Әкімшіліктік басқару олардың көзқарастарына қарамастан рұқсат беру, тыйым салу, мәжбүрлеу арқылы әсер етеді. Әкімшіліктендіру қандайда бір басқарудың қажетті компоненті болып табылады, оның аумағы әр түрлі болуы мүмкін. Басқарудың бірнеше деңгейіндегі атқарушы орган құрамында ол өзіндік ерекшеленуші мәнде және лауазымды тұлғаны жұмысқа тағайындау және жұмыстан босату, марапаттау, жазалау арқылы жүзеге асырылады. Экономиканы мемлекеттік реттеуде әкімшіліктендіру қызмет түрлерін лицензиялау арқылы экспортты, импортты квоттау және басқа да жағдайларда жүзеге асырылады.
Нарықтық экономикада мемлекеттік орган саласында қалып отырған және әкімшіліктік әдістер арқылы шешілетін проблемалар аз емес. Онда да олар таза нарықтық болып саналады: инвестицияны, жалға алушы жұмыстарды конкурстық негізде орналастыру және т.б.
Экономикалық басқару басқару нысандарына жанама түрде әсер етеді, яғни шаруашылық заңнамалары арқылы, қаржылық, ақша және кредиттік мемлекеттік саясат арқылы әсер етеді. Тікелей директивтік мәжбүрлеу мен марапаттау жоқ. Басқару нысандары әрекет ету түрлерін таңдауда еркін егер де олар заңнамаға қарсы болса ол мемлекетке келтірген шығынының орнын толтырады. Мысалы, салық төлемегені үшін айыппұл салынады және басқа да санкциялар қолданылады.
Мемлекет кәсіпорындағы бәсекелестікті сақтау мақсатында жеке кәсіпкерлік принциптерін пайдалана отырып сенімгерлік басқаруды енгізеді. Ол иелік ету қызметінен басқару қызметін бөліп қарастырады, оларды келісімшарт бойынша мемлекеттік басқару органымен жеке тұлғалар жүзеге асырады арнайы басқарушылар арқылы кәсіби басқаруға трансформацияланады. Басқарушылармен мемлекеттің қатынастары биліктік бағыныштылықпен емес формальды қатынаста жүргізіледі. Мемлекеттік менеджмент нарықтық шаруашылықтың барлық артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді және қоғамдағы ірі капиталистік меншік иесімен қатынастар барысындағы бір тектес емес қатынастардағы әлеуметтік шиеленісті жұмсартады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет