Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет115/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   287
Байланысты:
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826

Оқуға арналған материалдар
Орхон әліпбиі
Орхон   жазу   үлгісін   құрайтын   жазулар   Орхон,   Тул,   Сэлэнге
дарияларының маңында сақталған. Олар ұстынға ойып жазылған
үлкен ескерткіштер мен майда жазулар. Үлкен ескерткіштер:
1. Күлтегін мәтіні (б.з. 732 ж.)
2. Біліге қаған мәтіні (б.з. 735 ж.)
3. Тұй-ұқұқ мәтіні (б.з. 738 ж.)
4. Күллі-чор мәтіні (б.з. 740 ж.)
5. Орда-балық мәтіні (б.з. 832 ж.)
6. Тэс (Тез) мәтіні (б.з. 751 ж.)
7. Теркін мәтіні (б.з. 753 ж.)
8. Моғойн шинэ-ус мәтіні (б.з. 760 ж.)
9. Сүжі мәтіні (VIII ғасыр соңы)
10. Онгин мәтіні (б.з. 716 ж.)
Майда жазулар:
11. Тайхар-чулу жазуы I-XXXIV (б.з. VI-X ғ.ғ.)
12. Их – Асхат (VIII ғасырдың басы) жазуы
13. Ғурвалжин – Ула (Гурвалжин – Уул) жазуы (VIII ғасыр)
14. Ар – Ханан (Бұлған аймағы) жазуы (VII ғасыр)
15. Хангидай – ход жазуы (VIII ғасыр)
16. Жарғалант хан жазуы (Кентай аймағы)
17. Зүрдийн-овоо (Завхан аймағы) (VIII ғасыр)
18. Их бичигт жазуы (VIII ғасыр)
19. Ғурван-мандал (Үш күмбез) жазуы (VI-VIII ғ.ғ.)
20. Тұй-ұқұқ кешен сылағының жазуы I-II (738 ж.)
21. Баға-Ғазар (Кіші жер) жазуы (VIII ғасыр)
22. Их Ханұ-нур жазуы (VIII ғасыр)
23. Идер жазуы (VII ғасыр)
24. Чойрэн жазуы (VIII ғасырдың басы).
Үлкен   ескерткіштердің   барлығы   да   ұстынға   ойып   жазылған.
Ойып,   қашап   жазу   үшін   ең   алдымен   тас   таңдалады.   Одан   соң
таңдап  алған тасты формаға келтіріп  бетін  тегістейді.  Одан соң
тущь немесе сия бояумен ұстын бетіне суреттер мен мәтінді сыз-
ып, жазып шығады. Келесі кезекте жазылған мәтіннің әрбір әріп
кескіндерінің үстінен қылауышпен (киста) ерітінді жүргізеді. Бұл
ерітіндіні арнайы қоспалар қосып күкірттен дайындайтын болған.
Әріп   кескіндерінің   үстінен   жүргізілген   ерітінді   гра-нит   тасқа
тиген жерін құмдақ етіп босатып, ары қарай қашауға мүмкіндік
туғызады.   Қылауыш   (қыл   қалам=киста)   арқылы   ерітінді
жүргізілмесе   гранит   тастағы   минералдардың   орналасқан   жігі
қашауға   ырық   бермей   жан-жаққа   ұшып   кетеді.   Осыдан   ба-рып
ұстынға   сызылған   сурет,   оймалар,   әріп   кескіндері   дұрыс
қашалмайды.   Осылайша   5-6   сатылы   әрекеттің   нәтижесінде   ес-
керткіш ұстын дайындалып отырған.
Қ.   Сартқожаұлы   «Байырғы   түрік   жазуы:   алфавит   жүйесі
және фонологиясы» докторлық дисс. қолж., 2008.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет