Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»



бет27/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   58
Субординациялық басқару қатаң әкімгершілік бағынуға, басқару органдарының төменгі қызметтік тұлғаларға әсер етуге, басқарудың жоғарғы органдарынан түсетін бұйрықтарды орындауға күштеуге негізделеді. Басқарудың бұл түрі өзінің құрамында федеративтік бірлік жоқ, әкімгершілік-территориялық бірліктерге (облыс, аудан, т.б.) бөлінетін унитарлық мемлекетке тән. Унитарлық мемлекетте барлық деңгейдегі билік органдары бірыңғай нормативтер бойынша жұмыс жасайды, басқару аппараты қоғамдық жүйенің қажеттіліктеріне жауап береді, сол сияқты биліктің бөлінуі іс жүзінде болмайды. Субординациялық басқарудың мысалы ретінде бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік жүйесін алуға болады.
Басқарылатын объектіге әсер етуіне байланысты салалық (функционалдық) және территориялық басқару болып бөлінеді. Салалық басқару – орталықтан бастап кәсіпорынға дейінгі параллельді вертикальді бағынушылықтың болуын пайымдайды. Басқарудың бұл түрі министрліктер арқылы тиімді жүзеге асады. Министрліктер салада бірыңғай техникалық саясатты жүзеге асырады, қажетті ішкі салалық және салааралық пропорцияларды қамтамасыз етеді. Функционалдық басқаруды қамтамасыз ету үшін мына бағыттарда атқарушы билік органдары құрылады: экономика, әлеуметтік даму, қорғаныс, мемлекеттік қауіпсіздік, т.б. бұл мемлекетке тиісті ішкі және сыртқы саясатты жүргізуге мүмкіндік береді. Мысалы, экономика саласындағы атқарушы билік органдары орталықта, аймақтарда мынадай функцияларды орындайды: болжау мен жоспарлау, меншікті басқару, кәсіпкерлікті реттеу, аквестициялар, салық салу, қаржыландыру, сыртқы экономикалық байланыстар және т.б.
Территориялық басқару – Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік билік органдары арқылы, жергілікті өкілетті және атқарушы органдары арқылы, жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады. Территориялық басқару өндірістің тиімді орналасуына, аймақтардың тереңірек мамандануына, кешенді дамуына, олардың экономикалық, әлеуметтік даму деңгейін теңестіруге және басқа да мемлекеттік аймақтық саясаттың міндеттерін шешуге бағытталған.
Басқару объектісінің мүддесін есепке алу тәсілдері бойынша әкімгершілік және экономикалық басқару болып бөлінеді. Әкімгершілік басқару – басқарушылардың мүдделеріне рұқсат беру, тиым салу, күштеу шараларын олардың пікірін есепке алмастан қолдану көмегімен тікелей әсер ету шараларын қосады. Бірнеше деңгейдегі басқаруы бар атқарушы органдар құрылымында ол тағайындау, жұмыстан босату, ынталандыру, қызметтік тұлғаларды жазалау арқылы жүзеге асырылады. Экономикалық басқару – басқару объектілерінің мүддесіне шаруашылықтың заңдар арқылы, қаржылық, ақшалық және несиелік мемлекеттік саясат арқылы әсер етеді. Тікелей директивті күштеу немесе ынталандыру жоқ. Басқару объектісі әрекеттер вариантын таңдауды ерікті, алайда ол заңға қайшы болған жағдайда мемлекетке келтірілген шығындарды өтеуі тиіс. Мысалы, салықты төлемегенде айыппұл салынады немесе басқа да санкциялар қолданылады.
Мемлекет кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін сақтау мақсатында кәсіпкерлік принциптерін пайдалану арқылы сенімділік басқаруды енгізеді. Ол иелік функцияларын басқару функцияларынан бөліп көрсетеді. Мемлекеттік кәсіпорындар шаруашылықты жүргізу құқында немесе оперативтік басқару құқында басқарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет