Шаруашылықты жүргізу құқы мемлекеттен меншік иесі ретінде мүлік алған және оны ҚР Азаматтық Кодексімен белгіленген шекарада және басқа да иеліктің құқы, осы мүлікті пайдалану мен басқару бойынша, заңдық актілер бойынша белгіленген шекарада жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқы болып табылады. Оперативті басқару құқы меншік иесінің немесе мемлекеттік кәсіпорынның есебінен қаржыландырылатын, мүлікті меншік иесінен алған және өзінің қызметінің мақсаттары бойынша меншік иесінің тапсырмасы, мүліктің мақсаттылығы, иелік құқы, осы мүлікті пайдалану мен басқару құқы бойынша заңда белгіленген шекарада жүргізілетін заттық құқы болып табылады.
Антикризистік мемлекеттік басқару– кәсіпорынның банкротқа ұшырауының алдын алу үшін және банкроттық процедурасын жүргізу үшін енгізіледі, ол тапсырыс келісімі бойынша белгіленген борышкер – кәсіпорынның арбитраждық және конкурстық басқарушылары арқылы басқаруды қосады.
Қабылданған шешімдердің орындалу мерзіміне қарай басқару оперативтік, тактикалық және стратегиялық болып бөлінеді. Оперативтік басқару – сұрақтың күтілмеген, қажетсіз бағытта толқуында туындайтын ағымдағы сұрақты шешуге бағытталған. Ол нақты, сандық міндеттерді қояды және де қалыптасқан жағдайдан шығудың қолайды вариантын таңдау арқылы ситуациялық тәсілді пайдаланады. Тактикалық басқару –стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру үшін нақты іс-әрекеттерді бейнелейді. Сонымен бірге, белгілі бір кезеңде алынған нәтижелерді стратегиялық жоспардың көрсеткіштерін салыстыру арқылы жүргізеді. Стратегиялық басқару –жалпы елдің немесе жекелеген сала, объект, территорияның даму мәселелері бойынша ұзақ мерзімдік бағыттағы мақсаттар мен міндеттерді анықтайды, басқарудың әрбір звеносына қызмет бағытын береді. Стратегиялық басқару мемлекеттің жалпы курсымен байланыстырылады, саяси курсты жүзеге асырады [18].
Стратегия келесідей болып бөлінеді:
Жалпы экономикалық - өсім тұрақтандыру, дағдарыстан шығу, құрылымдық қайта құру стратегиясы;