ө дыбысы үшінші бітеу буында сирек айтылады да, ашық буын-ды
жоғарыдағы түбір сөздерден басқа жағдайда, мысалы, түбір мен
жалғау жағдайында үшінші буын е болып дыбыстала-ды. Болмаса
өзінен еріндігі әлсіз ү болып айтылады. Мысалы:
көркемдік – көркөмдүк, өзенге – өзөңге, көркемдеу – көркөмдеу.
Тіліміздегі ерін үндестігінің жаппай қамтитын құбылыс емес
екенін жалғаулар арқылы білуге болады. Жалғаулар қатарында ө-
мен келетін еріндік варианттар жоқтың қасы. Сондықтан сөз
ашық буынды болса да, үшінші буындағы жалғау езулікпен ай-
тылады. Мысалы: төбеле – төбөле, төпеле – төпөле.
Мына сөздерді айтылу нормасына сай жаттығып көріңіздер:
төбеден – төбөден төбелес – төбөлес төлдеме –
төлдөме төменде – төмөнде төпелеу – төпөлеу
төредей – төрөдей
Жалпы, ұ, ү ерін дауыстылары алғашқы үш буында естіліп,
айтылады да, ары қарай солғындайды. Мысалы: сүйініш –
сүй
ү
нүш, сүйінішсіз – сүй
ү
нүшшіз, түскіліктің – түскүлүктің,
тұзды – тұздұ, тұщылық – тұшшұлұқ, борышсыз – борұшшұз,
құйыну – құй
ұ
нұу, құйыршық – құйұршұқ, құйрықты – құйрұқтұ,
құзғындық – құзғұндұқ, құбылу – құб
ұ
лұу, құбыжық – құб
ұ
жұқ,
құбылыс – құб
ұ
лұс. Ал ө дыбысымен айтылған екінші буыннан
кейінгі і әрпі ү дыбысына ұқсап, айтылып барып, ерін үндестігі
солғындайды. Мысалы: төбесінің – төбөсүнің, көгершін –
көгөршүн. Сондай-ақ көбөлөк, дөңгөлөк сияқты үш буынға дейін
ө-мен айтылатын сөздерде ерін үндестігі төрт буынға да бара-
ды: көбелектің – көбөлөктүң, дөңгелекті – дөңгөлөктү, бірақ
көбелекке – көбөлекке, дөңгелекке – дөңгөлөкке.
Бұл құбылысқа байланысты мына бір ерекшелікті көрсете
кетуге болады. әліпбидегі у таңбасы ұу және үу дыбыс тіркес-
терін, не үнді дауыссыз дыбысын беретіні белгілі. Мысалы: су
– сұу, суық – сұуұқ, бу – бұу, сурет – сүурөт, тулақ – тұулақ,
қуаныш – құуаныш, қуат – құуат. Бірінші буындағы ұ, ү
дауыстыларының әсерінен екінші-үшінші буында жазылатын
езулік дыбыстар еріндікке айналады. Мысалы: қуғын – құуғұн,
қуқыл – құуқұл, құжыңдау – құужұңдау, қулық – құулұқ, шулы
– шұулұ, тумыс – тұумұс, туылу – тұуұлұу, туырлық –
тұуұрлұқ, туыс – тұуұс, тумыш – тұумұш.
Сондай-ақ у дауыссыз дыбысынан басталған буын
құрамындағы езуліктер де еріндік болып айтылады. Мысалы:
тауық – тауұқ, сауық – сауұқ, бауыр – бауұр, сауыр – сауұр,
туыс – тұуұс, туылу – тұуұлұу, сауу – сауұу, сауылу – сауұлұу,
туу – тұуұу, суу – сұуұу, серуен – сер
ү
уөн, серуендеу –
сер
ү
уөндеу, керуен – кер
ү
уөн, керуенбасы – кер
ү
уөмбасы.
Соңғы мысалдардағы буын санын ықшамдау үшін және ашық
буыннан қашу мақсатында екі бітеу буын аралығындағы ү, ұ
148
149
дыбыстары жартылай немесе толық түсіріліп (редукцияланып)
айтылады. Осы қатарға шаруа – шар
ү
уа, меруерт – мер
ү
уерт
сөздері де жатады.
Мына сөздердің айтылу сазын сақтап жаттығыңыздар:
рәсуа – рәс
ү
уә қонағуар – қонағ
ұ
уар
керуен – кер
ү
уөн серуен – сер
ү
уөн сәруар
– сәр
ұ
уәр меруерт – мер
ү
уөрт пәруана –
пәр
ү
уәна пәтуа – пәт
ү
уа шаруа – шар
ұ
уа
қалуа – қал
ұ
уа белуар – бел
ұ
уар сөзуар –
сөз
ұ
уар
Ал екі бітеу буындағы еріндіктердің көрші буынға әсері
алдыңғыларға қарағанда әлсіздеу болатынын білген жөн. Оның
үстіне, екінші буындағы ы, і дыбыстарына қарағанда, е езулігін
өзгерту тіпті қиын. Сондықтан мұндайда екінші буындағы ды-
быс таза е де, таза ө де емес болып айтылады. Қараңыз: құрмет
– құрмөт , құрметте – құрмөтте, сүрме – сүрмө, сүрмелеу –
сүрмөлеу, сурет – сүурөт. Е мен ө-нің арасындағы аралық реңкті
Достарыңызбен бөлісу: |