үндестігі өткен дәуірдегі сапасынан әлсіреді, оны таңбалаудың
қажеті жоқ деп санады.
Ал орыс миссионерлері еңбектеріндегі мысалдарда бір-де
еріндік дыбыстардың сөз соңына дейін таңбалануы, бірде
таңбаланбауы ерін үндестігінің екінші, үшінші буыннан кейін
әлсірей бастағанының фактісі деуге болады. Мысалы,
В.В.Радлов еңбектерінде көп буынды сөздердің үшінші
буынына дейін ғана ерін дауыстылары таңбаланған. Себебі,
зерттеушінің ойынша, түркі тілдерінде ерін үндестігі кеш пайда
болған, дамымаған, сондықтан ауытқу жиі.
Сөйтіп, ХХғ. басындағы төл жазуымыз – А.Байтұрсынұлы
жазуында сингармонизмнің тек лингвалды түрі ғана кодифика-
цияланды. Тіпті у дыбысының алдынан ұ, ү емес, ы, і әріптерін
жазу керек деген: “
Барып демей,
барұп, келіб демей,
келүб деп
жазатын болсақ,
алұу, барұу, келүу деп жазуға болады” дейді.
Осы арқылы (тіл үндестігі арқылы) А.Байтұрсынұлы қазақ
тілі сингармонизмін қырғыз тілінің еріндік сингармонизмі-нен,
татар тілінің жіңішке езулік (ә) сингармонизмінен айырып
көрсеткенге ұқсайды дейді белгілі ғалым Н.Уәлиұлы.
Сонымен, бірінші уәж жалпы қазақ жазуының ұстанымының
теориялық негіздерінен шықса, келесі уәждер тіл фактілері мен тіл
тарихынан ізделеді. Қазақ тіліндегі ерін үндестігінің әлсіздігін
морфемалардың кірігу процесінде тек жуан-жіңішке езулік
айналасына топталатынан да көруге болады. Бұл процес-ке
байланысты Қ.Жұбановтың мына дерегі қызық:
ыштан сөзі
іш
және
тон сөздерінен бірігіп жасалған;
сілтеу есімдігі
о ды-
бысынан
ы дыбысына айныған:
ол+сол=>o+co=>o+cы;o=>ы.
“Еріншіл дауыстылардың аяқ буынында сақталып тұра алма-уына
көне түркілік
йағмұр сөзінің қазақ тілінде
жаңбыр болып
айтылатындығы да дәлел (ұ>и) бола алады” дейді ғалым.
Сондай-ақ
бұл жыл=>биыл,
іш+құр=>ышқыр,
тұғын=>тын, барған соң=>барғасын, аздан соң=>аздасын
болып қалыптануы
да тіл үндесімінің жетекшілігін дәлелдейтін
сияқты. Тіл тари-хынан бірінші буындағы еріндіктің езулікке
ауысқан фактілерін кездестіреміз:
ұт-ат, ұда-атқа.
Үшіншіден, әліпбидегі дауыссыз әріп аттары жеке айтылғанда,
бір дауысты не аяғынан, не алдынан қосылып айтылады. Ол ашық
езулік те, қысаң еріндік те емес, қысаң езулік- <ы> фонемасы (
бы,
Достарыңызбен бөлісу: